Мектеп директоры: ж



бет2/4
Дата02.06.2022
өлшемі46,02 Kb.
#145783
1   2   3   4
Байланысты:
лагерь жоспар

Алматы облысы
Жамбыл ауданы
Қайназар орта мектебі
Тақырыбы:
Ішек-қарын және ішек құрты ауруларының алдын алу
Дәрігер Кандышева Г


Жаз 2017 жыл
Ішек-қарын және ішек құрты ауруларының алдын алу
«Ішек инфекциясы» туралы түсінік. Ас қорыту органдары жүйесінің қызметі асқазанға және ішекке микроорганизмдердің түсуінен бұзылуы мүмкін. Олар ішектің кілегейлі жақтауларына орнығып, паразиттік өмір кешеді. Осыдан барып оларды «ішек инфекциялары» деп атайды. Бұған дизентерия, іш сүзегі, холера, полиомиелит, Боткин сырқаты және т. б. жатады. Ішек инфекцияларының қоздырғыштары кілегейлі қабықшаны бүлдіріп қана қоймай, өзінің өмір сүру өнімдері (токсиндер) арқылы адамды улайды.
Дизентерия. Аурудың қоздырғыштары — бактериялар (бацилалы дизентерия), кейде — қарапайым бір клеткалылар — дизентерия амебасы (амебиаз). Инфекцияның көзі — ауру кісі немесе бактериялы жәндік: су және тамақ арқылы тарайды. Жасырын кезеңі 1 күннен 7 күнге дейін. Ауру шұғыл басталады: әлсіздік, жоғары температура (38—39°), ішек бұрап ауырады, алғашқы кезде іш жиі-жиі .сұйық болып, кейіннен қан араласып өтеді.
Соңғы кезде балаларда дизентерия жеңіл түрде кездесуде, бірақ дұрыс емдеу жүргізілмесе немесе витамин жетіспеушілік пен организмнің арып-ашығандығын ескермей емдеу жүргізілсе ол да аурудың созылмалы түріне ұласып кетуі мүмкін.
Сырқат адам жұқпалы аурулар ауруханасына жөнелтіледі, онымен қарым-қатынас жасаған кісіні өзгелерден бөлектейді. Бөлме, аурудың заттары, ыдыс-аяғы мен көрпе-төсегі мұқият дәріленеді. Аурумен бірге болған, сондай-ақ асхана мен буфет қызметкерлеріне жеті күн бойы егжей-тегжейлі дәрігерлік бақылау қойылады және нәжістеріне лабораториялық анализ жүргізіледі. Бұл кезде ыдыс- аяқты мейлінше мұқият жуып қайнату және қолдың тазалығына тамақ алдында және әжетханадан соң ерекше көңіл бөлу керек.
Аурудан айыққан соң балалар мектепке нәжістің бактериологиялық анализі дұрыс болған жағдайда ғана жіберіледі.
Амебиаз біздің елімізде өте сирек кездеседі. Бұрын ол біршама кең тараған болатын (Астрахань губерниясы, Кубань). Алайда оның қоздырғыштары ыстық жақтардан көкөністер арқылы келуі мүмкін. Сондықтан оларды сатылымға тек карантиннен соң ғана жібереді. Карантин 7 күнге созылады.
Аурудың маусымды (июньнен октябрьге дейін) болатын себебі бұл кезде шыбындар өте көп болады, жеміс-жидек, көкөніс көп пайдаланылады, оның үстіне санитарлық қағидалар сақтала бермейді. Сондықтан шыбындармен күрес, әжетханаларды, жуынды шұңқырларын, қоқыс жәшіктерін дәрілеудің аса маңызы бар.
Іш сүзегі. Аурудың қоздырғышы - тек қана адамдарға жұғатын таяқша тәрізді микроб. Инфекция көзі — ауру адам, немесе бактерия тасымалдаушы. Микробтың енетін жері ас қорыту жолы. Ауру сырқат адаммен тікелей қарым қатынас жасағанда, оның заттары мен ыдыс аяғы, су мен тамақ арқылы жұғады. Жасырын кезең орта есеппен 14 күнге созылады, (7-25), ауру бірте- бірте өрбиді, диагноз қоздырғыш табылғанда ғана анықталады. Сырқаттанғандар ауруханаға жатқызылады.
Іш сүзегінің алдын алу — ауруды ерте анықтап, оларды ауруханаға жатқызудан, мерзімді дәрілеуден, топырақ пен суды ластаудан қорғаудан, тамақ өнімдеріне санитарлық бақылау қоюдан, жеке бас гигиенасын мұқият сақтаудан тұрады.
Іш сүзегімен ауырған адаммен бірге болған балалар мен ересектер тексерілуге тиіс. Іш сүзегіне қарсы егу ауру қаупі өте жоғары болған жағдайда ғана жасалады. 7-ден 14 жасқа дейінгі балаларға іш сүзегінің моновакцинасы, ал 15 жастан жоғарыларға тифозды паратифозды столбняк вакцинасы салынады. Ауырып айыққандарда тұрақты табиғи иммунитет қалыптасады. Аурудың қайталануы сирек. Іш сүзегінен ауырып тұрған балалар толық айыққаннан кейін нәжіс пен несеп екі қайтара тексерілген соң ғана коллективке жіберіледі. Оларға жақсы күтім, құнарлы, витамині мол тамақ қажет. Аурудың алдын алуға жұртшылықпен өткізілетін санитарлық-оқу ағарту жұмысының алатын маңызы айрықша. Бұл жұмысты санитарлық эпидемиялық станция ұйымдастырады.
Холера (тырысқақ). Аурудың қоздырғышы — холера вибрионы — сыртқы ортаға мейлінше төзімді: нәжісте 150, майдың бетінде — 30, көкөністерде — 8 күнге дейін өмір сүреді, төмен температурадан қорықпайды, алайда кептіру кезінде және күн сәулесінің әсерінен тез жойылып кетеді. Организмге ауыз қуысы арқылы сумен, тамақпен және микробы бар заттар арқылы жұғады.
Холера — өте жұқпалы, аса қатерлі сырқат. Ол 2—3 күндік жасырын кезеңнен соң, ал кейде бірнеше сағаттан соң басталады. Жүрекқан тамырлары жүйесінде үлкен өзгерістер байқалады, бірақ әсіресе ащы ішек қатты зақымданады. Ауру кезінде іш өте жиі өтеді (тәулігіне 40-ретке дейін), нәтижесінде организм сусызданып адам кенеттен өліп кетеді.
Аурудан сақтану үшін ең бастысы іш ауруларының алдын алатын өте мұқият санитарлық гигиеналық шаралар жүргізілуі керек (тазалық, дезинфекция, дезинсекция), әсіресе, холераға қарсы бактериофаг егу моно және поливалентті вакцина жасау ұтымды. Холерадан қайтыс болған өліктер инфекцияның көзі болып қала береді, сондықтан оларды өртеп немесе ішіне әк салынған, мықтап бекітілген табытпен көмеді.
Полиомиелит. Жедел инфекциялы паралич немесе полиомиелит үш түрлі вирустардың әсерінен болады. Вирустардың түсетін жері ішек жолы. Жасырын кезеңі 2 ден 35 күнге дейін созылады. Аурулармен қарым қатынаста болған балалар коллективке 20 күннен соң жіберіледі. Ауру шұғыл басталып, температура көтеріледі (38—39°), бас қатты ауырады, лоқсу басталады, адам өзін ауыр сезінеді. 3—4 тәулікте температура төмендейді, көп жағдайда аяқ-қолдың бір жақты, арагідік екі жақты семіп қалуы байқалады, себебі вирус жұлынның алдыңғы мүйізін зақымдайды. Емдеудің тиімді жолы табылған жоқ, сондықтан көп аурулар өмір бойы мүгедек болып қалады.
Сақтанудың жалпы шаралары басқа ішек ауруларындағы сияқты. Полиомиелиттің өзгерген вирустарының үш типін тазалау және іріктеу жолымен алынған вакцина тиімді келеді (Сейбин, АҚШ).
СССР-де тірі, бірақ әлсіретілген вакцина арқылы белсенді иммунитет қалыптастыру жоғары тиімділікпен жүргізілуде. Бұл тәсілді совет ғалымдары А. А. Смородинцев пен П. М. Чумаков жасап шығарған. Қазіргі кезде мектеп жасына дейінгі балаларға міндетті түрде егу жасалады. Бұл полиомиелитпен ауыруды Совет Одағының көптеген аймақтарында жоюға немесе күрт төмендетуге мүмкіндік берді.
Боткин сырқаты (сары ауру). Эпидемиялы (жұқпалы) гепатит — оның инфекциялы табиғатын ашқан орыс дәрігері Боткиннің атымен аталады. Қоздырғышы — сүзілгіш вирус — бауырды зақымдайды. Инфекция көзі – ауру адам. Ауру ауыз қуысы арқылы жұғады. Жасырын кезең 14 тен 50 күнге дейін (кейде 2—6 айға дейін) созылады. Бұл кезде ауру әлсіреп, шаршайды, тәбеті жоғалады, қабырғаның асты ауырады. Біраз күндерден соң несеп қоңыр сары тартады (қара қошқыл сыра түсіндей), ал нәжіс түссізденеді (сұр мақта тәрізді). Бірнеше күннен соң көздің кілегейлі қабығы мен тері лимон түсіндей сарғаяды. Ауырғандардың барлығы ауруханаға жатқызылады. Аурулармен бірге болған, бірақ ауырмаған мектеп жасына дейінгі балаларға гамма-глобулин егіледі.
Аурудың алдын алу: ауырғандарды ертерек анықтау және бөлектеу, дәрілеу, су және азық-түліктерді инфекция түсуден сақтау.
Айықкан балаларды ауруханадан шыққан соң кем дегенде 10 күнге дейін коллективке жіберуге болмайды. Аурудан айыққан балаларға 6 айлық диспансерлік бақылау қойылады, бір жылға дейін бауырға әсер ететін ішек құрттарына қарсы қолданылатын препараттарды беруге болмайды. Бұдан өзге, оларды дене шынықтыру сабағы мен спорт үйірмелері жұмысынан босатады.
Боткин сырқатымен ауырғандардың (ересектер немесе балалар) донор болуға (қан бөлуге) қақысы жоқ. Карантин - 45 күн, гамма-глобулин егілгенде — 21 күн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет