Мектепке дейінгі мекемелерде білім салалары бойынша оқу іс-әрекетін ұйымдастыру әдістемелік құрал



бет44/79
Дата03.09.2023
өлшемі0,5 Mb.
#180086
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   79
Байланысты:
Балабақша тәрбиешілеріне әдістемедлік нұсқаулық

* * *
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі:Тіл дамыту
Тақырыбы:Тазалықты сүйеміз

Мақсаты:Тазалық туралы ұғым беру
білімділік:Тазалық,саулық туралы түсініктерін кеңейту:
дамытушылық:Тазалықтың пайдасын ұғындыру:
тәрбиелік: Ұқыптылыққа,жинақылыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: айна,тарақ,орамал, су (анық,дұрыс айту)
Билингвальды компонент:тазалық-чистота,сабын-мыло,тарақ-расческа
Көрнекіліктер:карточкалар
Әдіс тәсілдері:түсіндіру,көрсету,әңгімелесу,сұрақ-жауап




Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық
қозғаушы

Психологиялық сәт!
Амандасу. Армысың,асыл
күн, шашқан нұр сәулесін.
Армысың,жан досым.
Жылуыма жылу қос,
Мінеки,қолым,дос!
Мен сендерге жұмбақ жасырамын,сендер шешуін
табыңдар.

Балалар шеңберге тұрады.Қолдарын жоғары созады,төмен
түсіреді,бірін-бірі
құшақтайды,алақан-
-дарымен жылу береді.
Балалар жұмбақ жауабын шешеді.

Іздену-
ұйымдастыру
шылық

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады:
-Дәмі де жоқ,түсі жоқ,
Пайдаланбас кісі жоқ.
-Дұрыс айтасыңдар,ол су
екен.
-Әр уақытта таза, ұқыпты
жүретін баланың достары
нелер?
Д\О: «Бұл не?»
Балалар үстел үстінде жатқан суреттерді алып ол жайында әңгімейді.
Билингвальды компонент: тазалық-чистота, сабын-мыло,
тарақ-расческа
Сергіту сәті:
Балық болып жүземін,
Шынығамын суда мен.
Бетімді жуамын,
Тісімді тазалаймын,
Шашымды тараймын
Тап-таза боламын
Сөздік жұмыс:
айна,тарақ,орамал, су
Балалар кім тазалық жайында тақпақ біледі?

Жұмбақ жауабы :
-Ол су.

Балалар үстел үстінде жатқан сурет жайында әңгімелеп олардың тазалық сақтаудағы


пайдасын айтады.
(айна,тарақ,орамал,су)
Қос тілде айтып жаттығады.

Сергіту сәтін орындап


сергіп алады
Сөздерді дұрыс дыбыстап,
хормен қайталайды.

Балалар тазалық жайында білетін тақпақтарын


айтады.

Рефлексивті-
қорытындылау



Балалар таза жүретін
баланың достары не?

Балаларды мадақтау.



.
Таза жүретін баланың достары сабын,су,тарақ.

Балалар риза болады





Күтілетін нәтиже:
Білу немесе хабардар болу: Тазалыққа арналған заттарды атайды,тақпақтар айтады;
Қалыптасқан әдет: Тазалыққа арналған заттар жайында түсініктері
бар,оларды қолдана алады;
Істей біледі: Сұрақтарға жауап бере алады.



II кіші тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әркетінің
технологиялық карталары
Құрастырғандар:



Кудайбергенова Г.С.


Қызметі: тәрбиеші
Білімі: жоғары
Еңбек өтілі: 3 жыл
Аукенова А.А.
Қызметті: тәрбиеші
Білімі: Арнаулы орта
Еңбек өтілі: 11 жыл



Білім оқу салалары:Таным
Бөлімдері: ҚМҰҚ
Тақырыбы:1саны (сан,санау)
Мақсаты:Қоршаған әлем жайлы қарапайым түсініктер мен танымдық іс-әрекеттердің қарапайым дағдыларын меңгерту, игерген дағдыларын өмірде қолдануға қалыптастыру;
Білімділік:Сандар әлемімен таныстыру,сандар жайлы білімдерін толықтыру;
Дамытушылық:Ақыл-ойын,есте сақтау қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: Алғырлыққа,байқағыштыққатәрбиелеу;
Сөздік жұмыс: бір саны,біреу,бір дегенім-бесік
Билингвальды компонент: бір-один,сан-цифр.
Көрнекіліктер:суреттер,сандар.
Әдіс-тәсілдері: көрсету,әңгімелеу,сұрақ-жауап.

Әрекет
кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс әрекеті

Мотивацялық қозғаушы

Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды шаттық шеңберге шақыру
Жыл мезгілі жайлы әңгіме жүргізу.
Көктем белгілерін сұрау.

Балалар қимылдарды қайталайды.

Шаттық шеңберін құрайық.


Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап, Судай мөлдір,таза көңілмен, Бүгінгі күнімізді бастайық.

Іздену – ұйымдастырушылық

Санамақ: Бір дегенім-бесік. Шықтық содан өсіп. Екі дегенім-елім, Тауым,көгім,жерім. Үш дегенім-үміт, Үміт артар жігіт. Төрт дегенім-төзім, Төзе білем өзім. Бес дегенім-бақыт, Бағалайтын уақыт.
1санымен таныстыру. - Неге ұқсайды?

  • «Кім табады?»

Дид.ойын: «Біреу және көп» Мақсаты: сан жайлы түсініктерін қалыптастыру,санауға үйрету.

Санамақты ынтамен тыңдайды.


Балалар cұрақтарға жауап береді.
Балалар 1санының неге ұқсайтынын айтады.




Сөздік жұмыс: бір саны,біреу, бір дегенім-бесік. Билингвальді компонент: бір-один,сан-цифр.


Суреттермен жұмыс:

1саны-1алма ,1шар,1қарындаш, 1доп.




Сергіту сәті: Оң қолымда бес саусақ, Сол қолымда бес саусақ. Алақанды ашамын Беске-бесті қосамын.
Апта күндері:
Бірінші күн-дүйсенбі Екінші күн-сейсенбі Үшінші күн-сәрсенбі Төртінші күн-бейсенбі Бесінші күн-жұма Алтыншы күн-сенбі Жетінші күн- жексенбі.


Дид. ойын: «Сонша көрсет»
Мақсаты: санай білуге үйрету,байқағыштыққа баулу.

Балалар топпен қайталайды.


-Бір алма.


- Бір шар.
-Бір қарындаш.
Топпен,жеке-жеке қайталайды.

Сергіту сәтін тәрбиешімен бірге орындайды.


-Дүйсенбі


-Сейсенбі
-Сәрсенбі
-Бейсенбі
-Жұма.
-Сенбі
-Жексенбі.

Ойынды қызыға ойнайды.



Рефлексивті түзетуші

  • Балалар біз қандай санмен таныстық ? -Мынау қандай сан?

  • Сендер неше жастасыңдар? Сендердің бір жастағы бауырларың бар ма?

Балаларды мақтап, мадақтау.

-1 санымен таныстық.
- Бір саны.

- Үштеміз.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет