Шығармашылық қабілеттерін дамыту технологиясы
ТРИЗ – өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы. Негізін салушы - Генрих Альтшуллер. Оның технологиясының басты идеясы техникалық жүйелер белгілі бір заңдармен туындап, дамиды: бұл заңдарды тануға болады және өнертапқыштық тапсырмаларды шешу үшін қолдануға болады. Қазіргі таңда Г.С.Альтшуллердің ТРИЗ технологиясы мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін, тапқырлығын, шығармашылық елестетуін, диалектикалық ойлауын дамыту үшін бала бақшаларда табысты қолданылады. ТРИЗ мақсаты – балалардың ой-өрісін дамытумен қатар, жүріп жатқан үдерісті түсіндіре отырып, жүйелі ойлауынуға үйрету. Тәрбиешілердің қолына балалардың қоршаған ортаның қайшылықтары мен біртұтастығын ұғынуға қабілетті шығармашылық қасиеттерін нақты практикалық тәрбиелеу құралын беру. Үдерісте ТРИЗ бейімделген әдістерін қолдануда артықшылықтары бары сөзсіз:
балалардың танымдық іс-әрекетін белсендіреді;
шығармашылықтың туындауына ынта береді;
балалардың бейнелей сөйлеуін дамыту үшін жағдай жасайды (бағалау лексикасының сөз қорын ауыспалы мағынадағы сөздер, синоним мен антонимді байыту);
барлық тілдік құралдарды меңгерудің тиімділігін арттырады;
лексика-грамматикалық құрылысын құрудағы саналылығын қалыптастырады;
ойлау қабілетінің талдау-синтетикалық операцияларының икемділігін дамытады.
Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасауда ТРИЗ элементтерін қолдана отырып, келесідей дидактикалық қағидаттарды ескеру қажет:
таңдау еркіндігі қағидаты – балаға кез келген оқыту немесе басқару әрекетіне таңдау құқығы;
ашықтылық қағидаты – балаға ашық (шешімінің бірнеше жолы бар) тапсырмалармен жұмыс істеу мүмкіндігін беру керек. Шығармашылық тапсырмалар жағдайында шешімнің әртүрлі нұсқаларын жасауы керек;
іс-әрекет қағидаты – кез келген шығармашылық тапсырмаға практикалық іс-әрекетке қосу қажет;
кері байланыс қағидаты – тәрбиеші балалардың ойлау операцияларын меңгеру үдерісін тұрақты бақылай алады, өйткені жаңа шығармашылық тапсырмада алдыңғы шығармашылық тапсырманың элементтері болады;
мінсіздік қағидаты – шығармашылық тапсырмалар арнайы жабдықты қажет етпейді және кез келген сабақтың бөлігі болуы мүмкін, бұл өз кезегінде балалардың білімі мен қызығушылықтарын, мүмкіндіктерін барынша қолдануға мүмкіндік береді.
1945 жылы дарынды ойлау жай ойлаудан немен ерекшеленетіндігін ұғынуға ұмтылған Г. С. Альтшуллер шығармашылықтың ғылыми технологиясын дайындауына кірісті. Оның технологиясының басты идеясы техникалық жүйелер белгілі бір заңдармен туындап, дамиды: бұл заңдарды тануға болады және өнертапқыштық тапсырмаларды шешу үшін қолдануға болады. ТРИЗ жаңа техникалық мақсаттарды нақты ғылымға айналдырады, себебі өнертапқыштық тапсырмалардың шешімі ізденістердің орнына текке логикалық операциялардың жүйесіне құрылады. Экскаватор болған жағдайда, күрекпен жұмыс істеу, автокөлік болғанда, жүкті арқалау орынсыз және ысырабы көп. Ойды қажетті бағытқа бұруға және ескішілдік, қызығушылық тудыртпайтын жұмыстың көп бөлігін орындауға қабілетті жүйелі құралды қолданудың орнына шығармашылық «нұрлануды» күту орынсыз.
Мектеп жасына дейінгі балалар үшін «ТРИЗ» технологиялары – бұл тәрбиешілер үшін толық әдістемелік ұсыныстары бар ұжымдық ойындар мен сабақтар жүйесі. ТРИЗ негізгі бағдарламасын ауыстыруға емес, оның тиімділігін барынша арттыруға арналған. Тәрбиеші жұмыс істейтін кез келген бағдарлама негізінде практикада тексерілген ТРИЗ әдістері мен тәсілдерін қолдануға болады. ТРИЗ ұстанушыларының ұстанымы: әрбір бала тумысынан дарынды және кемеңгер, алайда оны барынша төмен шығын жағдайында барынша жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін қазіргі заманға бағдарлануына үйрету керек. Барлық сабақтар мен ойындар баланың тақырыпты, материалдар мен іс-әрекет түрін дербес таңдауды білдіреді. Олар балаларды заттар, құбылыстардың қайшы ерекшеліктерін анықтауға және осы қайшылықтарды шешуге үйретеді. Қайшылықтарды шешу – шығармашылық ойлауға деген кілт.
Балалармен жұмыс жасаудың негізгі құралы педагогикалық ізденіс болып табылады. Педагог балаларға дайын білім бермеуі керек, олардың алдында ақиқатты ашпауы тиіс, ол ақиқатты өзі табуы қажет. Егер балалар сұрақ қоятын болса, сол уақытта дереу жауап бермеуі керек. Керісінше, ол өзі не ойлайтындығын сұрауы қажет. Оны талқылауға шақыру керек. Жетелеуші сұрақтармен баланың жауапты өзі тапты деуге алып келуі керек. Егер бала сұрақ қоймаған жағдайда, педагог қайшылықтарды атап көрсетуі тиіс. Баланы жауапты табу жағдайына, яғни құбылыс немесе заттың тануы және қайта түрленуінің тарихи жолын қайталауы керек жағдайға қояды. Мәселен, тәрбиеші балаларға ағаштың қасиеттері туралы білім бере отырып, «Егер жерде ағаш болмаса не болар еді?» деген сұрақтан бастауы мүмкін. Балалар өздерінің ой-пікірлерінің нұсқаларын айта бастайды. Одан кейін: «Ағаш несімен пайдалы?» деп сұрақ қояды. Жауаптардың түрлі нұсқалары айтылады, кейбір жауаптар қайталанғанымен, ағаштың жаңа қасиеттері мен ерекшеліктері ашылады. Сұрақтар тізбегі жалғасады: «Егер ағаш сондай пайдалы, одан көптеген заттар жасауға болса, онда адам неліктен металды өндіруді, пластмасса жасауды үйренді? Ағаштың қандай қасиеттері адамға ұнамады? Ағаштың несі қолайсыз? Неліктен адамдар орман өсіреді және саябақтар жасайды? Барлық ағаштардың қасиеттері бірдей ме, әлде ерекшелене ме? Ағаштар несімен ерекшеленеді? Ағаштан жасалынатын қандай заттарды атауға болады?» және т.б. Одан кейін ағаштың қасиеттері анықталынатын тәжірибелер жүргізіледі: суда бата ма немесе батпай ма; жана ма, жанбай ма; суды өткізе ме, жоқ па; бояла ма, боялмай ма және т.б. Сонымен, сабақ ақиқатты және мәнін іздеу ретінде өтеді. Баланы ағашты зат ретінде көп түрлі қолдану мәселесіне алып келеді және ыдыс-аяқ, жиһаз жасау кезінде ағаштың алмастырушылары бар екендігін түсіндіреді.
«ТРИЗ» технологиясында қайшылықтардың көптеген тәсілдері жинақталған. Алайда деректер банкін, көп жағдайда, жас тәрбиеші қолданады. Тәжірибелі мол педагогтар табиғат және затты әлемнің қоршаған объектілерінде өздері қайшылықтарды табады және оларды балалармен жұмыс жасауда қолданады. Бірақ негізгі міндет: балаларды өз шешімдерін іздеуге және табуға үйрету – бұл шығармашылық ойлауда, қиялдауда, жаңаны ойлап табуда байқалатын өнертапқыштық кезең.
Айта кететін жайт, «ТРИЗ» технологиясы баланы ғана емес, тәрбиешіні де шығармашылық педагогикаға оқытады. ТРИЗ қолдаушылары алдында тұрған басты мәселе – дайын формуланы балалармен сабақ өткізуде схемалық түрде қолдану ниетінен сақтандыру. Балалар тумысынан үлкендердің ақпараттарын талдай отырып, өздерінің қандай да бір жүйесін құруға, өзінің пәктігі мен аңғалдығын көрсете, жүріп жатқан үдерістердің заңдылықтарын ұғынуға талпынады. ТРИЗ оқиғалар мен құбылыстардың заңдылықтарын түсіну үдерісімен мүмкіндігіне қарай танысуды ұсынады. «ТРИЗ» технологиясы балалармен тарихи тақырыпта әңгімелесуді ұсынады: қарындашты ойлап табу тарихы; үстелді ойлап табу тарихы; дөңгелек, шам, радио, робот және т.б. тарихы. Объектіні даму тұрғысынан қарау үнемі жетілдірудің, ойлап табудың себептерін түсінуге мүмкіндік береді. Балалар ойлап табу – бұл қайшылықтарды шешу дегенді түсіне бастайды.
Мектеп жасына дейінгі балалармен серуендеуде балалардың ой-өрісін белсендендіретін әртүрлі тәсілдерді қолдануға кеңес беріледі: табиғат заңдарының өзгеруі, табиғаттың оянуы, түрленуі, объектінің әсер ету деңгейінің артуы, төмендеуі және т.б. Мәселен, тәрбиеші балаларға: «Ал, балалар, желді тұрғызайық: оның анасы кім? Оның достары кім? Не үшін жел күнмен дауласады?». Эмпатия тәсілін де қолдануға болады. Балалар өздерін бақылаушы орнына қояды: «Егер сен бұтаға айналсаң, не істер едің? Нені армандайсың? Кімнен қорқасың? Кіммен достасар едің? Сенің жапырақтарың не туралы сыбырлайды?» немесе «Өзіңді қызыл қоңыздың орнына қойып көр. Не үшін сен өмір сүресің? Сенің достарың кім? Нені жегенді жақсы көресің?». «ТРИЗ» бағдарламасы тәрбиешілер мен балаларға адам өзінің жасына тәуелсіз меңгеретін шығармашылықтың әдістері мен құралдарын береді. Осы бірыңғай құралды қолдана отырып, балалар мен ересектер бір-бірімен тіл табысуы, түсінісуі жеңіл болады. ТРИЗ – бір рет құрылып, өзгермейтін шығармашылық педагогикалық жұмыстар жүйесі емес, бұл үнемі дамитын технология. ТРИЗ қолдаушылары әрдайым ізденісте болады, балалар мен тәрбиешілердің шығармашылық ойлауын белсендірудің жаңа әдістерін ойлап табады, дайындайды. Стандарттан тыс ойлауға, шаблонды емес шешімдерді қабылдауға не барынша кедергі жасайды деген сұраққа А. Страунинг барлық ересектерде болатын және ересектер оны балаларға кішкентай жасынан бастап «табысты» дағдыландыратын психологиялық инерция деп жауап беретін. Психологиялық инерция өмірлік жағдайды шешу ересектерге (балаларға қиын) жеңіл болатын қандай да бір жаңаны шығару кезінде кедергі болып табылады.
Әртүрлі психологиялық кедергілер бар:
тар мамандануынан туындаған бөтен аймаққа ену қорқынышы;
ақымақ болып көріну қорқынышы, осы жерден сын қорқынышы; бедел алдындағы қорқыныш;
бір нәрсенің мүмкін емес, қол жетімсіз ретіндегі мінсіз қорқынышы;
объектіні әдеттен тыс функциясынан қабылдай алмау қабілеті, әйтпесе, «шығармашылық соқырлық», формалды логикаға догмалық қарым-қатынасы орын алады. Осы кедергілерді еңсеру үшін келесідей элементтен тұратын шығармашылық белсенділікті ынталандырудың негізгі қағидаттарына сүйенуі қажет:
өз ашылымдарынан қорықса, қайтуға болатын бала үшін қауіпсіз психологиялық базаны құру;
баланың шығармашылыққа деген қабілеттілігіне қолдау көрсету, оның сәтсіздіктерінде көмек беру, шығармашылық талпыныстарға теріс баға беруіне жол бермеу;
«қисынсыз» идеялар мен сұрақтарына шыдамдылық, балалардың барлық сұрақтарына, тіпті, егер олар шектен шыққан болса да, жауап беру қажеттілігі.
Психологиялық инерцияны алып тастауға және қысқа уақытта жаңа идеялардың барынша көп санын алуға мүмкіндік беретін барынша танымал әдісті А. Страунинг «ми шабуылы» деп атайды. «Ми шабуылын» педагогтармен және балалармен жүргізу ұсынылады. Бірақ жүргізу әдістемесінің өзіндік ерекшеліктері бар. Мәселен, ересектермен «ми шабуылын» былай өткізеді: жұмыс тобына 7-12 идея генераторларын, шешілетін міндет саласының кәсіпқойларын ғана емес, сырттан келген адамдарды да шақырады. Балабақшаға педкеңеске кімдерді шақырады? Әдетте, бұл педагогтар, дәрігерлер, ата-аналар, басшылар. Бала күтушіні ше? Аспазшыны ше? Кір жуушыны ше? Аула сыпырушысын ше? Олар туралы ұмытады, осы адамдардың да балаларға қатысы бар ғой. Кейде олар туралы мынаны естуге болады: «Неліктен олардың жаны балалар үшін ауырмайды?». Өйткені, оларды техникалық қызметкерлер ретінде педагогикалық үдеріске қоспайды. Алайда, күтпеген шешім үйреншікті кәсіби шеңбермен шектелмеген адамдардан туындайды. «Идея генераторларын» дөңгелектей отырғызады. «Ми шабуылын» 2-3 құзыретті, беделі жоғары қызметкерлер кіретін сарапшы топтарының бірі (басшы емес) жүргізеді. «Ми шабуылы» басталмастан міндет-мәселе қойылады. Ойлануға уақыт беріледі және қатысушылар өз идеяларын айта бастайды. Бірінші өз идеясын айтуға лауазымы бойынша кіші қызметкерге беделділер алдында қорқыныш қыспау мақсатында беріледі. Басшы соңғы болып өз идеясын айтады. Әдетте көбісі батыл, тосын идеяларын айту тәуекеліне бармайды, себебі сынға қалудан қауіптенеді. Сондықтан, «ми шабуылы» жүргізу кезінде сын (сөз, дене қимылы, ым) айтуға тыйым салынады және кез келген, тіпті, әзіл немесе жөнсіз идеялар марапатталады. Барлық айтылған идеялар оларды сарапшылар тобы кезекті қарау үшін жазылады. «Идея генераторлары» шешімін бекіткеннен кейін осал жерлерін анықтау және оларды түзету мақсатында жақтаушылары мен қарсыластары болып бөлінеді.
Балалармен «ми шабуылы» жоспарланбаған, аяқ асты, қандай да бір міндеттерді шешу кезінде туындауы мүмкін. Балалармен «ми шабуылын» өткізудің ерекшелігі айтылған идеяны талқылау барысында өздері түзейді, оларды талдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |