Мектепке дейінгі мекемелерде білім салалары бойынша оқу іс-әрекетін ұйымдастыру әдістемелік құрал



бет60/79
Дата03.09.2023
өлшемі0,5 Mb.
#180086
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   79
Байланысты:
Балабақша тәрбиешілеріне әдістемедлік нұсқаулық

Көрнекіліктер: Геометриялық лото
Билингвальды компонент: Оң жақ-правая сторона, сол жақ-левая сторона
Сөздік жұмыс:Оң қол ,оң аяқ. Сол қол,сол аяқ.
Әдіс – тәсілдер: көрсету, әңгімелеу,сұрақ –жауап,



Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Амандасу рәсімі.
Балалар, келіңдер, шаттық шеңберін құрайық.
Қане, балалар, шеңберге тұрып, бір-бірімізбен амандасайық

Қане, балалар, келіңдер бүгін біз өзгеше бір ойын ойнаймыз.



Шаттық шеңберіне тұрып, өлең жолдарын айтады.


Ашық болсын ,күніміз
Биік болсын туымыз.
Тату болып бар халық
Аман болсын ,балалар!,-деп жылы лебіздерін білдіреді.



Іздену -ұйымдастырушылық

Тәрбиеші балаларды жанына шақырып алып оларға қай бала байқампаз екен деген сұрақпен келесі ойынды ойнатады.
Қимыл-қозғалыс ойыны:«Кім тығылды?»
Тәрбиеші балаларға жандарында тұрған балалардың не кигенін,қандай киіммен тұрғанын жақсылап қарап,естеріңде ұстаңдар деп түсіндіреді.
Музыка қосылып балалар шеңбермен қозғала бастайды.Сол кезде тәрбиеші бір баланы жасырып қояды.
Қай бала жоқ?-деп сұрайды.Ернардың үстінде қандай киім болды?Киімінің түсі қандай?
Тәрбиеші Ернарды ортаға шақырып аяқ киімін шешкізеді және теріс қойғызады,сосын:
Ернар бірінші оң аяғыңды ки!,- деп бұйырады.Екінші сол аяғыңды ки деп бұйырады!.Өзі баланы аяқ киімді дұрыс кигенін қадағалайды.
Осыдан кейін тәрбиеші балаларға оң және сол ұғымына байланысты сұрақтар қояды.
Оң қолымыз қайда,сол қолымыз қайда?
Оң жағыңда кім ,сол жағыңда кім тұр?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет