Мектеп жасына дейінгі балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту



бет19/21
Дата06.02.2022
өлшемі120,88 Kb.
#80807
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
моторика (2)

Ойын: “Сиқырлы қапшық”
Жасы: 3-5 жас аралығы
Қажетті заттар: балаға таныс 8-10 ойыншық не ұсақ заттар, әдемі қапшық
Ойын барысы: қапшыққа ойыншықтар не ұсақ заттар орналастырылып, ауызы жабылады. Бала көзін жауып, қапшықтан бір затты алады. Ол сипап сезу арқылы заттың атын атауы не оны сипаттап беруі керек. Ойынды бірнеше баламен сайыс түрінде де өткізуге болады. Көп затты
дәл тауып атаған бала жеңімпаз атанады.
Ойын: “Қатырма қағазда тігу”
Жасы: 4 жас және одан жоғары
Қажетті заттар: көзі үлкен ине, қатырма қағаз, біз, жіп
Ойын барысы: қатырма қағазға сызықтар сызып не сурет саламыз. Оның инемен тігеді деген жерлерін белгілеп бізбен тесеміз. Енді балаға инені сабақтатып, салынған сызық бойымен тігу ұсынылады. Алғашында ол тіге алмайды. Сол кезде баланың қолын ұстап, бірге тігеміз. Бала тігіп дағдыланғаннан кейін өзіне тігуге мүмкіндік береміз. Ойын қызықты болуы үшін қатырма қағазды түрлі пішінде қиып алып, суретке сәйкес жіптің түсін таңдауға болады. Немесе моншақтармен әдемілеу де ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет