Мектепке дейінгі ұйымында балаларды табиғатпен таныстыру маңызы


Жергілікті өлкенің табиғаты



бет4/5
Дата23.01.2023
өлшемі22,13 Kb.
#166115
1   2   3   4   5
Байланысты:
1.1 Табиғаттану маңызы

Жергілікті өлкенің табиғаты

Адамның құдіреттілігі табиғатты тануынан, оның құбылыстарын дүниені диалектикалық-материалистік негізде алдын ала болжауынан көрінеді: табиғаттың бәрі заңды түрде, белгілі бір тәртіппен болып жатады, дүниедегі барлық нәрсе қозғалады, дамиды, өзгеріп отырады. Табиғат заңдары жеке құбылыстардың өзара байланысын білдіреді. Табиғатты тану, оның объектілері мен құбылыстарының арасындағы себеп-салдарлы байланысты жете білу - ойлауды жетілдіреді де, ғылыми дүние танымды қалыптастыруға ықпал етеді. Табиғатпен қоян-қолтық араласу, оның құпиясын білу - адамды ізгілендіреді, оны неғұрлым сергек етеді. Өз еліміздің табиғатын көбірек білген сайын, оны сондай сүйе бастаймыз.


Адамдар табиғатты ерте заманнан бері бақылап, ол жөніндегі білімдерін байытуда. Адам табиғат құпиясына, әсіресе біздің заманымызда терең бойлады. Ол атом ішіндегі энергияны ашты да, ғарыш кеңістігін игере бастады. Бұл - табиғат күштерін меңгеру және оларды адамдардың игілігіне пайдалану үшін көп мүмкіндік береді. Елімізде табиғатты қорғауды және оның ресурстарының тиімді пайдаланылуын жақсартуда қажетті шаралар қолданылуда, қоршаған ортаны сауықтыру және табиғат байлықтарын дұрыс пайдалану мақсатында табиғатты ғылыми негізде қорғауға және өзгертуге баса көңіл бөлінеді. Қазіргі кезде табиғатты зерттеу және оны қолайсыз жағдайлардан қорғау саласындағы халықаралық ынтымақ бағдарламасын жасаса және оны жүзеге асыруға белсене қатысып келеді.
Табиғатқа деген ынта-ықыласты тәрбиелеу қажет. Тәрбиеші жануарлар мен өсімдіктердің сыртқы түріне, қимылына-қылықтарына балалардың назарын аударып. Соның негізіне нысаналылық пен зерттегіштік рефлекс жатады, ол рефлекстің дамуын И.П.Павлов адамның ерекше сипаты деп есептеді. Мектеп жасына дейінгі балаларда бұл рефлекс, олардың үлкен адамдарға қоятын: «Бұл не? Қалай? Неліктен?» деген сұрақтардан айқын көрінеді. Балалардың білуге деген құмарлығын қанағаттандыра отырып, мүмкін болған жерде, олардың өздерін қатыстырып, әр түрлі сұрақтарға жауапты өздеріне айттыру керек. Қойылған сұрақтарға жауап беруге балалардың белсене қатысуы, олардың білуге деген құмарлығын арттырады және табиғатқа деген ықыласын анағұрлым тұрақты етеді.
Соңғы жылдары зерттеу мәліметтері ересек топтардағы балалардың білуге деген құмарлығының арта түсуін, балалардың өсімдіктер мен жануарлардағы негізгі белгілерді, өсімдіктер мен жануарлардың жекелеген мүшелерінің құрылымы мен өмір сүру жағдайлары арасындағы қатынасты таба білу шеберлігіне байланысты екендігін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет