Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы



бет56/102
Дата25.01.2017
өлшемі29,91 Mb.
#7639
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   102

27.

Экранды-дыбыстық құралдар:









Мультимедиалық құралдар комплекті

Комплектке видеофильмдер мен 7-11 сыныптар бойынша физиканың интерактивті курсы кіреді. Комплектте кемінде 5 диск (CD, DVD) бар.

ж-тама

1



«Астрономия бойынша көрнекі-әдістемелік құрал» оқытушыға арналған электронды құралы

Құралға қазақ және орыс тілдеріндегі кемінде 48-ге жуық тақырыптар бойынша материалдар кіреді.

дана

1



«Физика бойынша зертханалық жұмыстар мен практикум» оқытушыға арналған электронды құралы

Құралға физика бойынша 7-11 сыныптарды қамтитын қазақ және орыс тілдеріндегі кемінде 56 зертханалық жұмыстар мен практикумдар кіреді. Тақырыптары жұмыс дәптерлерінде сипатталған зертханалық жұмыстар мен практикумға сәйкес келеді.

дана

1



Жалпы білім беретін мектептердің физика кабинетіне арналған демонстрациялық және оқу-зертханалық жабдықтардың электронды каталогы. Оларды қолдану жөніндегі нұсқаулық

Физика кабинетіне арналған демонстрациялық және оқу-зертханалық жабдықтардың техникалық сипаттамасы бар иллюстрациялық каталог. Оларды қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулық (CD).

дана

1

28.

Мамандандырылған зертханалық жиһаз комплекті:









Қабырғаға ілетін аудиториялық тақта

Габариттік өлшемдері: кемінде 1712х1012 mm. Тақтаның конструкциясы көп қабатты, жұмыс беті болатпен қапталған. Жасыл түсті күңгірт қаптамасы тақтадағы бормен жазылған кескінді анық көруге, сондай-ақ тақтадағы жазуларды қиындықсыз өшіруге мүмкіндік береді. Тақтаның болат негізді қаптамасы тақтаның бетіне магниттердің көмегімен көрнекі оқу құралдарын бекітіп ілуге мүмкіндік береді. Тақтаның бүйір шеттері алюминий немесе болат профильмен қапталған, контуры бойынша полиэтилен бұрыштықтармен тұйықталған. Тақтаның болаттан жасалған профилі ақ түсті берік полимер бояумен боялған.
Ортаңғы элементтің төменгі жағын бойлай орналасқан борға және бор ұнтақтарының түсуіне арналған астаушасы бар. Оның бүйірлері пластмасса қақпақшалармен жабылған. Тақтаның астаушасы алюминий немесе болат профильден жасалған. Болат профильден жасалған астаушасы ақ түсті полимер бояумен боялған.

дана

1



ОТҚ (оқытудың техникалық құралдары) арналған жылжымалы шағын үстел

ОТҚ-на арналған жылжымалы үстелдің құрылымы өлшемі кемінде 25х25 mm тік төртбұрышты трубадан жасалған дәнекерленген екі қаңқа болып табылады. Қаңқалар өзара қалыңдығы кемінде 1,2 mm иілген болаттан жасалған төрт тақтайдың көмегімен байланысады. Тақтайларда түсі ақ немес сұр қалыңдығы кемінде 16 mm өлшемі 440х480 mm ЛДСП-дан жасалған биіктігі бойынша реттелетін екі сөре орнатылған. Қаңқасының жоғарғы бөлігінің екі жағынан қалыңдығы кемінде 16 mm топсамен түсі ақ немесе сұр ЛДСП-дан жасалған ашылатын екі сөре орнатылған. Сөрелердің өлшемдері 280х480 mm. Сөрелер тербелмелі тірек көмегімен ашық күйде бекітіледі. Қаңқасының төменгі бөлігіне блокталған төрт шығыршық бекітілген. Үстелдің барлық металл бөліктері ақ немесе сұр түсті полимерлі ұнтақ жабынға ие.

