А = 18,42 – 0,5 ( 26,3 – 20,8) . 758 : 755 = 15,6 мм с.б.
Құрғақ термометрдің температурасы кезіндегі ауаның максимальды ылғалдылығын М анықтаймыз. Ол 25,66 мм.с.б. құрайды. Салыстырмалы ылғалдылықты формула бойынша есептейміз:
С = A : M . 100, C = 15,66 : 25,66 . 100 = 61,3 %.
Өздігінен жазатын гигрограф кафедрада бар.
Қорытынды: Тұрғын бөлмелерде салыстырмалы ылғалдылық көрсеткіштер қалыптылығы – 30 – 60 %; спорт залдарға – 40 – 55% .
Тексеру сұрақтары: Ылғалды ауаның гигиеналық маңызы неде? Жоғары ылғалдылық ағзаға қалай әсер етеді? Төменгі ылғалдылық ағзаға қалай әсер етеді? Абсалютті ылғалдылықты қалай анықтайды? Максимальды ылғалдылықты қалай анықтайды? Салыстырмалы ылғалдылықты қалай анықтайды? Гигрографтың құрылысы қандай және онымен қалай жұмыс істеуге болады?
№3. Зертханалық жұмыс.
Тақырып: Су көздерін санитарлық жағынан тексеру
Мақсаты: Судың гигиеналық маңызы туралы теориялық білімді бекіту және су көздерін зерттеу әдістерімен таныстыру
Жұмысқа қажет құралдар: Суды зерттеу арнайы зертханаларда өткізіледі
Жұмыс барысы: Су көздерін санитариялық жағынан тексергенде артезиан құдықтары, ондағы сулар сыртқы ластанудан берік сақталған. Егер ондай су көздері болмаған жағдайда басқаларын таңдап алу қажет, тек мынандай кезекте: пластаралық қысымсыз сулар, ашық сулар (өзендер, көлдер, су қоймалары ж.б.).
Су көздерін санитарлық тексеру бағдарламасына кіретіні: сол жерде қарап (санитарлық – топографиялық тексеру), сол аудандағы ел мен жануарлардың ауруларын анықтап, суды зертханалық тексеруге алу керек.
Әсіресе су көздерін ластау мүмкіншіліктеріне көңіл аудару қажет: өндіріс орындарынан аққан сулар, моншалар мен ауруханалардан, кір жуатын орындардан; әжетханалар мен жуынды төгетін жерлерден ж.б. Ол үшін тек сол жерді қарап қана қоймай, оның айналасындағы жерлерді тексерген жөн.
Ашық суларды тексергенде орнату: өзен қайдан басталады, қандай жерлермен ағады, қандай сағалары бар, ауылдар мен өндіріс орындары қалай және қайда орналасқан (төмен ия жоғары).
Суға шомылатын және түсетін жерлерді тексергенде, ондағы жағасы мен түбінің рельефі, оның топырағының сипатын берген жөн. Су түбінде шұңқырлар, тік жарлар, бұлақ көздері, тастар және басқа да қауіпті заттар болмаған жөн. Судың ағыны 0,5 – 1 м/сек аспауы керек.
Құдықтарды тексергенде көңіл аударатын жерлер: топырақ сипаты мен жергілікті рельефті жазып көрсету, және құдықтың құрылысы (бурмен, шахталық), құдықтан тұрғын, шаруашылық және мал қоралары, әжетханалар мен жуынды төгетін шұңқырлар, молалар қандай қашықтықта орналасқан; құдықтың өзінің орналасу жері, оның топырағы, жабатын және жауып тұратын төбесі; суды көтеру қондырғылары (насостың түрі, жалпыға бірдей шелек), құдықтың тереңдігі.
Халық пен жануарлардың, сол жерде кездесетін аурулары: жұқпалы ішек аурулары (қанды ірің аралас іш өту (дизентерия), іш сүзегі (брюшной тиф), паратиф (қылау, іш сүзек тектес жұқпалы ауру), сонымен бірге туляремия (тышқандардан жұғатын қатерлі ауру), лептоспироз (сары безгек), эпидемиялық гепатит (бауырдың қабынуы), зоб (жемсау, бұғақ, қалқанша бездің ұлғаюы) ж.б.
Қорытынды: Су көздерін тексеру тек санитарлық зертханалардың құзырында.
Тексеру сұрақтары: Судың қандай санитарлық гигиеналық маңызы бар? Ауыз суға қандай гигиеналық талаптар қойылады? Су көздерін санитарлық тексеру бағдарламасына нелер кіреді? Су көздерін тексеру қалай жүргізіледі.
№4. Зертханалық жұмыс.
Тақырып: Спорт залды санитарлық- гигиеналық жағынан зерттеу
Мақсаты: Спорттық залдардың санитарлық гигиеналық жағдайы туралы теориялық білімді бекіту және оларды бағалауда дағдылы меңгеру
Жұмысқа қажет құралдар:
Жұмыс барысы: Спорт залдарды тексеру олардың орналасуы мен ғимараттың сипатын меңгеруден басталады.
Бөлмелердің орналасуы шұғылданатындардың қозғалыстарын мынандай кезекте болғаны жөн: сырт киім шешетін гардеробы – ерлер мен әйелдер шешінетін (душтары мен дәретханалары) – спорт залы, киінген және шешінген спортшылардың қарама – қарсы ағымдарының болмауы тиіс. Көрермендерге арнайы орындар мен өтетін жерлер қарастырылған, буфеті, фойесі және басқа да бөлмелер спортшылардан бөлек шектелген.
Спорт залдарды тексергенде ішкі әрлендірілген жұмысқа көңіл аударған жөн, қабырғалар, төбесі, едені немен жабылған және олардың жағдайы қандай.
Жарыққа, желдету механизмдеріне, жылуға және микроклимат жағдайларына гигиеналық баға берген дұрыс.
Спорт залдағы саймандарды тексергенде мынаған көңіл аудару қажет: спорттық саймандар гигиеналық және белгілі техникалық талаптарға сайма, спортпен шұғылданатындардың жасына, жынысына сай келеме, жарақат алу себептері болып табылмай ма? Ең маңыздысы спорт сайманының бүтіндігі мен түгендігі. Гимнастикалық маттардың жағдайы және магнезийдің сақталуы тексеріледі. Сонымен бірге саймандар бөлмесі тексеріліп оның санитарлық жағдайы қаралады.
Қорытынды: Ең соңында барлық бөлмелерді қалай жинайды, немен жинайтынын анықтайды.
Тексеру сұрақтары: Спорт залына құрылысына және жоспарлануына қандай гигиеналық талаптар қойылады? Спорт залды жарықтандыруға қандай гигиеналық талаптар қойылады? Спорт залды желдетуге және жылу жүйесіне қандай гигиеналық талаптар қойылады? Спорт залдың микроклиматтық жағдайына қандай гигиеналық талаптар қойылады? Спорт залдың саймандары мен жабдықтарына қандай гигиеналық талаптар қойылады? Спорт залда санитарлық гигиеналық тексеруді қалай өткізу керек?
№5. Зертханалық жұмыс.
Тақырып: Спортшының жеке бас гигиенасы
Мақсаты: Жеке бас гигиенасының теориялық білімдерін бекіту және тәуліктік рацион кестесін сақтау
Жұмысқа қажет құралдар: Жеке бас гигиенасына қажет құрал – саймандар, жабдықтар.
Жұмыс барысы: Жеке бас гигиенасына кіретіндер: тәуліктік рацион кестесі; дене мен ауыз қуысын күту; жыныстық қарым – қатынас гигиенасын сақтау; зиянды әдеттерден бас тарту.
Жеке бас гигиенасын білу әрбір адамның міндеті, әсіресе ол оның үстіне спортшы болса өте маңызды, себебі оны қатал сақтау денсаулықты нығайтумен байланысты, жаттығу сабақтарының тиімділігін жоғарлату және де жоғары көрсеткіштерге жетудің кепілі. Жеке бас гигиенасын сақтау және орындау ол тек жеке адамның ісі ғана емес, ол әлеуметтік маңызы бар қағида, оны елемеу ұжымды ауруға әкеліп соқтыру мүмкін.
Тәуліктік қолайлы кесте жұмыс істеуге және ағзаның қайта қалпына келуге оңды жағдайлар туғызады. Оның негізінде еңбек пен демалысты кезектеп отыруға жағдай жасайды.
Қазіргі заманғы хронобиология мен хроногигиенаның жағдайы көрсеткендей, ағзаның бүкіл қызметі биологиялық ырғақпен жүреді. Ол сыртқы ортаның ырғағымен тығыз байланысты: күн мен түннің ауысуы, айдың фазаларымен, күннің белсенділігімен, ғарыштық радиациямен ж.б. Ағзаның көптеген (50 – ден жоғары) қызметінің өзгеруі тәуліктің уақытына байланысты. Әсіресе түнде зат алмасу үрдістерінің көрсеткіштері төмендейді, жүрек қан тамырлар және тыныс алу жүйелерінің, дененің қызуы. Биоырғақтың ұзақтығы тәулікке жақын болса, онда оны циркадты деп атайды.
Күні бойы адамның жұмыс қабілеттілігі де ырғақты өзгеріп отырады. Таңертеңгі сағаттарда жоғарлап, ол өзінің шыңына сағат 10-13 жетеді де, сағат 14 – ге қарай төмендейді. Бұждан кейін екінші жұмыс қабілеттілігінің толқындары басталады да, сағат 20 – дан кейін төмендей түседі.
Боксерлердің психофизиологиялық көрсеткіштерінің тәуліктік динамикасы
Тәулік уақыты
|
Көрсеткіштері (%)
|
ЖРЛК
|
КРЛК
|
ҚРУ
|
ЛК
|
МК
|
ҚОУҚ
|
МК
|
КҚК
|
ҚМЖ
|
7.00
8.00
9.00
11.00
13.00
14.00
16.00
18.00
20.00
22.00
23.00
|
100
98
96
91
90
96
92
89
94
97
98
|
100
96
89
83
81
91
85
80
84
95
101
|
100
93
86
81
78
88
81
76
82
91
96
|
100
97
93
91
92
96
93
91
95
97
99
|
100
98
95
90
91
97
94
92
93
96
98
|
100
91
84
72
68
79
74
69
77
86
94
|
100
105
111
116
117
103
110
118
111
106
102
|
100
96
83
72
69
84
77
69
74
88
103
|
100
103
105
108
111
104
107
109
106
103
99
|
Ескерту. 100% оянғаннан кейін сағат 7.00 спортшылардан алынған деректер. ЖРЛК – латентті кезеңнің жай реакциясы; КРЛК – күрделі реакцияның латентті кезеңі; ҚРУ – қозғалу реакциясының уақыты; ЛК – латентті компонент; МК – моторлы компонент; ҚОУҚ – қозғалу объектісіне уақыт қателігі; МК - максимальді күш; КҚК – күштену қателігінің коэффициенті; ҚМЖ – қозғалудың максимальді жиілігі.
Қорытынды: Жаттығу үшін ең қолайлы кезеңдер сағат 10 – нан 13 – ке дейін және сағат 16 – дан 20 – ға дейін.
Тексеру сұрақтары: Жеке бас гигиенасының спортшы үшін маңызы қандай? Күн кестесін жасағанда қандай негізгі гигиеналық ережелерді сақтаған жөн? Дене тазалығын сақтағанда қандай гигиеналық шараларды орындаған жөн? Моншаны пайдаланғанда қандай гигиеналық талаптарды сақтау керек? Қолдар мен аяқтарды қалай күту керек?
№6. Зертханалық жұмыс.
Тақырып: Спорттық киімдер мен аяқ киімдер гигиенасы
Мақсаты: Спорттық киімдер – бұл сырт киім және аяқ киімдер әртүрлі спорт түрлерімен шұғылдану үшін арналған.
Жұмысқа қажет құралдар:
Жұмыс барысы:
Спорт киімдері ағзаның қызметтеріне қолайлы жағдайды қамтамасыз етуі тиіс, әсіресе қарқынды дене жаттығуларымен және спортпен шұғылданғанда әртүрлі метеорологиялық жағдайларда. Киімдердің түр сипаты тек спорттық – техникалық талаптарға ғана емес сонымен бірге гигиенаның ережелеріне сай болуы керек.
Спорттық киімдерге гигиеналық талаптар. Спорттық киімдер дене жаттығуларымен және спортпен шұғылданғанда ағзаның қолайлы жылу тепе – теңдігін сақтап спорттық қызметтің тиімділігін қамтамасыз ету, жарақаттар мен механикалық зақымдар тигізбеуі қажет. Ол жеңіл, жайлы, қимылдырды шектемеу, бойға шақ және кеңдігі де сай болуы керек. Спорттық киімдер денеге тығыз орналасып, ешқандай артық жерлері болмаған жөн және де аэродинамикалық қасиеттері жағынан да тығыз қапталуы тиіс.
Сонымен бірге киімдердің жылу қорғаушылық қасиеттері мен оның гигиеналық қасиеттері, дайындалатын киімдер маталарының гигиеналық қасиеттері (ауа өткізгіштігі, бу өткізгіштігі, булануды, судың сиымдылығы, ылғал тартқыш, иілгіш, қыртысталғыштығы ж.б.
Киімнің жылу сақттағыш қасиеті матаның жылу өткізгіштік қасиетіне, талшық түрлеріне және олардың тоқылу түріне байланысты. Жуан және мамық маталарда талшықтарының арасында көптеген бос кеңістіктер бар, онда ауа кідіріп жылуды өткізбейді. Мысалы, фланель мен жүннен тоқылған бұйымдардың жылу сақтағыштығы 92 құрайды, шұғанікі – 89, тоқыма көрпе – 88%. Ең көп бос кеңістіктер бар аң терілері (мех). Лавсан, нитрон және поливинилхлор талшықтары жақсы жылу сақтағыш қасиеттері бар.
Ауа өткізгіштігі
Бу өткізгіштігі
Буланғыш
Ылғал сиымдылығы
Ылғал өткізгіштігі
Қыртысталғыштығы
Спорттық аяқ киімдерге қойылатын гигиеналық талаптар
Қорытынды: Спорттық киімдерді күнделікті пайдалану гигиеналық талаптарға қайшы.
Тексеру сұрақтары: Киімдердің жылу сақтағыш қасиеті неге байланысты? Маталардың ауа өткізгіштік қасиеті неге байланысты? Маталардың ылғал сақтау мен серпімділігі неге байланысты? Жасанды талшықтар мен синтетикалық материалдардың гигиеналық сипаты қандай? Күнделікті киімдерге қандай гигиеналық талаптар қойылады? Спорттық киімдерге қандай гигиеналық талаптар қойылады? Аяқ киім жасалатын материалдарға қандай гигиеналық талаптар қойылады?
№7. Зертханалық жұмыс.
Тақырып: Тамақтану тәртібінің гигиеналық негіздері
Мақсаты: Қуат шығыны туралы теориялық білімді бекітіп, оның тәсілдерін меңгеріп, арнайы хронометражды кестелі тәсілмен анықтау болып табылады.
Жұмысқа қажет құралдар: хронометражды кестелі тәсілді қолдану
Жұмыс барысы: Тамақ адам ағзасының күнделікті шығынын толтырып отыруы тиіс. Тәуліктік қуат шығыны негізгі зат алмасудан тамақ қабылдау кезіндегі зат алмасудың мәнінің жоғарлауы және басқа қызмет атқарғандағы зат алмасудың өсуінен болады. Ағзаның қуаттық шығыны үлкен калориялармен белгіленеді. Және осы бірліктерде тағамның құндылығы да белгіленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |