Мектепке дейінгі психология пәнінен дәрістер жинағы



бет28/31
Дата27.05.2023
өлшемі267,87 Kb.
#177819
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
МД психология (1)

Жоспары:



  1. Мектепке дейінгі бала сезімінің сипаты




  1. Үлкендерге, ата-аналарына қатысты сезімдерінің ерекшеліктері



Қолданылған әдебиеттері:

Балалар психологиясы, Мухина В.


Дүйсенова Ж.Қ., Нығметова Қ.Н., Балалар психологиясы: Оқулық, Алматы 2015,
329 б
Андабекова С., Мектепке дейінгі педагогика – А, 2012

    1. Мектепке дейінгі шақтағы балалар өмірінде сезім барлық психологиялық таным үрдістерінен сипаты жағынан жоғары болады, оған реңк және мәнерлік береді. Кішкентай балалар өздерінің толғаныстарын меңгеруді әлі білмейді. Ол үнемі дерлік өзін тартып әкеткен сезімдер шырмауында қалып отырады. Үлкендермен салыстырғанда балаларда сезімнің сыртқы бейнесі неғұрлым қызу, тікелей әрі еріксіз

Төңірегіндегі адамдар балаларға еркелете қараса, оған назар аударса, бала эмоциялық рахаттылықты, сенімділікті, қамқорлықты сезінеді.Әдетте мұндай жағдайда балаларда сергектік пен щат көңіл-күй басым болады. Эмоциялық рахаттылық баланың жеке басының әдеттегінше дамуына, жағымды қасиеттерінің басқа адамдарға тікелестік қарым-қатынастарының төселуіне себепші болады.

2 Үлкен адамдардың балаға қатысты мінез-құлқы балада түрлі сезімдер, мысалы қуаныш, реніш, шаттық тағы басқа сезімдер тудырады. Бала бірінші жағынан еркелтуге, мақтауға, екінші жағынан өзіне жасалған реніш пен көрсетілген әділетсіздікке қатты толғанады.


Мектеп жасына дейінгі балаларда жақын адамдарына алдымен ата- аналарына, аға-інілері, апа-қарындастарына деген махаббат, мейірімділік сезім болады. Оларға көбіне қамкорлық, аяушылық білдіреді. Өзге адамға деген сүйіспеншілік пен мейірімділік баланың көзқарасы баланың көзқарасы бойынша оларды ренжітушілерге қарсы тұратын қаһармен және ызамен байланысты.


Бала түсінбестіктен жаксы көрген адамның орнына өзін қояды, осы адамның басынан кешірген қайғыға немесе әділетсіздікке өз басына түскен ауыртпашылықтай толғанады. Ертедегі жағымды кейіпкерлерге бала ерекше аяушылық білдіреді,бірақ ол кейде тым ауыр жағдайға ұшыраған жауыздарды да аяйды. Бала көбінесе жағымсыз кейіпкерлердің қылықтарына қатты ашуланады. Өзінің сөйікті кейіпкерлерін одан қорғауға тырысады. Ертегіні тыңдаған кездегі балада пайда болатын сезімдер оны жалаң тыңдаушыдан оқиғаның белсенді қатысушысына айналдырады. Бала сезімінің ішінде қорқыныш, толғаныс еркше орын алады. Қорқыныштың туу себептері көбінесе, үлкендердіі теріс тәрбиес мен қисынсыз мінез –қылықтарына байланысты.


Мектепке дейіңгі балалық шақта баланың сезімі едәуір дәрежеде тереңдейді және нығая түседі. Ересектердің жақын адамдарын мазасыздық пен күйініштен қорғауға бағытталған шынайы қамкорлықтың белгілерін көруге болады.


Мектепке дейіңгі балалық шақта бала сезімінің сыртқы белгілері айтарлықтай өзгереді. Біріншіден, бала біртіндеп белгілі бір дәрежеге дейін қызу, батыл сезімдерді көрсетуді тежей білуге үйренеді.. 5-6 жасар бала көз жасын тыя біледі, қорыққандығын білдірмейді. Екіншіден, көз тастау, күлімсіреу, ымдау, ишарат, кейін қозғалыс, дауыс


ырғағаын көмегі арқылы толғаныстың жұрт арасында қабылданған аса нәзік нышандарын бейнелеу үшін сезімдер тілін меңгереді.


38 Еріктің дамуы


Жоспары:

  1. Психология ғылымында ерік әрекетінің сипаты




  1. Мектепке дейінгі баланың ерік сапаларының ерекшеліктері





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет