Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияларды қолдану Сүлеймен Ә.Қ



бет3/4
Дата07.02.2022
өлшемі22,2 Kb.
#95918
1   2   3   4
Зерттеу жұмысының технологиясы: зерттеу жұмыстары балаға өзекті мәселеге бағытталып және оны шешудің бірқатар әрекеттерін анықтауға көмектеседі. Бұл жағдайда, бала ғалым сияқты, зерттеу жүргізеді, эксперименттер жасайды.
Зерттеуді ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдері:

  • бақылау;

  • әңгімелесу;

  • эксперименттер;

  • дидактикалық ойындар;

  • модельдеу жағдайлары;

  • әрекет, еңбек етуге бағытталған тапсырмалар.



Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: біздің «озық» ғасырда ақпараттық және коммуникациялық технологиялар табиғи дамуға ие. Қазіргі таңда компьютердің қандай екенін білмейтін балалар өте сирек, яғни компьютерді игеруге деген балаларда құлшыныс басым болып келеді. Математиканы оқытуға арналған қызықты бағдарламалар көмегімен балалардың жады мен логикасын дамыту арқылы «ғылымға» деген қызығушылығын арттыруға болады.
Компьютердің, классикалық жұмысқа қатысты бірқатар маңызды тиімді тұстары: экранда жандандырылған суреттер, баланы қызықтырады, назарын аударуға мүмкіндік береді, компьютерлік бағдарламалардың көмегімен мектепке дейінгі ұйымдарда қайта құруға болмайтын түрлі өмірлік жағдайларды модельдеуге болады.
Баланың қабылдау деңгейіне сәйкес, бағдарлама тікелей жеке баланы дамытуға бағытталып жасалынады.
Кейде педагогтың компьютерлік білімінің немесе тәжірибесінің аздығынан қателіктер орын алады. Мысалы: компьютерлік сауаттылыққа қойылатын талаптарға слайдатрмен жұмыс жүргізудің сай келмеуі.
Мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық білім беру құралдарын қолданудың да маңызы. Оқытуда балалардың түрлі психикалық функцияларын дамытуға араналған пайдаланатын компьютерлік құралдар бар олар: қөру, есту арқылы қабылдау, зейін, есте сақтау, логикалық ойлау, т.б. Оқытуда пайдаланатын интерактивті құралдар: тақта, компьютерлер балаларды диагностикалауда жақсы көмекші болып келеді:

-Зейінін дамытуда;


- Есте сақтау қабілетін дамытуда;
- Ойлау қабілетін дамытуда;
- Тілін;
- Жеке тұлғасың дамытуда;




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет