-«Қыпшақ»этнонимі алғаш рет 760 жылы жазылған көне түркі руна ескерткішінде кездеседі.
-Қыпшақтар VІІІ ғасырда этнос ретінде Орталық және Шығыс Қазақстан аумағында қалыптасты.
Этникалық бірлестігі
1. Батыс бірлестік: 11 тайпа: елбөрілі, тоқсоба («9 тайпалы»), йетиоба («7 тайпа»), дурут («төрт тайпа»). Тоқсоба әулеті басқарған Батыс қыпшақ бірлестігі Дунайдан Еділге дейінгі аумақты иеленді.
2. Шығыс бірлестік :16 тайпа: 8 негізгі тайпа, 8 ұсақ тайпалық бөлімшелер.Елбөрілер руынан шыққан хандар басқарған Шығыс қыпшық бірлестігі Еділден Алтайға дейінгі аумақты қоныстанған.
-Шығыс және Батыс қыпшақ бірлестіктерінің шартты шекарасы Еділ (Волга) өзені.
Ел бөрілер
-Қыпшақ тайпаларының ішіндегі ең беделдісі. Қыпшақ хандары осы тайпадан шығып отырған.
-ХІІІ ғ. парсы тарихшы Жүзжани: «ер бөрілі» тайпасын хан әулетінен» деп атаған.
ХІ-ХІІІ ғ.басы
Түркі тілдес қимақ, оғыз, құман, ежелгі башқұрт тайпалары да Қыпшақ бiрлестiгiне енген.
ХII ғасыр
Арал маңын жайлаған қаңлы, қарлұқ, жікіл тайпалары Қыпшақ бiрлестiгiне енген.