«мектебім-мейірім мекені» білім күнінің салтанатты жиынын өткізудің ТҰжырымдамасы «Білім күні»



бет3/3
Дата07.09.2023
өлшемі25,29 Kb.
#180439
1   2   3
Байланысты:
1-қыркүйек 24.08 каз

Салтанатты іс-шараның мақсаты: жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында білім алушылардың бойында білімнің басымдылығы мен маңыздылығын және жағымды көңіл-күй, оң көзқарас қалыптастыру.
Міндеттері:
- білім алушылардың бойында оқуға құштарлыққа ұмтылысын қалыптастыру;
- білім алушылардың бойына отаншылдық, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту;
- өзара құрмет пен түсіністікке негізделген мектеп мәдениетін қалыптастыру.
Салтанатты іс-шараға келесі өкілдердің қатысуы ұсынылады:
- жергілікті атқарушы органдар;
- бөлімдердің/білім басқармаларының басшылары;
- қамқоршылық кеңесінің мүшесі;
- оқушылардың ата-аналары/заңды өкілдері;
- азаматтық қоғам және бизнес өкілдері.
Сынып сағатының шеңберінде ұлттық құндылықтардың, патриотизмнің, адалдықтың, адам өміріндегі бір-біріне деген құрмет пен сенімнің рөлін талқылауға ерекше назар аударылады.
Сынып сағатын өткізу кезінде кәсіби қызметінде елеулі жетістіктері бар, еңбексүйгіштік, білімге деген ұмтылыс және отаншылдық құндылықтарының жарқын көрінісі болып табылатын құрметті қонақтың қатысуы ұсынылады.
Сынып сағатының мақсаты: білім алушылармен бірге білімге ұмтылу, отаншылдық, еңбексүйгіштік құндылықтарының адам өміріндегі рөлін талқылау.
Міндеттері:
- білім алушыларға құндылықтар жөнінде жалпы ақпарат беру;
- білім алушылармен бірге құндылықтардың адам өміріндегі рөлін талқылау;
- отаншылдық, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту;
- сыныптың жағымды микроклиматын және жаңа оқу жылына жағымды көңіл-күй қалыптастыру.
Ұсынылады:
- балалардың жазғы демалыстан алған әсерлерін, сондай-ақ жаңа оқу
жылынан күтулерін талқылау;
- заманауи интерактивті технологияларды, қосымша көрнекі құралдарды қолдану, мұражай, кітапхана ресурстарын пайдалану.
Бірыңғай сынып сағатын өткізу кезінде білім алушылардың жас ерекшеліктері мен олардың дайындық деңгейі ескерілуі тиіс.
Білім күні білім алушылар, олардың ата-аналары мен педагогтері арасында әлеуметтік желілерде 1-2 минуттық бейнеролик орналастыру бойынша «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық», «Менің сүйікті мектебім», «Менің алғашқы ұстазым» республикалық онлайнакциясын Bilim_quni хэштегімен өткізу ұсынылады.
Білім күніне арналған салтанатты іс-шаралардың және бірыңғай сынып сағаттарының материалдары білім беру ұйымдары және білім басқармаларының сайттарында орналастырылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет