Мектепке дейінгі мекемелерде білім салалары бойынша оқу іс-әрекетін ұйымдастыру әдістемелік құрал



бет57/79
Дата03.09.2023
өлшемі0,5 Mb.
#180086
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   79
Байланысты:
Балабақша тәрбиешілеріне әдістемедлік нұсқаулық

* * *
Білім беру саласы: Таным
Бөлімдері: ҚМҰҚ
Тақырыбы: Не өзгерді? (көлем үлкен –кіші)
Мақсаты:Қарапайым математикалық ұғым көлем жайлы ұғымдарын бекіт
Білімділік: үлкен-кішіні ажырата білуге үйрет
Дамытушылық:Ойлау қабілеттерін арттыру,толық сөйлем құрап айтуға үйрету.
Тәрбиелік:Жақсы-қарым қатынаста болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:кубиктер,суреттер.
Билигвальды компонент:үлкен –большой,кіші маленький.
Сөздік жұмыс:Кубиктен үлкен мұнара қаладық.
Әдіс – тәсілдер: көрсету, әңгімелеу,сұрақ –жауап,



Әрекет кезеңдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Амандасу рәсімі.
Балалар, келіңдер, шаттық шеңберін құрайық.
Ұйымдастыру кезеңі:
Қане, балалар, шеңберге тұрып, бір-бірімізбен амандасайық

Қане, балалар, орнымызға отырайық.



Шаттық шеңберіне тұрып, өлең жолдарын айтады.


Ашық болсын, күніміз
Биік болсын туымыз.
Тату болып бар халық
Аман болсын, балалар!,-деп балалар өлең жолдарымен лебіздерін білдіреді.



Іздену -ұйымдастырушылық

Балалар мынау алтын қорапшаны Маша мен аю беріп жіберіпті.Қане келіңдер ашып көрейік.
Қораптың ішінде балалар кубиктер бар екен.
Тәрбиеші балаларға көлемі әр түрлі,түстері бірдей кубиктермен мұнара жасап ойнауды ұсынады.және балалардың мұнараны жинаудағы іс-әрекетін қадағалап отырады.Қай бала кубикті дұрыс жинамаса,бұл мұнараның тез құлап қалатынын ескеріп:бірінші қай кубик қойылады(улкен),екінші қай кубик қойылады(ортаншы),үшінші қай кубик қойылады(кіші)деген сұрақтар қойып ,балаға мұнараны қайта жинатқызады.Бала тәрбиешінің сұрағына толық сөйлеммен жауап беруі керек.
Сергіту сәті:
Тәрбиеші балаларға «үлкен» деген кезде балалар аяқтарының ұшымен, «кіші» деген кезде сәл отырыңқырап жүреді.Осы жаттығуды бірнеше рет қайталайды.
Хат
Балалар аю Машаға хат жібергісі келеді.Хатқа мына түсті қағаздан мұнара жасап жіберу керек,ол аюдың қолынан келмейді.Сендер көмек бересіңдер ме?
Мұнараны құрау үшін мына төртбұрыштың бірінші қайсысын қоямыз?
Екінші қайсысын қоямыз?
Үшінші қайсысын қоямыз?Балаалар дұрыс айтасыңдар қане қандай мұнара шықты?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет