Мектеп қызметкерлерінің лауазымдық (қызметтік) міндеттері Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімі «№22 жалпы орта білім беретін мектебі»



бет1/23
Дата07.10.2024
өлшемі131,94 Kb.
#205795
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Лауазымдық міндеттер-2023


Мектеп қызметкерлерінің лауазымдық (қызметтік) міндеттері
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімі «№22 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
180 бұйрық/көшірме
27 тамыз 2022 жыл Екпінді ауылы
Мектеп қызметкерлерінің лауазымдық 
(қызметтік) міндеттерін бекіту туралы
2022-2023 оқу жылының басталуына байланысты Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығына, Педагог мәртебесі туралы Заңының 7 бабына, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығына және мектептің 2022 жылдың 27 тамыздағы күнгі №1 педагогикалық кеңестің қаулысы негізінде БҰЙЫРАМЫН:

  1. 2022-2023 оқу жылының басталуына байланысты №22 жалпы орта білім беретін мектебінде мектеп әкімшілігі мүшелері директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.А.Мусаеваға, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары П.Е.Батырбековаға, директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары Г.Ш.Байсаловаға, директордың алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі Қ.Даутовқа, әлеуметтік педагог Г.Б.Оспановаға, психолог және мектеп кітапханашысы С.С.Шомбаеваға, іс жүргізуші С.Б.Амироваға №1, №2, №3, №4, №5, №6, №7, №8 қосымшалардағы және барлық пән мұғалімдеріне №9 қосымшадағы көрсетілген лауазымдық міндеттер жүктелсін.

  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.



Мектеп директоры: Е.Е.Сейдалиев
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің 
№22 жалпы орта білім беретін мектебі
2022 жылғы 27 тамыздағы
№180 бұйрығына
1 қосымша
22 жалпы орта білім беретін мектебінің директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мусаева Багила Аптихалиевнаның лауазымдық міндеттері:
1. Жалпы ережелер
1.1 Осы лауазымдық нұсқаулық білім беру мекемесінің басшысы еңбегіне тарифтік-квалификациялық бағалау негізінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығы негізінде, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2003 жылғы 28 маусымдағы №141 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2003 жылғы 30 мамырдағы №119 бұйрығына сәйкес құрастырылды.
1.2. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарын білім беру мекемесінің директоры тағайындайды және босатады.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары демалыста және уақытша жұмысқа қабілетсіз болған кезеңде оның міндеттерін директордың өзге орынбасарына немесе тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына жүктелуі мүмкін. Мұндай жағдайларда міндеттерді уақытша атқару мекеме директорының Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі талаптарын сақтай отырып, шығарған бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
1.3.Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарында жоғары кәсіптік бiлiмі және басқарушылық міндетінен 3 жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиiс.
1.4. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары тікелей мектеп директорына бағынады.
1.5. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарына педагогикалық қызметкерлер тікелей бағынады.
1.6. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары өз қызметін атқару барысында: ҚР Конституциясы мен Заңдарын, Президент Жарлығын және өз қызметінде оқушыларға білім мен тәрбие беру мәселелері бойынша білім беру ісін басқарушы барлық деңгейдегі органдар шешімдерінеңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын, сонымен қатар мекеме жарғысы мен жергілікті құқықтық актілерін (оның ішінде Ішкі еңбек тәртібі ережелерін, осы лауазымдық нұсқаулықты), еңбек шартын (келісім-шарт) директордың бұйрықтарын басшылыққа алады.
Директордың орынбасары Бала құқықтары туралы Конвенцияны сақтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет