«Мейірім» мектеп – интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ногайбаева Раушан Колхозбаевнаның жұмысы туралы пікір.
Ногайбаева Раушан Колхозбаевна – ізденімпаз, жаңашыл ұстаз. Мектеп-интернатта өткізген ашық сабақтары жоғары деп бағаланып келеді. Оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беріп келеді. Қоғамдық жұмыстарға белсенеараласатын, жауапкершілігі жоғары, еңбекқор ұстаз екендігі анықталды.
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы «Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» ұйымдастырған «Жаңартылған білім беру жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау технологиясы» тақырыбында өткен облыстық семинарға қатысты. Тараз қаласы, 2018 ж.
«Қазақстан Республикасында арнайы (түзету) білім беру жағдайында педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын аяқтады.
Республикалық «Білім айнасы» газетінің редакциясы ұйымдастырған
«педагогтардың шығармашылық дағдыларын дамыту» атты семинар-тренингі,
Тараз қ-ы, 2018 ж;
Республикалық «Білім айнасы» ғылыми-танымдық журналында «Бауыржан Момышұлының нақыл – тәрбие көзі» тақырыбында мақала, Астана қ-ы, 2018 ж.
Қ.Р Білім және Ғылым Министрлігі Әл-Фараби атындағы ҚАЗ ҰУ ұйымдастырған «Әлемдік әдеби дамудағы жаңа бағыттар» атты халықаралық ғылыми – теориялық конференция материалдар жинағында «Абай танудың ғылыми негіздері» тақырыбында мақала, Алматы қ-ы, 2015 ж;
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкердің арттыру институты ұйымдастырған. «Жаратылыстану – гуманитарлық бағытындағы пәндерді оқытудағы оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбындағы облыстық ғылыми – практикалық материалдар
«Мектептегі өзіндік жұмысты орындаудағы мұғалімнің ролі» мақала Тараз қ-ы, 2014 ж.
.Ногайбаева Р.К. ұжымда, оқушылар арасында беделді, сыйлы ұстаз. Түсінетіндігін, өзін психологиялық жағынан даярлау міндетін, ұстамдылығын, өз ойын, еркін жеткізе білетіндігін, эмоциялық тұрақтылығын, әлеуметтік қарым-қатынас жиынтығын меңгергендігін, бала бойына ұлттық құндылықтарды жинақтауға ықпалының зор екендігін көрсете білді.
Сарапшы әдістемелік бірлестігінің жетекшісі: Бурханова А.Р.
«Мейірім» мектеп – интернатының бірінші санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ногайбаева Раушан Колхозбаевнаның жұмысы туралы пікір.
Ногайбаева Раушан Колхозбаевна өмірден тоқығаны мол, кемел ойлы тұлға ретінде жақсы білеміз. Ол күш – жігерін, мол тәжірибесін туған еліміз – Қазақстанды қорғай білетін мамандар даярлауға аямай жұмсап келеді. Әрдайым, қарапайым адамдардың мұң – мұқтажына терең бойлап, әркімге жақсылық жасауға құштарлы. Біліктілігі мен іскерлігі орайлы ұштастыра отырып, білім беру ісіне үлесін аянбай қосып келеді. Ол талантты өз мамандығын жете меңгерген, қызметкерлер алдында ерекше беделге ие болған жан. Жинаған тәжірибесін тәлімгер жәнеақылшы ретінде кейінгі жастарға жеткізуден жалықпайды.
Игі істеріңіздің қашанда оңға басуына, әр қадамыңыздың қарымды болуына, ел қоғам алдында абыройының арта беруіне тілектестік білдіреміз.
Ногайбаева Раушан Колхозбаевна ұйымдастыруқабілет жоғары, балалармен тез тіл табыса білетін, мектепте ата – ана, оқушылар мен әріптестердің арасында беделді ұстаз. Өзінің біліктілік санатын жоғарылатуға істеп жатқан еңбегі лайық деп сенім білдіремін.
Сарапшы кәсіподақ мүшесі: Алмабекова А.
«Мейірім» мектеп – интернатының бірінші санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ногайбаева Раушан Колхозбаевнаның жұмысы туралы пікір.
Ногайбаева Раушан Колхозбаевна өз пәнін оқытудың теориясы мен әдісін жетік меңгерген тәжірибелі ұстаз. Осы мектепте еңбек ету мерзімінде өз пәнімен оқыту және тәрбиелеу жұмыстары бойынша мол тәжірибе жинақтаған, жұмысына жоғары жауапкершілікпен қарайтын еңбекқор, білікті маман екенін танытуда.
Оқушыларды жан – жақты тәрбиелеу барысында әртүрлі тақырыпта сынып сағаттарымен, сыныптан тыс жұмыстар жүргізеді. Мектепте шәкірттерге тәрбиені терең сіңіру қажет деп есептейтін маман әр жұмысының жоспарлы мазмұнды өтуіне айрықша көңіл бөледі. Өйткені тәрбиешінің оқушылар мен өткізген әрбір уақыты мен сүйіспеншілігінің жан – жақты дамуына ықпал жасайды.
Ногайбаева Раушан Колхозбаевна ұйымдастыру қабілеті жоғары, балалармен тез тіл табыса білетін, мектепте ата – ана, оқушылар мен әріптестердің арасында беделді ұстаз. Өзінің біліктілік санатын жоғарылатуға істеп жатқан еңбегі лайық деп сенім білдіремін. Білім саласында көптеген жылдар бойы жауапкершілікпен атқарған қызметі үшін «Нұр Отан» партиясының құрмет грамотасымен марапатталды.
Сарапшы қазақтілі мен әдебиеті пәнініңмұғалімі: Сатаева З.К.
«Мейірім» мектеп – интернатының бірінші санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ногайбаева Раушан Колхозбаевнаның жұмысы туралы пікір.
Ногайбаева Раушан Колкозбаевнақазақ тілі мен әдебиеті пәнініңмұғалімі оқушыларға сапалы білім беру жолында үздіксіз жұмыс атқарып келеді. Өзі оқытатын сыныбының оқушыларының таным – белсенділігін, ойлау – қабілетін, қызығушылығын арттыру мақсатында жаңа технология әдістерін пайдалана отырып әр оқушылармен жеке жұмыс атқарып есте сақтау, зейіндік қабілетін дамытуға, пәнге деген қызығушылығын арттыруға жетелейді. Оқу үрдісінде инновациялық оқыту әдістемесін өз тәжірибесінде пайдалану арқылы жұмысын нәтижелі ұйымдастыруға, көрнекіліктерді және техникалық құралдарды оның мазмұнына сай қолдануға, тәрбие жұмысының сапалы деңгейін көтеруге айрықша назар аударады. 2018 – 2019 оқу жылында «Тіл тағдыры – ел тағдыры», «Алтын ұя- мектебім», «Қазақшаңыз қалай»,«Ұшқыр оймен шешен тіл» атты мерекелік іс – шараларда жауапкершілікпен атсалысты. «Деңгейлеп саралап оқыту» технологияларын пайдалана отырып қазақ тілі пәнінен «Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері», «80 – жылдардан бергі ақындар айтысы», «Сөз тіркесі» тақырыбында ашық сабақтар өткізді. Сабақтары жоғары денгейде бағаланып, мұғалім өз мақсатына жетті.
Сарапшы сурдопедагог : Әбдіманапова Б.
«Мейірім» мектеп – интернатының бірінші санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ногайбаева Раушан Колхозбаевнаның жұмысы туралы пікір.
Ногайбаева Раушан Колкозбаевна қазақ тілі мен әдебиеті пәнініңмұғалімі. 5 «А» сынып жетекшісі. Ол ата – аналармен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Жас ұрпаққа сапалы білім,саналы тәрбие беруде жаңашылдықпен жұмыс жасайтын ұстаз. Балама тек білім берумен ғана шектелмей, сонымен қатар оның дені сау, сөйлеу, есту қабілетіне, мәдениетті де әдепті болуына көп жұмыс жасайды. Мұғалім өз мамандығына шынайы берілген, шығармашылық ізденістегі тәжірбиелі мұғалім. Сөйлеу қорын молайтатын қима – қағаздар, анаграмма, көрнекіліктерді қолдана отырып, әр баламен жеке жұмыс жүргізеді. Менің баламның сабаққа ынтасы жақсы. Мұғалім, баламның әрбір сөйлеген сөзі, жасаған әрбір іс – қимылы, тіпті киген киімі, жүріс – тұрысына дейін қадағалап, ақыл – кеңес айтып, тәртібін жақсартып, оқуға ынталандыра біледі. Қорыта айтқанда, Ногайбаева Раушан балама білім үйрете жүріп, ыстық ықыласпен ақыл – кеңес айтып, оқуға ынталандыра біледі. Жұмысына тиянақты, жауапкершілігі зор әрбір іске мақсаттылықпен, жан – жақтылықпен қарайды. Өзінің біліктілік санатын жоғарылатуға істеп жатқан еңбегін лайық деп сенім білдіремін.
Сарапшы ата – ана: Малимбаева И.А.
Достарыңызбен бөлісу: |