14.04.2008 жыл
Мектеп басшыларына!
Қалалық «Абай оқулары» 24 сәуірде (2008 ж.) № 38 орта мектепте өтеді. Байқаудың мақсаты: мектеп оқушылары арасында Абай және Шәкәрім шығармаларын насихаттау,олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын,тұлғалық сезімін,мәдениетін дамыту,оқушыларды Абай поэзиясына,ұлы ойшылдың мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу,тарихи танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана- сезімдерін , өмірлік айқындамаларын қалыптастыру. Қалалық «Абай оқуларына» республикалық байқау ережесіне сай 5- 11 класс оқушылары үш бағыт бойынша қатыстырылады : I бағыт: «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» - Абай мен Шәкәрім өлеңдерін жатқа оқу конкурсы (ұлылардың шығармаларын көбірек жатқа білетін оқушыға жоғары баға қойылады); II бағыт: «Көңілім әнді ұғады» - Абай мен Шәкәрім әндері мен күйлерін орындаушылардың конкурсы; III бағыт: «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» - жас дарындар конкурсы ( өз шығармаларын орындау: өлеңдер, әндер, күйлер). Байқау қорытындысы бойынша әр бағыттан 1 орын алған оқушылар облыстық Абай оқуларына жолдама алады. Қалалық байқауға қатысу үшін қалалық білім бөлімі атына сұраныс жіберу керек. Қатысушылардың класы 7 кластан басталса дұрыс.
Сұранысты №36 кабинетке әдіскер А.Тамашеваға әкеліп тапсыру керек.
Сұранысқа төмендегі мәліметтер міндетті түрде кіреді.
р/с
|
Бағыттары
|
Оқушының аты-жөні (толық)
|
класы
|
Пән мұғалімі
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Бір оқушының мүмкіндігінше бірнеше бағытқа қатыспағаны дұрыс.
Әдіскер А.Тамашева
Мектеп басшыларына!
3.04.08 күні жіберілген қатынасқа өзгерту енгізілді. І6 сәуір күні өткізіледі деп хабарланған « Қазақ тілінің үздік оқытушысы» облыстық байқауы 18 сәуірге шегерілді .
Сондықтан тізім бойынша көрермендікке қатысушылардың 18.04. күні Ақтөбе пединституты ғимаратының № 329 а бөлмесіне барулары сұралады.
Әдіскер А. Тамашева
Қазақ тілінен орыс кластары үшін 11 сыныпқа
( физика- математикалық бағыт) арналған емтихан билеттері
№1-билет
1.Отаным –Қазақстан
2.Мәтінді орысшадан қазақшаға аудару
3.Фонетикалық талдау
№ 2- билет
1.Жер-Ана
2 Мәтінді орысшадан қазақшаға аудару
3.Сөз құрамына талда
№ 3-билет
1.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандары
2. «Қолхат», «Хабарлама» жаз.
3. Сөздерге морфологиялық талдау жаса
№ 4-билет
1.Мұхиттар
2.Фразеологизмдер туралы айтып бер /5-6 мысал келтір/
3.Сөйлемдерді толықтыр.
№ 5-билет
1.Жәнібек пен бала /10-сынып/
2.А.Құнанбаевтің табиғат тақырыбына жазылған бір өлеңін оқып бер.
3.Синонимдер қатарын толықтыр.
№ 6-билет
1. Математика.
2. Өтініш, Хабарландыру жаз
3. Сөйлемдерге морфологиялық талдау жаса.
№ 7-билет
1.Қазыбек шешен
2.Мәтінді орысшадан қазақшаға аудару
3.Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын қойып жаз.
№ 8-билет.
1.Органикалық заттар.
2.Болашақ мамандық туралы сұхбат құр.
3.Сөйлемдерді толықтырып жазыңдар.
№ 9-билет.
1.Қазақтың ұлттық тағамдары.
2.Наурыз мейрамы .(баталарын жатқа айту)
3.Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құра
№10-билет
1.Қонақ күту
2.Қонаққа шақыру рәсіміне сұхбат құр
3.Берілген сөздерді дұрыс байланыстырып, сөйлем құрап жаз
№11-билет
1.Мұны әрбір Қазақстан азаматы білуі тиіс.
2.Сөйлемдерді орысшадан қазақшаға аудару
3.Көп нүктенің орнына тиісті етіс жұрнақтарын қойып жаз
№12- билет
1.«Тіл туралы Заң»
2.Досыңа немесе өзіңе мінездеме жаз
3.Сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса
№13- билет
1.Шәкәрім Құдайбердиевке- 150 жыл
2. «Білім», « Ынтымақ» туралы мақал- мәтелдерді жатқа айт
3.Жай сөйлемдерден құрмалас сөйлем жаса
№14- билет
1.Қазақстан Республикасының саяси жүйесі
2.Ш.Құдайбердиевтің өлеңдерінен жатқа айту
3.Сөйлемдерге грамматикалық талдау жаса.
№ 15-билет.
1.Сот.
2.Қазақтың батыр қыздары туралы әңгімеле.
3. Синонимдер қатарын жаса.
№ 16-билет.
1.Қоқыс өртесеңіз айып төлейсіз.
2.Қазақтың тұңғыш ғарышкері туралы әңгімеле.
3.Берілген етістіктердің шақтарын анықтаңдар.
№ 17-билет.
1.Көне түркі ескерткіштері.
2.Әбу Насыр әл-Фараби туралы әңгімеле.
3.Етістіктерді бұрынғы өткен шақ түрінде жазыңдар.
№ 18-билет.
1.Қазақстанның халықаралық қатынастары.
2.Абай-ақын,сазгер,ойшыл.
3.Сөздердің түбір мен қосымшаларын анықтаңдар.
№19-билет.
1.Киіз үй.
2.Қазақ халқының тұңғыш педагогі –Ы.Алтынсарин.
3.Омоним сөздердің мағынасын ажыратып, сөйлем құраңдар.
№ 20-билет.
1.Үлкен білім ошағы.
2.Ғылым академиясының тұңғыш президенті-Қаныш Сәтбаев туралы сұхбат құр.
3.Бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемге талдау жаса.
№ 21-билет.
1.Инженерлік іс және техникалық даму.
2.«Ауылым»(сөзі:Ж.Бейсенов;әні Т.Базарбаев) әнін айтып бер.
3.Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазыңдар.
№22-билет
1.Үміткерлер шетелде білімдерін жетілдіреді
2.Қазақ халқының әшекейлері туралы сұхбат құр
3.Құрмалас сөйлемге синтаксистік талдау жаса
№23- билет
1.Америкада оқығың келсе...
2.Халық батыры- Наурызбай
3.Сөйлемдерді орысшадан қазақшаға аудар
№24- билет
1.Астанаға саяхат
2.Туған қалам – Ақтөбе туралы әңгімеле
3.Жұмбақтарды шешейік
№25-билет
1.Үкімет
2.Жыр алыбы – Жамбыл
3.Сөздерді сөз құрамына талда
11-сынып үшін қазақ тілінен емтихан билеттері (қоғамдық-гуманитарлық бағыт)
Билет № 1
1. Қазақстан Республикасының рәміздері туралы сөйлем құрастыр.
2. Үндестік заңы.
3. Фонетикалық талдау.
Билет № 2
1. Атамекен, ел туралы әңгімеле.
2. Сөз мағыналары.
3. Берілген сөздерге синоним, антоним тап. Омоним сөздердің мағыналарын ажырат.
Билет № 3
1. Әбу Насыр әл-Фараби туралы әңгімеле.
2. Сөз құрамы.
3. Берілген сөздерді құрамына қарай талда.
Билет № 4
1. Сүйінбай батыр туралы әңгімеле.
2. Етістер.
3. Берілген етістіктерден етістер жаса, сөйлем құрастыр.
Билет № 5
1. Шоқан Уәлиханов туралы әңгімеле.
2. Шылаулар.
3. Керекті шылауларды пайдаланып, сөйлемдерді толықтыр.
Билет № 6
1. Қазақстан – тәуелсіз мемлекет.
2. Етістіктің шақтары.
3. Сөйлемдердегі етістіктердің морфологиялық талдауын жаса.
Билет № 7
1. Халық батыры Қабанбай
2. Етістіктің райлары.
3. Берілген сөздермен сөйлем құра.
Билет № 8
1. Кеңес Одағының Батырлары М. Мәметова мен Ә. Молдағұлова туралы әңгіме құра.
2. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып бер.
3. Мәтіннен құрмалас сөйлем тауып, синтаксистік талдау жаса.
Билет № 9
1. Шешендік сөздер.
2. Мәтінді қазақшадан орысшаға аудар.
3. Сөйлемдерді толықтыр.
Билет № 10
1. Киіз үй.
2. Жай сөйлем түрлері.
3. Берілген сөйлемдерді талда.
Билет № 11
1. Тіл құдіреті туралы (Н. Назарбаев « Туған тілім – тірегім»)
2..Тіл туралы мақал –мәтелдерді орыс тіліне аудар.
3. «Туған тіл» Ғ. Тоқайдың өлеңін жатқа айт. Зат есімдердің септігін анықта.
Билет №12
1. Дастарқанға нан қалай келді?
2. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі .
3. Берілген сөздердің фонетикалық талдауын жаса.
Билет №13
1. Бөлтірік шешен.
2. Өздік етіс. Өзгелік етіс..
3. Берілген сөздерден етістерді жасап. Сөйлем құра.
Билет № 14
1. Еліміздің Ата Заңы.
2. Стильдер туралы түсінік.
3. Мәтінді оқып, мазмұнын ат, қай стильде жазылғанын анықта.
Билет № 15
1. « Жеті Жарғы» заңдар жинағы
2. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі.
3. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін тап.
Билет № 16
1. Ертегіні айтып бер
2. Сөйлемдегі сөздердің бір-бірімен байланысу тәсілдері және түрлері.
3. Мөтінді оқып ,сөйлемдегі сөздердің байланысу жолдарын анықтаңдар.
Билет № 17
1. Мәдениет дегеніміз не?
2. Берілген сөйлемдерді қазақшаға аудар.
3. «Шешенің балаларын сүюі» М. Дулатұлының өлеңін жатқа айт.
Билет № 18
1. «Менің болашақ мамандығым» тақырыбы бойынша әңгімеле.
2. Білім-өнер туралы мақал-мәтелдерді айтып бер.
3. Мәтінді түсініп оқы. Бастауыш пен баяндауышты тап, олардың байланысу түрін
анықта.
Билет № 19
1. Іс қағаздардың түрлері.
2. Өмірбаян дегеніміз не ? Өмірбаяныңды жаз.
3. Берілген іс қағаздың мәтінін орысшаға аудар. Қай түріне жатады ?
Билет №20
1. Қазақ халқының ұлы ғалымдары туралы айтып бер.
2. Ұ лы адамдардың нақыл сөздерін жатқа айт.
3. Сабақтас құрмалас сөйлемдердің талдауын жаса.
Билет № 21
1. Біржан Қожағұлұлы.
2. Сабақтас құрмалас сөйлемнің баяндауыш тұлғаларының жасалуы
3. Көп нүктенің орнына қажетті тыныс белгілерін қойындар
Билет № 22
1. Шәкәрім .
2. Шәкәрімнің өлеңін жатқа айт.
3. Әңгімедегі антоним, синоним сөздерін тауып, жаз.
Билет № 23
1. Наурыз мейрамы.
2. ҚР –ның «Тіл туралы» заңы туралы әңгімелеп бер.
3. Ана тілі туралы нақыл сөздерді орысшаға аудар.
Билет №24
1. Қазақстан Республикасының дүние жүзі елдерімен қарым-қатынасы.
2. Есім сөздер.
3. Мәтінді оқып, қазіргі қолданыстағы сөздерге морфологиялық талдау жаса.
Билет № 25
1. Қазіргі қазақ тілі.
2. Сөз құрамы.
3. Берілген сөздерді құрамына қарай талда.
А. Тамашева
Достарыңызбен бөлісу: |