дана

1



Физика кабинетіне арналған екі бөлімнен тұратын демонстрациялық үстел

Әрбір бөлімнің габариттік өлшемдері: кемінде 1200х750х900mm.
1 бөлімі: Үстіңгі тақтайы қалыңдығы 0,6 mm-ден кем емес химиялық әсерлер мен ыстыққа төзімді пластикалық жабыны бар, 22 mm-ден кем емес МДФ-дан жасалған, түсі ақ. Үстіңгі тақтайының жиегі қалыңдығы кемінде 2 mm ПВХ-дан жасалған. Тірек бөліктері мен сөрелері қалыңдығы кемінде 16 mm болатын ЛДСП-дан жасалған. Үстел үстіңгі тақтай астына орналасқан бір сөре және есігі мен екі сөресі бар бір жақты тумбамен жабдықталған. Үстіңгі тақтайдың астында 220V, 42V 2 розетка бар. Үстелдің түсі ақ немесе сұр.
2 бөлімі: Үстіңгі тақтайы қалыңдығы 0,6 mm-ден кем емес химиялық әсерлер мен ыстыққа төзімді пластикалық жабыны бар, 22 mm-ден кем емес МДФ-дан жасалған. Үстіңгі тақтайының жиегі қалыңдығы кемінде 2 mm ПВХ-дан жасалған. Тірек бөліктері мен сөрелері қалыңдығы кемінде 16 mm болатын ЛДСП-дан жасалған. Үстел үстіңгі тақтай астына орналасқан бір сөре және есігі мен екі сөресі бар бір жақты тумбамен жабдықталған. Үстелдің түсі ақ немесе сұр.
Үстелдің әрбір бөлімінің бір жақты тумбалары мен сөрелері бір-біріне қарама-қарсы орналасады.

ж-тама

1



Компьютерге арналған жанама құрылғысы бар оқытушы үстелі

Габариттік өлшемдері: кемінде 1200х750х760 mm. Үстіңгі тақтайының қалыңдығы кемінде 16 mm. ЛДСП-дан жасалған, 3 жағынан биіктігі кемінде 140 mm борты бар. Тірек бөліктері мен сөрелерінің қалыңдығы кемінде 16 mm ЛДСП-дан жасалған. Үстіңгі тақтайдың астында пернетақтаға арналған тартпалы сөре, сол жағынан есікті тумба және екі сөре, оң жағынан жүйелі блокқа арналған жәшік орналасқан. Үстіңгі тақтайының үстінде өлшемі кемінде 1200х200 mm болатын ЛДСП-дан жасалған сөре орнатылған. Үстіңгі тақтайда диаметрі 60 mm-лік коммуникациялық саңылау бар, ол компютер кабельдеріне арналған, қақпақшасы бар. Үстелдің үстіңгі тақтайының жиегі кемінде 2 mm ПВХ-дан жасалған. Үстелдің түсі ақ немесе сұр.

дана

1



Оқытушы үстеліне арналған тұғыр

Тұғырдың габариттік өлшемдері: кемінде 4000х2200х150 mm.
Тұғырдың қаңқасы қалыңдығы кемінде 16 mm ДСП-дан жасалған, тұғыр едені ламинатпен жабылады, бүйір шеттері металл профильмен қапталады.

дана

1



Физика кабинетіне арналған зертханалық оқушы үстелі

Габариттік өлшемдері: кемінде 1226х616х760 mm. Үстіңгі тақтайы қалыңдығы 0,6 mm-ден кем емес химиялық әсерлер мен ыстыққа төзімді пластикалық жабыны бар, 22 mm-ден кем емес МДФ-дан жасалған, түсі ақ. Үстіңгі тақтайдың үстіндегі шағын борт көк түсті ЛДСП-дан жасалған, биіктігі - 60 mm. Борттың шеттері сопақша болып келген, периметрі бойынша ақ түсті ПВХ-дан жасалған жартылай дөңгелек жиекке ие. Үстіңгі тақтайдың астындағы ілмектер металл қаңқаға бекітілген. Металл қаңқа екі жанама тіректен тұрады, тіректер орнықтылықты күшейту үшін өзара жоғарғы арқалықпен және жалпақ панельмен байланысқан. Бүйір тірегі қалыңдығы кемінде 1,2 mm. болатын имек болат профильден жасалған, тікбұрышты пішінге ие, полимерлік көк бояумен боялған. Бүйір тірегінің сырт жағынан ақ немесе сұр бояумен боялған сәндік болат құрылғы орнатылған. Тіректің бүйір және төменгі көлденең бөліктері бүкіл периметрін бойлай өзара имек күйде дәнекерлеп байланыстырылған. Төменгі тірек ұштары шеңбер күйінде келіп, бұранда арқылы төрт жерінен еденге бекітіледі. Саңылаулары пластмасса тығындармен жабылады. Төменгі тірек ұштары төрт жерінен бұрама шегелердің (5х50) көмегімен еденге бекіту үшін саңылауы бар пластмассалық өкшеліктермен жабылады. Алдыңғы панелі жалпақ болаттан жасалған, имек пішінді. Металл қаңқа мен алдыңғы панель полимерлік жабынға ие, түсі аралас - сұр және көк. Сол жақ бүйір тірегінің төменгі және жоғарғы жағынан электр сымын жүргізуге арналған саңылау жасалған.
Бүйір тірегінің жоғарғы ішкі бөліміне розетканы бекітуге арналған ЛДСП-дан жасалған жұқа тақтайша орнатылады. Оқушының жұмыс орны 42 V қауіпсіз кернеумен қамтамасыз етіледі.

дана

15



Оқытушы креслосы

Креслоның 5 дөңгелегі бар, биіктігі бойынша реттеледі, қаптамасы - гобелен, түсі - қара

дана

1



Оқушы орындықтары

Габариттік өлшемдері: кемінде 380х390х460 mm. Қаңқасы полимерлік жабынға ие, өлшемі 25x25 mm-лік, қабырғаларының қалыңдығы кемінде 1,2 mm шаршы трубадан жасалған дәнекерленген конструкция болып табылады. Көк полимер боямен сырланған. Отырғышы мен арқалығы анатомиялық пішінде қалыңдығы 8 mm-ден кем болмайтын иіп жапсырылған фанерден жасалған, бетіне түссіз лак жағылған. Отырғыштары мен арқалықтар металл қаңқаға өз бетінше бекітілетін тойтарма шегелер арқылы орнықтырылады. Қаңқа негізінің ұштары өкшелік тығынмен жабылған, тойтарма шегемен бекітіледі, ал арқалық тірегінің ұштары пластмассадан жасалған төртбұрышты тығынмен жабылған.

дана

30



Көпфункциялық шкаф

Көпфункциялық шкаф үш шкафтан құралған. Әр шкафтың габариттік өлшемдері: кемінде 900х430х2200 mm. Жабық, жартылай әйнектелген шкаф – 2 дана. Тірек бөліктері, сөрелері қалыңдығы кемінде 16 mm ЛДСП-дан жасалған, артқы қабырғасы қалыңдығы кемінде 4 mm ДВП-дан жасалған. Түсі ақ немесе сұр. Жоғарғы секциясы үш сөреден тұрады, жиегі қалыңдығы кемінде 2 mm ПВХ-дан жасалған. Әйнектелген қос жарма есігінің жақтауы сұр түсті МДФ профильден жасалған. Төменгі секциясы екі сөремен және қалыңдығы кемінде 8 mm ЛДСП-дан, жақтаулары сұр түсті МДФ профильден жасалған сұр түсті қос жарма есікпен жабдықталған. Төменгі есіктерге құлыптар және екі тұтқа орнатылған.
Жоғарғы және төменгі секциялары аралығында ашық орны бар жартылай әйнектелген жабық шкаф – 1 дана. Тірек бөліктері қалыңдығы кемінде 16 mm ЛДСП-дан жасалған, артқы қабырғасы қалыңдығы кемінде 4 mm ДВП-дан жасалған. Түсі ақ немесе сұр. Жоғарғы секциясы үш сөреден тұрады, жиегі қалыңдығы кемінде 2 mm ПВХ-дан жасалған. Әйнектелген қос жарма есіктің жақтауы сұр түсті МДФ-профильден жасалған. Төменгі секциясы екі сөремен және қалыңдығы кемінде 8 mm ЛДСП-дан, жақтаулары сұр түсті МДФ профильден жасалған сұр түсті қос жарма есікпен жабдықталған. Төменгі есіктеріне құлыптар мен екі тұтқа орнатылған. Әйнектелген жоғарғы және төменгі тұтас есіктерінің аралығында биіктігі 300 mm ашық бөлік бар. Топсалары штампталған болаттан жасалған.

ж-тама

1



Монтаждық материалдар комплекті

Өніммен жабдықтаушы монтаждау кезінде сапалы, қауіпсіз материалдарды пайдалануы және кабинетті дайын күйінде тапсыруы тиіс.

ж-тама

1


Физика кабинетінің лаборант бөлмесі





Құрал-жабдықтар тізімі

Өлшем бірлігі

Саны

1.

Оқытушы мен лаборантқа арналған үстел

дана

1

2.

Орындықтар

дана

2

3.

Лаборант бөлмесіне арналған үстел

дана

1

4.

Кептіргіш шкаф

дана

1

5.

Тоңазытқыш шкаф

дана

1

6.

Лаборант бөлмесіне арналған шкаф-сөрелер

дана

5

7.

Құрал-жабдыққа арналған үстел-арба

дана

2

Каталог: uploads -> docfiles
docfiles -> Жалпы білім беретін ұйымдар оқушылары арасында аймақтық Әбіш оқуларының байқауын дайындау және өткізу ережесі
docfiles -> Байпақов Шаймұрза Жаңайұлы
docfiles -> Маңғыстау облысының білім басқармасының 26. 12. 2015ж. №4 алқа шешімімен бекітілді
docfiles -> Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың сайлауалды Бес институционалдық реформасы «100 нақты қадам»
docfiles -> Білім беру ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар туралы ақпарат Маңғыстау облысының білім басқармасы Маңғыстау облысының «Маңғыстау облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
docfiles -> Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың сайлауалды Бес институционалдық реформасы «100 нақты қадам»
docfiles -> Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы баяндама


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет