Мектепішілік тәртіп ережелері Осы құжат Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР «Білім туралы»



бет1/6
Дата07.09.2020
өлшемі73,5 Kb.
#77632
түріКодекс
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Мектепішілік тәртіп ережелері
Мектепішілік тәртіп ережелері, Мектепішілік тәртіп ережелері, Мектепішілік тәртіп ережелері, Мектепішілік тәртіп ережелері

Мектепішілік тәртіп ережелері
  Осы құжат Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР «Білім туралы»  заңын (27.07.2007 ж), ҚР баланың құқықтары туралы конвенцияға, ҚР Еңбек Кодексін (15.05.2007ж №251), ҚР Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы (28.02.2004ж №528), Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары туралы ережесін (ҚР Үкіметінің Қаулысы 1999ж 02.12. № 1839) және мектеп Жарғысы басшылыққа алынды. 

Мақсаты мен міндеттері:

-          Оқушының даму және психологиялық денсаулығын сақтай отырып, мектепте дұрыс жұмыс тәртібін құру;

-          Мектептегі бірін –бірі сыйлау тәртібін қолдау;

-          Қазіргі қоғамда және жеке жауапкершілікке тәрбиелеуде оқушыға көмек көрсету;

-          Жеке тұлға құқықтарын сыйлауға, сонымен бірге қоғамдағы жеке міндеттерін түсіне білуге тәрбиелеу;

-          Жалпы адамгершілік құндылығының  негізінде мәдени тәртіпке және қатынастың дамуына тәрбиелеу;          



I.  Мектеп қызметкерлерінің негізгі міндеттері:

1.   Мектеп Жарлығында жазылған міндеттерді лауазымдық нұсқауларды қатаң сақтау.

2.  Әкімшілік бұйрығын уақытында орындау, берілген жұмыс уақытын сақтау, еңбек тәртібін     сақтап, жұмысқа  уақытында келу.

3.  Міндетті түрде іскер киім түрін сақтау –ақ және қара түс, классикалық киім түрлері –шалбар, пиджак, кеудеше, юбка.

4. Еңбектің жоғары нәтижесіне жету үшін жұмыс сапасын жоғарлатуға талпыну, орындау тәртібін сақтау, үнемі шығармашылық талапта болу.

5. Әртүрлі іс –шараларды өткізуде немесе дайындауға өте ұқыпты болу, өрт қауіпсіздігі және   еңбек қауіпсіздігінің нұсқауларын қатал сақтау.

6. Жарақат болған жағдайда, оның ауыртпашылығына қарамай мектеп жетекшілеріне хабарлап, алғашқы көмек көрсету, қажет болған жағдайда жедел жәрдем шақыру.

7.  Жұмыс орнын таза ұстау, құнды заттар мен құжаттарды бекітілген тәртіп бойынша        сақтау;

8. Заттар, жылу мен тоқ көзін үнемді жұмсау. Оқушыларды мектеп мүліктеріне , заттарына  ұқыпты қарауға тәрбиелеу;

9.  Медициналық байқау тәртібі бойынша белгіленген мерзімде медициналық байқаудан       өту, қажет болса егілу;

10. Мұғалімдер сабақ және қоңырау кезінде оқушылардың өмірі мен денсаулығына       жауапты. Жарақат болған жағдайда шұғыл түрде мектеп әкімшілігіне хабарлау;

11. Мұғалім оқушы сабаққа кешігіп келсе, сабаққа кіргізбеуге құқысы жоқ, оған тек      мектеп әкімшілігінің ғана құқысы бар. Егер оқушы кітап немесе оқу құралдарын      үйде ұмытқан жағдайда мұғалім баланы үйге жіберуге, тәртіп бұзғаны үшін сыныптан      шығарып жіберуге құқысы жоқ. Сондай-ақ, тәртібі үшін мұғалім журналға «2» қоюға      құқысы жоқ.

12. Сабақ біткен соң мұғалім оқушыларды қатаң түрдегі жағдайларда ғана ұстауға       құқылы:

    - сынып сағаттары мен жиналыстарда;

    - сыныптан тыс және мектеп бойынша мерекелерде;

    - сынақтар, қосымша сабақтар кезінде.

      Басқа жағдайлар тек мектеп әкімшілігінің келісімімен;

13. Мектеп ішілік кезекшілік кезекші әкімшілікпен (кесте бойынша), кезекші       мұғалімдер мен кезекші сыныптар, этаж бойынша кезекші мұғалімдермен (кесте       бойынша) атқарылады. Егер кезекшілік мұғалімнің әдістемелік күніне түсіп тұрса       кезекшілікке жіберілмейді. Кезекші әкімшілік және мұғалім сабақ басталғанға дейін 30 минут бұрын  мектепте болуы керек.

14.  Өрт және басқа да апаттың кезінде мұғалімдер бекітілген эвакуацияның жоспарымен    жұмыс  істейді.

 15.   Педагогика қызметкерлері педагогика кадрларының аттестация жағдайына сәйкес 5 жылда   бір рет аттестациядан өтеді.



  II. Кезекші мұғалім жауапты:

-          сыныптың мектеп бойынша кезекшілігіне;

-          қоңыраудың уақытылы соғылуына;

-          мектеп ішіндегі тәртіптің орындалуына;

-          қабаттардағы кезекшіліктерге.

III.  Педагогтар мен қызметкерлердің жұмыс уақыты және оның қолданылуы.

1.      Мектеп 2 ауысымда жұмыс істейді. 1 ауысым – 8.00 – дан 13.35- ке дейін2 ауысым – 14.00- ден 19.35 – ге дейін (қысқы мерзімде 13.30 дан -19,05). Мұғалімдер мектепке сабақтың басталуына 15 минут  қалғанда  келу керек. Бұл уақыт кабинетті санитарно- гигиеналық нормаға сәйкес дайындауға арналған.

2.      Мұғалімнің жұмыс істеу тәртібі мына жағдайларда ұзарады:·         педкеңестерді өткізу

·         директордың қатысуымен өтетін жиналыс, әдістемелік бірлестіктің отырысы, әдістемелік кеңес семинары

3.      Мұғалімдер сабаққа қоңырау соғылысымен кіріседі, сонымен бірге қоңырау соғылғаннан кейін сабақты кешігіп бастауы рұқсат етілмейді, бұл мұғалімнің жұмыс орнында жоқтығын білдіреді.

4.      Каникул уақыты жұмыс уақыты болып саналады. Каникул уақытында мұғалімнің жұмысы оқу жүктемесіне байланысты іске асады. Каникул уақытында себепсіз жұмысқа келмей қалу жұмыстан кетумен бірдей.

5.      Қызметкерлердің ауырып қалу себебін, еңбекке жарамсыз парағының ашылуы туралы күні бұрын мектепке хабарлауы керек. Жұмысқа шығуы туралы мәліметті алдын – ала хабарлау керек. Жұмысқа шыққан алғашқы күні-ақ еңбекке жарамсыз парағы мектеп дирекорына берілуі керек.

Кезекші әкімшілік қызметкері өз уақытында мұғалімдер мен оқушыларға сабақтың ауысуы туралы мәлімет беру керек.

7.      Педагог қызметкерлерге және мектептің қосымша қызметкерлеріне тыйым салынады: 

·         Сабақ кестесін өзгертуге;

·         Сабақтың өту уақытын қысқартуға, өзгертуге;

·         Оқушыларды мұғалімсіз кабинетте жалғыз қалдыруға;

·         Сабақтан оқушыларды себепсіз шығаруға;

·         Әріптестерін функционалдық міндеттерінен алаңдатуға;

·         Оқушыларға педагогикалық шараларға қарсы ықпал қолдануға;

·         Ұялы телефондарды ретсіз қолдануға тыйым салынады;

·         Ата-аналар және оқушылардан ақшалай қаржы жинауға тыйым салынады.

8.      Сынып жетекшісі сынып оқушыларының асханада тамақтануын және асханадағы тәртіпті сақтауын қадағалау.

9.      Мектепішілік тәртіп бірыңғай болып табылады және педогогикалық  қызметкерлер бұл тәртіпті орындауға міндетті.

10.  Мектепішілік  тәртіпті бұзғаны үшін мектеп қызметкерлеріне сөгіс жариялайды:

·         ескерту;

·         сөгіс;

·         жұмыстан босату;

11.  Жұмыстағы жоғары көрсеткіштері, лауазымдық міндеттерін жауапкершілікпен орындағандары, шығармашылығы және талаптары үшін қызметкер марапатталады

1.      Ішкі еңбек тәртібінің Ережелерін орындалуын бақылау мектеп әкімішілігі және кәсіподақ бірлестігіне жүктелген.

  IV. Оқушылардың жалпы тәртібі.

 IV.I. Мектепке келу мен оқушының сыртқы келбеті.

Оқушы мектепке келер кезде қауіпті жерлер, құрылыс алаңдары, қауіпті бұрылыстармен жүрмей, жан- жақты бақылап, қауіпсіз маршрутты таңдауы тиіс. Қоғамдық көліктерде оқушы тәртіпті және қауіпсіздік ережесін сақтауы тиіс. Мектептегі сабақ: 1 ауысым- 8.00 басталады. Дүйсенбі күндері 07.50-де әнұран орындалады; 2 ауысым- 14 сағ 00-де (қысқы мерзімде 13.30) басталады. Дүйсенбі күндері 13.45 әнұран орындалады. Қысқы мерзімде әнұран 13.20 басталады. Бірыңғай мектеп формасын кию: ұлдардың сыртқы келбеті- қара шалбар, бір түсті көйлек (негізінен көк түс, мереке күндері ақ түс); қыздар- қара көйлек, ақ және  қара фартук. Оқушылардың сыртқы келбетін кезекші мұғалімдер мен әкімшілік бақылап, негізгі тәртіп бойынша киінуін талап етеді. Оқушы сабақ басталмас бұрын 15-20 минут ерте келуге және өзімен бірге таза екінші аяқ киімді алып жүру керек. Дене тәрбиесі мен технология сабақтарында арнайы киімді (технология сабағында- фартук, дене тәрбиесі сабағында- спорттық киім, аяқ киім) кию керек. Мектеп ішінде сыртқы киіммен жүруге тиым салынады. Оқушы мектепке ұқыпты, таза келуі керек. Өзімен бірге таза мұрын орамалы, тарағы болуы тиіс. Кешігіп келген оқушыны кезекшілік әкімшілік немесе кезекші мұғалім тіркейді және күнделігіне жазылады. Сабаққа кешіккен оқушы  кезекшілік әкімшілігінің рұқсатымен сабаққа жіберіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет