Мектепке дейінгі мекемелерде білім салалары бойынша оқу іс-әрекетін ұйымдастыру әдістемелік құрал



бет26/79
Дата03.09.2023
өлшемі0,5 Mb.
#180086
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   79
Байланысты:
Балабақша тәрбиешілеріне әдістемедлік нұсқаулық

«ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ


Мақсаты: мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды өнер әлеміне баулу, эстетикалық талғамын, шығармашылық құзыреттілігі мен қиялдау қабілетін дамыту, жан құбылысын, сезімі мен ойын көркем түрде жеткізе білу талпынысын жетілдіру.
«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны төмендегідей ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрлері арқылы жүзеге асады:
- сурет салу;
- мүсіндеу;
- жапсыру;
- музыка.
Сурет салу
Мақсаты: мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың шығармашылық құзыреттілігінің қалыптастыру міндеттеріне сәйкес бейнелеу өнерінің мазмұнын толықтыру, сурет салудың барлық түрлеріндегі іскерліктерін жетілдіру, бейнеленетін бейнелерді түсіну қабілеттерін тәрбиелеу мен эстетикалық сезімдерін қалыптастыру.
Міндеттері:
- заттар мен қоршаған ортадағы құбылыстарды түсінуі мен затқа қарап, пішінін, заттардың қатынасын, бөліктерінің орналасуы мен түсін бейнелеу тәсілдеріне үйретуді жалғастыру;
- қиялын, байқағыштығы мен әлемді бейнелі қабылдауын дамыту;
- бейнелеу өнерінің техникаларын, іскерлігі мен дағдыларын қалыптастырып, сурет салу барысында дұрыс отыру, қылқаламмен және қарындашпен жұмыс істеу дағдыларын бекіту;
- бейнелеу өнерінің материалдары мен құралдарының қасиеттерімен таныстыру: гуашь және су бояулар, жай, түсті, көмір қарындаштары, ақ, түсті және боялған қағаздар;
- іс-әрекет мәдениетіне тәрбиелеу, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру, ұжыммен жұмыс істеуге үйрету;
- балалардың аналитикалық-синтетикалық қабілеттерін дамыту: қойылған міндеттерге сәйкес өз жұмысының нәтижесін бағалай білу іскерлігі.
Мазмұны:
Затқа қарап сурет салу
Сәндік сурет салу
Сюжетті сурет салу
Балаларды өнермен таныстыру
Жапсыру
Мақсаты: мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың эстетикалық талғамдарын, жапсырма бейнелерінің мәнерлілігін құру іскерліктеріне тәрбиелеу, балаларды безендіру және ою-өрнек қызметіне дайындау, қию тәсілдерін меңгеру барысында көру - қимыл үйлестірулерін дамыту.
Міндеттері:
- қиюдың түрлі тәсілдерін қолданып, бірнеше бөліктерден заттар құрастыру және түрлі пішіндегі геометриялық және өсімдік элементтерінен құралған өрнектерді құрастыру іскерліктерін дамыту;
- көз алдына елестету арқылы бейнелерді құра білуді жалғастыру, затқа қарап жапсыру дағдыларын қалыптастыру;
- таныс техникаларды өз еріктерімен үйлестіру, өзінің бастамасымен бейнелеудегі түрлі тәсілдерді біріктіруде жаңа техникаларды меңгеру талаптарын қолдау;
- көркем қолөнер туралы түсініктерін қалыптастыру (ағашты ою және әшекейлеу, қыш-құмыра кәсібі, тоқымашылық, қол шеберлігі және т.б.), шеберлердің қаңдай материалдармен және құралдарды қолданатыны туралы түсінік беру;
- жапсыру барысында түсті мәнерлілік құралы ретінде қолдану іскерліктеріне тәрбиелеу, қағаздың түсі мен оның реңктерін жеке таңдау үдерісінде түстерді сезе білуін жетілдіру;
- ұлттық сәндік қолданбалы өнердің салдарын жапсыру барысында қолдануға үйрету, балаларды қазақтың ұлттық өнерімен, оның түрлерімен, ерекшеліктерімен, түс және композициялық құрылымымен таныстыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет