Мектеп гигиенасына негізделген дене шынықтыру және спорт гигиенасы



бет29/38
Дата20.07.2020
өлшемі0,75 Mb.
#63321
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   38
3. Салқын ауа райында жаттығу өткізудің ең негізгі қаупі – ағзаның аса салқындауы мен үсіктердің пайда болуы ықтимал. Үсік тек төменгі температурадан ғана емес сонымен бірге басқа да метеорологиялық себептерден де болуы, мысалы жоғары ылғалдылық пен ауа қозғалысының үлкен жылдамдығы тіпті күн онша аязды болмаса да. Үсік алу өте аз қозғалса, дымқыл (су) киімдер мен аяқ киім, ағзаның өте қатты тоңуына да байланысты.

Үсіктердің алғашқы белгілері: терінің сұрлануы, ағаруы, терінің шаншып ауруы, терінің шымшылауы, соңынан терінің толық сезімталдығының жоғалуы. Егер ондай жағдай бола қалғанда барынша тез жарақаттанған жерлерді қолмен, жүн қолғаппен, шарфпен ысқылап жылытуға тырысу керек.



Тексеру сұрақтары: Оқу – жаттығу жиындарын өткізгенде қандай гигиеналық талаптарды орындау қажет? Жиын орындарын қалай таңдау керек? Күн кестесі қалай өзгереді? Тұрмыстық жағдайларды қалай ұйымдастыру керек? Спорттық киімдерге қандай талаптар қойылады? Жарысқа дайындықтар өткізгенде нелерді ескерген жөн? Спортшыға жоғары температураның әсері қандай болмақшы? Ыстықтан естен тану бола ма? Болса қандай әрекеттер жасау қажет? Күн тигенде не істеу керек? Үсіктерден қалай сақтану керек? Егерде үсік пайда бола қалған жағдайда қандай амалдар қолданған жөн?

Әдебиет: Лаптев А.П., Полиевский С.А. Гигиена: Учеб. для ин-тов и техн. физ. культ. –М.: Физкультура и спорт, 1990. 2. Лаптев А.П., Малышева И.Н. Практикум по гигиене: Пособие для инститов физической культуры. М., Физкульура и спорт, 1981.

14. Тақырыптың аты: Спортшыларды даярлауда гигиеналық жүйемен қамтамасыз ету

Мақсаты: Спортшыларды даярлау жүйесінде үш жүйеасты бар: спорттық жаттығулар, жарыстар және жоғарда аталған екі жүйені толықтыратын себептерді түсіндіру. Спортшыларды даярлауда гигиеналық құрылым жүйелерімен қамтамасыз етуді, жаттығулар мен жарыстардың гигиеналық негіздерін, қолайлы әлеуметтік – гигиеналық микроорта, күнделікті өмір мен еңбек қызметін барынша жоғары деңгейде ұйымдастыру.

Тірек сөздер: тау климаты, таулы жерлер,атмосфералық қысым мен оттегінің құрамы төмен, инфрақызыл сәулелер мен ультра күлгін сәулелер, таза және мөлдір ауа, орташа таулы жер, биік таулы жер, уақытша бейімделу, сағат белдеулері, алғашқы даярлық топтары, спорттық жетілдіру топтары, оқу – жаттығу топтары, спорттық шеберліктері жоғары топтар.

Негізгі сұрақтар:

  • Спортшыларды таулы жер жағдайында дайындалуын гигиеналық тұрғыдан қамтамасыз ету

  • Спортшыларды уақытша бейімделу жағдайында дайындалуын гигиеналық тұрғыдан қамтамасыз ету

  • Жас спортшыларды дайындауда гигиеналық тұрғыдан қамтамасыз етудің ерекшеліктері

Қысқаша мазмұны: 1.Көптеген жарыстар қазіргі заманда таулы жерлерде өткізіледі. Сонымен бірге таулы жерлердегі жаттығуларды жұмыс қабілеттілігін, қайта қалпына келуі үшін, спортшылардың белсенді дем алуы үшін кеңінен пайдаланады. Тау климатының бірнеше ерекшеліктері бар: атмосфералық қысым төмен және оттегінің құрамы да аз; күн радиациясының қарқындылығы жоғары (әрбір 100 метр биіктікке 1%); инфрақызыл және ультракүлгін сәлелердің молшылығы; таза жіне мөлдір ауа; белгілі температуралық – ылғалдылық кесте ауаның төмендеу температурасы, әсіресе түнгі уақыттарда. Желдің жылдамдығы таулы жерлерде жазықтыққа қарағанда көбірек және жердің рельефіне байланысты. Таулы жерлерде жел өзінің бағытын жиі ауыстырып отырады.
Әртүрлі биіктікте оттегінің атмосфералық және парциальді қысымы

Биіктік (км)

Атмосфералық қысым (мм с.б.)

Оттегінің парциальді қысымы (мм с.б.)

Атмосфералық ауада

Альвеолярлық ауада

0

1

2



3

4

5



760

674


596

526


462

405


159

140


125

110


98

85


105

95

75-90



62

орташа 50

орташа 42

1000-3000 м биіктікте (орташа таулы жер) оттегінің жетіспеушілігі тыныс алу мен жүрек қан тамырлар жүйелерінің қарқынды жұмысымен, қанда эритроциттердің санының өсуімен және басқа да ағзаның компенсаторлық механизмдерімен қамтамасыз етіледі. Көбінесе 1000 м биіктіктен бастап спорттық жұмыс қабілеттілік төменде бастайды, ал биіктік 2000 м жеткенде кәдімгідей айқындала түседі.

3000 м және одан жоғары (биік таулы жер) оттегінің жетіспеушілігінен ағзаның кейбір физиологиялық көрсеткіштері бұзыла бастайды. 4000-5000 м биіктікте оттегінің жетіспеушілігі өсе түседі де тау ауруы деген ауруға шалдығуы мүмкін.

Таулы жағдайдағы жаттығулар көбінесе 1000-1200 м немесе 1500-2500 м биіктікте кейбір мақсаттарда жиі өткізіледі: жарысқа тікелей дайындық кезінде, егерде жарыс орташа таулы жерлерде өткізілетін болса; ағзаның қызметтік мүмкіншілігін кеңейту үшін және спортшылардың төзімділігін жетілдіру үшін; барынша тез қалпына келу үшін; белсенді дем алу үшін; емделу үшін.

Орташа таулы жерде спортшывларды даярлау 3-5 аптадай болады. Орташа таулы жер жағдайында акклиматизация (бейімделу) бүкіл ағзаның барын салуын талап етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет