Мектепке дейінгі мекемелерде білім салалары бойынша оқу іс-әрекетін ұйымдастыру әдістемелік құрал



бет24/79
Дата03.09.2023
өлшемі0,5 Mb.
#180086
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   79
Байланысты:
Балабақша тәрбиешілеріне әдістемедлік нұсқаулық

Құрастыру
Мақсаты: қағаздан, құрастыру бөлшектерінен, құрылыс және табиғи материалдардан әртүрлі заттарды құрастыру дағдыларын қалыптастыру арқылы мектепке дейінгі ересек балалардың логикалық ойлауын дамыту.
Міндеттері:
- құрылыс материалдарынан, конструктор бөліктерінен, табиғи және қалдық материалдардан құрастыруға үйрету;
- өзі жоспарлаған құрылыстың құрастыру кезеңдерін жоспарлап, құрастырушылық шешім қабылдай білу іскерлігін қалыптастыру;
- қажетті бөлшекті таңдап алу, оларды тиісті орнына дұрыс қою, бір бөлшекті екінші бөлшекпен ауыстыру шеберліктерін қалыптастыру (тығыз, қасына, қашығырақ);
- желіммен, қайшымен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру;
- құрастырған затын безендіруге үйрету арқылы ұқыптылыққа, әдемілікке баулу;
- шығармашылық қиялы мен көркемдік талғамын дамыту.
Мазмұны:
Құрылыс материалдары мен конструктор бөлшектерінен құрастыру.
Қағаздан құрастыру. Қағазды ортасынан, төртке бөліп бүктеу, түрлі бағытта, тегістеп бүктеу іскерліктеріне үйрету.
Табиғи және қалдық материалдардан құрастыру. Табиғи және қалдық материалдардың түрлерімен және пенопласт, поролон, сым темір, пластиканың қасиеттерімен таныстыру.


Экология
Мақсаты: бала санасына экологиялық түсініктер мен адам - табиғаттың бір бөлігі екендігін жеткізу. Адамның өмірі оның жеке басының жағдайы мен қоршаған әлеммен үйлесімді байланысында екендігін түсінетіндей құндылықтар жүйесін қалыптастыру.
Міндеттері:
- мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдауына сай келетін қарапайым экологиялық білім беру;
- табиғат әлеміне танымдық қызығушылығын арттыру;
- табиғи нысаналар мен құбылыстарды бақылау дағдыларын қалыптастыру;
- табиғат аясында өзін-өзі ұстаудың қарапайым жолдары мен күнделікті өмірде табиғатты жүйелі түрде пайдалану дағдыларын дамыту;
- өзінің табиғатқа қарсы жасаған іс-әрекетінің аяғы немен аяқталатынын көру, сезіну дағдыларын қалыптастыру;
- табиғат әлеміне адамгершілікпен және қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Мазмұны:
Өлі табиғат заттары мен құбылыстары. «Өлі және тірі табиғат» туралы түсінік беру.
Табиғаттағы маусымдық өзгерістер.
Өсімдіктер әлемі. Ағаштар, бұталар, шөптер туралы ұғымдарын қалыптастыру. Қыс мезгіліндегі өсімдіктер тіршілігімен таныстыру.
Жануарлар әлемі. Жабайы аңдардың тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту.
Табиғат бұрышындағы жануарлар тіршілігімен, ондағы объектілерге қажетті құралдармен таныстыру.
Үй жануарлары мен үй құстарының түрлерімен, олардың ерекшеліктерімен таныстыру.
Табиғат аясында өзін-өзі ұстау ережесі. Жануарлар мен өсімдіктердің барлық түрлерін сақтаудың қажеттілігінің себептерін түсіндіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет