8.Ұйымдастыру кезеңі:
35 мин (6%)
•
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
•
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
•
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру:
35 мин (15%)
10. Жаңа сабақты түсіндіру
. 60 мин (30%)
Подагра (грек. podagra — аяқ үшін қақпан) — организмде зат алмасу процесінің
бұзылуынан қанда несеп қышқылының артуы мен оның тұздарының буындарда, дене
мүшелерінің басқа тіндерінде жиналуынан пайда болатын созылмалы ауру.
Подаграның дамуына жиналған урат (несеп қышқылының тұздары) түйіршіктерін
организмнен шығаратын әр түрлі ферменттер қызметінің бұзылуы, сондай-ақ ет және
майлы тағамдарды, бұршақты көп пайдалану, ішімдікті мөлшерден көп ішу, аз қозғалу
себепші болады. Подаграның тұқым қуалайтын түрлері де бар. Подаграмен әдетте 40
жастан асқан ер адамдар жиі ауырады. Аурудың белгісі бір немесе бірнеше буындардың
қабынуынан (артрит) аяқ астынан, негізінен түнде басталады. Ең алдымен аяқтың бармағы
(әдетте бас бармағы) зақымданады. Зақымданған буын ісініп, терісі қызарады, дене қызуы
38 — 40oС-қа көтеріліп, қалтырайды. Дерттің қозуы бірнеше күнге созылады. Ұстаманың
қайталауы жиілей берсе, ауру созылмалы түріне ауысады. Бұл кезде тері астына жиналған
урат түйіршіктері түйін-түйін болып, негізінен шынтақ және тізе буындарынан бұлтиып
білінеді. Урат түйіршіктерінің бүйрек тіндерінде жиналуы да жиі байқалады. Бұл өте
қауіпті, себебі, несеп шығару жолдарында тас жиналу процесі жылдамдайды. Емі:
ауырғанды басатын дәрі-дәрмек қабылдау, сұйық тағам және минералды су ішіп, курортта
арнайы ем қабылдау. Сондай-ақ дәрігердің нұсқауымен физиотераПодагра ем, массаж
жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |