Қазіргі таңда шет тілі ретінде ағылшын тілін оқытуды жаңа сатыға көтеру отандық педагогикадағы іргелі міндеттердің біріне айналып отыр. Өйткені, елімізде Қазақстан Республикасының Президенті Н Ә Назарбаевтың бастамасымен «Үштұғырлы тіл» мәдени жобасын дамыту басымдыққа айналып, соның ішінде жаһандану жағдайында әлемдік интеграцияға кірігу тілі ретінде ағылшын тіліне мән берілуде.
Мектеп жасына дейінгі
Мектеп жасына дейінгі
«Ағылшын тілін үйренейік» оқу бағдарламасы
Бағдарламаның мақсаты : Балалардың ағылшын тілінде сөйлеу білік-дағдыларын қалыптастыру, тілдің коммуникативтік қызметін меңгерту.
Міндеттері:
Сөздік қорын, тіл байлығын дамыту.
Ауызекі сөйлеуге үйрету.
Бір-бірімен қатынас жасай алуға ынталандыру.
Ағылшын тілінде қойылған сұрақтарға жауап беруге үйрету.
Оқу іс-әрекетке белсенді қатысуға ынталандыру.
Нәтижелер:
Сөздік қоры, тіл байлығы дамиды.
Ауызекі сөйлей алады.
Бір-бірімен ағылшын тілінде қатынас жасайды.
Қойылған сұрақтарға жауап береді.
Ағылшын тіліне қызығушылығы артып, белсене қатысады.
Пән бойынша оқу - әдістемелік кешеннің тізімі:
1. Kid’s box pupil’s book ( балаларға арналған тақырыптық оқулық).
2. Activity book (балаларды дамытуға арналған түрлі жаттығулар, қарым – қатынас дәптері).
3. Teacher’s book (мұғалімге арналған әдістемелік құрал).
4. Teacher’s Resource Pack.
5.Audio – CD (сабақта және тіл үйрену практикасында пайдаланылатын аудиотаспалар).
6. Flashcards (заттар, жануарлар, жеміс – жидектер, т. б. бейнеленген, астына сөздер жазылған карточка түріндегі көрнекі құрал).