Медбикелік іс- әрекет 3 түрлі қатысуды жоспарлайды:
тәуелді
тәуелсіз
өзара тәуелді
Тәуелді – дәрігердің нұсқауымен орындалатын медбикенің іс-әрекеті, мысалы әр 4 сағат сайын антибиотиктер инъекциясын салу, таңғышты ауыстыру, асқазанды жуу т.б.
Тәуелсіз – дәрігердің нұсқауынсыз өз ойымен қабылдаған және өз ықыласымен жүзеге асырылатын іс-әрекеттер.
Мысалы:
емделушінің өзін-өзі күтуіне көмек көрсету.
емделушінің денсаулығы жөнінде кеңес беру;
емделушінің бос уақытын ұйымдастыру;
емделушінің күнделікті белсенділігі мен демалысын дұрыс ұйымдастыру жөнінде нұсқау беру т.б.
Өзара тәуелді қатысу – дәрігер немесе денсаулық сақтау жүйесінің басқа маманымен бірлесіп қызмет ету. Мысалы: физиотерапевт, емдік дене шынықтыру маманы т.б.