Тренингтер өткізу
«Мен қандай адаммын?»
Шарты: Әр қатысушы өзінің жағымды, жағымсыз қасиеттерін айтады. Ойлануға 5 мин. беріледі. Топ қатысушылардың айтылған қасиеттері бойынша, жаттығу соңында, қорытынды жүргізіледі.
«Менің қиыншылықтарым»
Шарты: Бұл жаттығуда қатысушылар бастарынан өткен қиыншылықтарды еске түсіріп, ортаға салады. Сол қиыншылықты айтқаннан кейін, әр қатысушы өз пікірлерін айтады.
«Ұқсастық шегі»
Шарты: Қатысушылар жұптасып отырады, А – форматтағы қағаз және қаламсап алады. Жанындағы жұбына қарап, ұқсастықты тауып, «Біздің ұқсастығымыз!» деп, қағаз бетіне жазады. Ұқсастық табу үшін 4 мин. уақыт беріледі. Жаттығуды орындағаннан кейін, жұп бір-бірінің жазған ұқсастығын оқып, өз ойларын айтады.
Қорытынды:
Мектеп психологының негізгі бағыттарыныңм бірі – психокоррекция (психо түзету) және дамытушылық жұмыстар. Бұл бағыт негізінен белсенді әдіс ретінде топтық және жеке жұмыста балаға психологиялық әсер ету жағдайын қарастырады. Ол мынадай міндеттерді шешеді:
- Өз құндылықтарын және жағымды «Мен» тұжырымдамасын қалыптастыру;
- Оқушыға психологиялық қолдау көрсету;
- Дұрыс қарым-қатынас жасай алуды үйрету;
- Эмоциялық мазасыздық пен күйзелістерден арылу;
- Оқу мотивациясын және ақыл-ой еңбегін дамыту;
- Өз бетінше шешім қабылдай алатын, бәсекеге қабілетті толыққанды дамыған тұлға қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |