«мейіргер ісі негіздері» ПӘні бойынша мейіргерлік технологиялар стандарттарының жинағЫ



бет122/155
Дата08.12.2022
өлшемі0,49 Mb.
#161884
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   155
Байланысты:
Кәсіби стандарт МІ-1

Қантты анықтауға зәрді жинау


Мақсаты: зәрдегі қанттың мөлшерін анықтау.
Қолдану көрсетілімдері: қант диабеті, инсулин дозасын есептеу.
Дайындаңыз: бір рет қолданылатынконтейнерді,сыйымдылығы 3л таза, құрғақ шыны банкілерді, мөлшерленген ыдысты, шыны таяқшаны, этикетканы жазып, контейнерге желімдеп, жапсырыңыз (бөлімшесі, палата №, зерттеу мақсаты, науқастың аты-жөні, күні, 1 тәулікте бөлінген зәрдің жалпы мөлшері, мейіргердің қолы), қолғапты,қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.


Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Зәрді зерттеуге жинау тәртібі туралы науқаспен нұсқау жүргізіңіз.

  2. Таңертеңгі сағат 6-да науқас қуығындағы зәрді унитазға босатуы қажет.

  3. 3 литрлік банкіге бөлшек белгісін салыңыз: қағаз жолақтарын жапсырыңыз, өлшемді ыдыс көмегімен 100 мл суды үстеп құйып, көлем көрсетілімдерін жазыңыз (100, 200, 300 мл әрі қарай).

  4. Бір тәулікте барлық бөлінген зәрді 3 литрлік банкіге науқас жинауға тиісті (таңғы 6-дан келесі таңғы 6-ға дейін).

  5. Қолғапты киіңіз.

  6. 3 литрлік банкідегі бір тәуліктікдиурезді(зәрдің жалпы мөлшерін) өлшеңіз.

  7. 3 литрлік банкідегі барлық зәрді мұқият түрде шыны таяқшамен араластырыңыз.

  8. 100-150 мл зәрді контейнерге құйыңыз (жолдамаға бір тәулікте бөлінген зәрдің жалпы мөлшерін көрсетіңіз).

  9. Лабораторияға жолдаманы жазыңыз(бөлімін, палатасының №, зерттеу мақсатын, науқастың аты-жөнін, зерттеу мақсатын, күнін,бір тәуліктебөлінген зәрдің жалпы мөлшерін,мейіргердің қолын көрсетіңіз).

  10. Жиналған зәрді клиникалық лабораторияға апарыңыз.

  11. Қолғапты шешіп,контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.



Ескерту:
Қалыптағы зәрде глюкоза іздін түрінде болады, 0,02 промильден жоғарламайды. Зәрдегі қанттың болуы (глюкозурия) физиологиялық және патологиялық болуы мүмкін.
Физиологиялық глюкозурия тағаммен көп мөлшерде көмірсуды енгізгенде байқалады, эмоционалдық шиеленісушіліктен кейін, кейбір дәрі-дәрмектерді қолданғаннан кейін (кортикостероидтар).
Патологиялық глюкозурия қант диабетінде, тиреотоксикозда, Иценко-Кушинг синдромында, гемохроматозда байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   155




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет