Мектеп гигиенасына негізделген дене шынықтыру және спорт гигиенасы



бет19/38
Дата20.07.2020
өлшемі0,75 Mb.
#63321
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   38
2. Ауамен шыңдалу (ауа ванналарын қабылдау) – ең «нәзікті» және қауіпсіз шыңдалу жосығы. Шыңдалуды ауа ванналарынан бастаған жөн.

Ауамен шыңдалу ол оның температурасына байланысты. Сонымен бірге ауаның ылғалдылығы мен ауа қозғалысының жылдамдығында ескерген жөн. Ауа ванналары: жылы (ауаның температурасы 20-300C), салқын (ауаның температурасы 14-190C) және өте салқын (100C төмен). Әрине бұндай градацияға бөлу шартты және жәй адамдарға ғана есептелген.



3. Сумен шыңдалу бұл шыңдалу амалдарының ішіндегі ең қарқындысы, себебі судың жылу өткізу қасиеті 28 рет көбірек, ауаға қарағанда. Жүйелі түрде сумен шыңдалу салқын тиіп аурудың алдын алатын сенімді түрі.

Сумен шыңдалу үшін келесі жосық түрлерін ұсынады: ысқылау, су құю, душтар, суға түсу.

Ысқылау – шыңдалудың бастапқы кезеңі. Бірнеше күн денені сулы орамалмен, губкімен (жұмсақ ысқыш) немесе қолмен ысқылайды.

Суды құю бұл шыйды.

Суды құю бұл шыңдалудың келесі кезеңі. Судың төменгі температурасына судың шапшып ағу әсері қосымша әсер етеді. Бұдан кейін денені орамалмен жігерлі түрде ысқылап, ұзақтығы – 3-4 минуттан аспауы керек.

Душ қабылдау

Ашық суларда шомылу

Қармен ысқылап, қарға шомылу және мұздай суға шомылу (морждалу).



Тексеру сұрақтары: Шыңдалудың гигиеналық маңызы неде? Шыңдалу шаралары қандай? Метеорологиялық факторларға жататын себептер қандай? Шыңдалудың дене тәрбиесінде маңызы қандай? Шыңдалудың Отан қорғауда маңызы қандай? Шыңдалу негіздеріне нелер кіреді? Ауамен шыңдалу қалай басталады? Қандай температурада ауамен шыңдалады? Оның қандай түрлері бар? Сумен шыңдалудың түрлері қандай? Ысқылау, суды құю шыңдалудың қай кезеңдеріне жатады?

Әдебиет: Лаптев А.П., Полиевский С.А. Гигиена: Учеб. для ин-тов и техн. физ. культ. –М.: Физкультура и спорт, 1990. 2. Лаптев А.П., Малышева И.Н. Практикум по гигиене: Пособие для инститов физической культуры. М., Физкульура и спорт, 1981.
8. Тақырыптың аты: Тамақтану тәртібінің гигиеналық негіздері

Мақсаты: Ұтымды және теңдестірілген тамақтану туралы түсінікті кеңейту. Ақуыздардың, майлардың, көмірсулардың, минералды затта мен дәрумендердің адам ағзасына тигізетін әсерін студент қауымға жеткізу. Балалар мен жасөспірімдердің тамақтануының ерекшеліктерін, дене шынықтыру және спортпен шұғылданатындардың арасындағы айырмашылықтарын ашып беру.

Тірек сөздер: Тамақ рационы, ұтымдылығы мен тепе- теңдігі, тамақтың калориялылығы, реттелетін қуат шығындары, тәуліктік рацион, тамақтың сапалы құндылығы, белоктар(ақуыздар), майлар, көмірсулар, минералды тұздар, дәрумендер.

Негізгі сұрақтар:

  • Тамақтың калориялылығы

  • Тағамдардың сапалық құндылығы

  • Тамақты сіңіру мен тамақтану кестесі

Қысқаша мазмұны: 1.Тағам – ең маңызды әлеуметтік және биологиялық себептер болып табылады. Адамның денсаулығы мен тіршілік жағдайын қажетті қуатпен қамтамасыз ететін бірден бір фактор.

Тамақ белгілі бір гигиеналық талаптарға жауап беруі тиіс: сандық жөнінен қолайлы, ол дегеніміз адамның қуат шығынына сай келу керек; сапалы және құндылығы жоғары болған жөн (қажет тағам заттарын); белоктар, майлар, көмірсулар, дәрумендер, минералды тұздар) және теңдестірілген болуы керек; әртүрлілігімен және жануар тектес пен өсімдік тектес тағамдардың құрамы болған жөн; жеңіл сіңірілетін, тәбетті ашатын, дәмді, жағымды иісі бар және сыртқы түріде тартымды болу керек; сапасы жақсы және зиянсыз.

Тамақтың калориялылығы ол ағзаның қуат шығынын қайтадан толтыру болып табылады. Шығатын қуат шығыны килокалориямен (ккал) есептелінеді. 1 ккал = 4,184 кДж тең (ол халықаралық бірлік жүйесі бойынша). Реттелмейтін қуат шығындарына жататыны негізгі зат алмасу мен тағамның арнайы динамикалық әсерінің шығыны.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет