-ХІІ ғ. Керейіт мемлекетінің шарықтау шегі Маркус пен Құршақұз хандар кезі.
- Құршақұз хан хандықты оң, сол, орта бөліктерге бөлген. Балаларына жерді бөліп беріп, әрқайсысы өз билігін бір-бірінен алыста жүргізгенін қалаған. «Егер олар бір-біріне жақын тұрса- тебіседі, ал алыс тұрса-кісінеседі» деген.
Тоғрұл хан (Торы хан) «Ван хан»
-ХІІ ғ. ІІ жартысында Тоғрұл хан басқарған кезде мемлекеттің аумағы өсіп, нығайды. 80-жылдардың басындаТоғрұл моңғолдардың жас қолбасшысы Темучинге қолдау көрсетті. Осы әрекеті арқылы өзінің моңғолдар арасындағы ықпалын нығайтуға тырысты. Біраз уақыт Тоғрыл хан керейіт- найман одағының жетекшісі болды.
- «Уаң хан немесе Ван хан» -«ұлыс билеушісі» лауазымы- Тоғырылға шұршіт ханы Вангин Чинсан берген лауазым.
-Торы ханның ордасында болашақ билеушілер мен көсемдер Темучин, Жамұқа саяси және елшілік істерге тәрбиеленген