2 Балалардың дамуы мен тәрбиеленуі
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың даму шарттары
Мектепке дейінгі жаста бала біршама тұрақты жан дүниесіне ие болады, ал мұның өзі әлі де болса, толық қалыптаса қоймаған, бұдан әрі де дамып жетілуге қабілеті бар, жеке адам деп санауға бастапқы негіз болады.
Мектеп жасына дейінгі баланың даму шарттары алда өткен жас кезеңі шарттарынан айтарлықтай өзгеше. Оған үлкендер тарапынан қойылатын талаптар да едәуір арта түседі. Қоғамдағы жалпыға бірдей міндетті мінез-құлық ережелерін, қоғамдық мораль нормаларын сақтау - өзекті талапқа айналады.
Қоршаған дүниені танудың өскелең мүмкіндіктері баланың ынтасын өзіне жақын адамдардың тор шеңберімен шығарып, іс-әрекетті өзара қарым-қатынас формалары мен байсалды түрлерін (оқу, еңбек) үлкендер арасында болатын алғаш игере бастауға жеткізеді. Бала өз құрдастарымен бірлескен іс-әрекетке кіріседі, өз іс-әрекеттерін олармен келісуді жолдастарының ықылас, пікірлерімен санасуды үйренеді. Мектепке дейінгі бүкіл балалық шақ бойына балалар іс-әрекетінде қабылдау, ойлау, есте сақтау және басқа психикалық процестерде ғана емес, сонымен бірге өз мінез-құлқын ұйымдастыра білуге де жоғары талаптар қоятын өзгерістер мен бетбұрыстар орын алады.
Осының бәрі баланың жеке басын қалыптастырады, оған қоса адамның жеке басын қалыптастырудағы әрбір жаңа қадам шарттардың ықпалын өзгертеді. Одан әрі тәрбиелеу мүмкіндіктерін арттырады.
Баланың жеке басының дамуының екі жағы бар. Оның бірінші жағы - баланың қоршаған дүниені біртіндеп біліп, өзінің одан алатын орынын түсіне бастауы, осыдан мінез-құлық мотивтерінің жаңа типтері пайда болады, соның әсерінен бала белгілі бір қылық көрсетеді. Екінші жағы - сезім мен еріктің дамуы. Олар осы мотивтердің ықпалдылығын, мінез-құлықтың тұрақтылығын және оның сыртқы жағдайлардың өзгерістеріне тәуелділігін қамтамасыз етеді.
Мектепке дейінгі кезеңде баланың сенсорлық дамуы қарқынды келеді. Бұл кезеңде баланың заттар мен құбылыстардың сыртқы қаситеттері мен байланыстарын, кеңістік пен уақытты бағдарлауы жетіледі.
Заттармен іс-әрекетте бала барған сайын оның түсін, түрін, шамасын, салмағын, температурасын, беткі қасиеттерін және т. б. дәл бағалай бастайды. Әуенді қабылдауында бала оның әуенін қадағалауды, дыбыстардың қатынасын жоғарылығына қарап бөлуді, ырғақтылықтың түрлерін аңғаруды үйренеді. Сөзді қабылдауында ұқсас дыбыстардың айтылуындағы аса нәзік айырмашылықтарын айыра алады. Балалардың кезегі мен оларды бөлетін уақыт аралықтарын ажырата білуі едәуір жете түседі.
Мектеп жасына дейінгі баланың сенсорлық дамуының бір-бірімен байланысты екі жағы бар. Бірішісі, заттар мен құбылыстардың әр түрлі қасиеттер мен байланыстары жөніндегі түсініктерді меңгеру. Екіншісі, қоршаған ортаның толықтай және жекелей қабылдауға мүмкіндік беретін қабылдаудың жаңа әрекетін игеру.
Заттардың қасиеттерін бағдарлаудың дамуы. Балалық шақтың өзінде балада заттар әр түрлі қасиеттері жөніндегі түсініктердің белгілі қоры жинақталады, бұл түсініктердің бірқатары үлгінің орнына жүреді, қабылдау процесіндегі заттардың жаңа қасиеттерін бала осы үлгімен салыстырады.
Мектепке дейінгі балалық шақта бала өзінің сенсорлық тәжірибесін жинақтау нәтижесі болып табылатын заттық үлгілерді қолданудан көпшілік қабылдаған сенсорлық эталонға ауысады. Сенсорлық эталондар дегеніміз — қасиеттер мен қарым-қатынастардың әр түрінің негізгі жеке түрлері жөнінде адамзатта қалыптасқан түсініктер. Бұларға түс, пішін, заттардың шамасы, олардың кеңістіктегі орны, дыбыс күші, уақыт аралықтарының ұзақтығы, тағы басқалар жатады Ересектер балаға сурет салуға, құрастыруға көмектескенінде олар қалайда негізгі пішіндер мен түстерді атайды.
Баланың іс-әрекет үстінде пайда болатын және өзіне қарата айтылған сөзі эгоцентирикалық сөз деп аталады. Мектепке дейінгі жас кезінде эгоцентирикалық сөз өзгеріп отырады. Бұл айтылуға баланың не істеп жатқанын ғана емес, оның іс жүзіндегі алдын ала ескертуші және бағыттаушы сөздер пайда болады. Мұндай сөздер баланың іс жүзіндегі мінез-құлқынан озық жүретін бейнелі ойын көрсетеді. 5 – 6 жасқа жеткенде эгоцентирикалық сөз кеми түседі. Бала бұл кезде қасында ешкім болмаса, көбіне жұмысын үндемей істейді. Бұл оның сөз негізіндегі ойлауының болмайтынын көрсетпейді. Эго-жоспарлаушы қызметін атқарады. Сонымен, эгоцентрикалық сөз баланың сыртқы және ішкі сөзінің арасындағы баспалдақ болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |