Мектеп жасына дейінгі балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту



бет13/21
Дата06.02.2022
өлшемі120,88 Kb.
#80807
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21
Байланысты:
моторика (2)

Ойын: “Әдемі бейнелер
Жасы: 3 және одан ересек жас аралығы
Қажетті заттар: қатырма қағаз, ПВА желімі, қылқалам, мақта, түрлі түсті қағаз не мата, жіп қиындылары, гуашь бояуы
Ойын барысы: қағаз бетіне қажет бейнені салып аламыз, кішкентай жастағы балаларға пішін салу ұсынылады. Енді қылқалам көмегімен суретке желім жағылып, мақтаны аз аздан үзіп алып бекіту ұсынылады. Қажет жерлеріне мата не қағаз қиындылары жапсырылып, гуашьпен боялады. Бұл әдіс арқылы аққуды, балапанды, қоянды, аюды, т.б. бейнелеуге болады.
Ойын: “Жидектерді жинайық”
Жасы: 2-4 жас аралығы
Қажетті заттар: 1-1,5м қатты жіп, скрепкалар, қызыл және көк түсті ермексаз, арқасы бар екі орындық, себет
Ойын барысы: қызыл ермексаздан шие, көк ермексаздан жидек жасап, скрепкаларға бекітеміз. Оларды екі орындықтың арқалығына бекітілген жіпке тағамыз да,
балаға жидек жинауды ұсынамыз. Ол скрепканы сол қолымен ұстап тұрып, оң қолының үш саусағымен жидектерді ыдыстарға салуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет