Мектепке дейінгі психология пәнінен дәрістер жинағы


Мектепке дейінгі жастағы баланың зейіні



бет30/31
Дата27.05.2023
өлшемі267,87 Kb.
#177819
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
МД психология (1)

39 Мектепке дейінгі жастағы баланың зейіні
Жоспар

    1. Зейін психологиясы

    2. Зейін түрлері




    1. Мектепке дейінгі балалардың зейіні Әдебиеттер




  1. Балалар психологиясы, Мухина В.

  2. С.М. Жакупов, Жалпы психология негіздері. - Алматы:2012, 203 б




  1. Немов Р.С.Психология: Учеб. для студ. высш. пед. учеб. заведений: Общие основы психологии В 3 кн. 4-е изд. — М.: ВЛАДОС, 2003— 688 с




  1. http://www.semgu.kz/video/musicvideo.php?vid=71901ddad

1. Зейін дегеніміз – адам санасының белгілі бір объектіге бағытталған және шоғырлануын айтамыз. Сананың бағытталуы деп – белгілі объектіні таңдап алуды айтамыз. Сананың шоғырлануы деп – объектіге қатысы жоқтың бәріне көңіл аудармауды айтамыз. Зейінді анықтайтын факторлар 2 топқа бөлінеді:


1)Адамға әсер ететін сыртқы тітіркендіргіштердің құрылымын анықтайды.


2)Жеке субъектінің іс-әрекетіне байланысты 1-ші топқа жататындар: а)тітіркендіргіштердің күші. б)тітіркендіргіштердің жаңалығы. 2-ші топқа жататындар: Жеке адамның қажеттіліктері, қызығуы, бағыт-бағдары.


Зейіннің физиологиялық негізі. 3-нің физиологиялық негізін академик Павлов нерв процессінің өзара индукция заңына байланысты түсіндіреді. Егер ми қабығының бір алабында қозу процесі пайда болса, соған байланысты қалған алабтарда тежелу пайда болады. Зейін пайда болу үшін Борлау деп аталатын рефлекстің мәні зор. Ол қошаған ортаның қандай да болмасын өзгеруіне органиканың туа біткен реакциясы.


Зейіннің физиологиялық негізін Уктаиский түсіндірді. Уктаиский зейіннің физиологиялық негізін Даменанта теориясы тұжырымдамасымен түсіндіреді. Даменанто дегеніміздің мағынасы – үстем етуші. Бұл теория бойынша сыртқы дүниедегі көптеген тітіркендіргіштердің ішінен біреуі миға әсер етеді. Яғни мидың бір алабы күштірек қоздырады. Осындай қоздырған алабты даминанто деп атайды. Мұндай күшті қозғыш алаб қалған алабтардағы қозуды өзіне қосып алады. Осыдан мидың қозған алабы одан бетер күшейеді.


Адамның жануарлардан ерекшелігі адам өзінің зейінін басқара алады. Сондықтан зейінді тәрбиелеуде алдына мақсат қоя білудің маңызы зор. Оны адамның өзі тұжырымдайды немесе басқа біреулер ұсынады. Зейін адамның сыртқы пішінінен, жүріс-тұрысынан, мимикасынан білініп тұрады.





  1. Зейіннің түрлері: 1)ырықты. 2)ырықсыз. 3)үйреншікті.

Ырықты зейін деп – адамның белгілі мақсатпен сапалы түрде күш жігер жұмсап, керекті объектіге назар аударуын айтамыз. Ырықты зейін тек адамға ғана тән. Зейінді ырықты түрде ұстауға, жұмыс орнының жағдайы, жеке адамның психологиялық күйі әсер етеді.


Ырықсыз зейін деп – адам мақсат қоймай-ақ әсер еткен құбылыстарға назар аударуын айтамыз. Ырықсыз зейіннің пайда болуына объективті және субъективті факторлар әсер етеді. Объективті факторға жататындар: 1)Күшті әсер еткен тітіркендіргіш. 2)Жай нәрсенің әсер етуі. 3)Әсер етуші тітіркендіргіштердің қайшы келуі.


4)Өзіміз көріп жүрген заттардың дағдыдан тыс өзгеруі. Субъективті факторлар:


1)Адамның ішкі зезіміне, түсіндіруге байланысты. 2)Сыртқы тітіркендіргіштердің организмнің ішкі талаптарына сай келуі. 3)Адам бір нәрсені күтіп тұрса, онда назар аударады.


Үйреншікті зейін.


Үйреншікті зейін деп – басында ырықты болып, кейін әркімге табиғи сіңісіп кеткен іс-әрекетке зейіннің аударылуы.


Зейіннің қасиеттері:


1)Зейіннің тұрақтылығы, оның бір объектіге ұзақ уақыт сақталуын көрсетеді.


2)Зейіннің алаң болушылығы. Ол зейіннің ауытқуынан көрініс береді.

3)Зейіннің аударылуы деп – бір объектіден екінші объектіге назар көшіруді айтамыз. Зейін аударылуы ауытқудан айырмашылығы оның саналы түрде болуында.


4)Зейіннің бөлінуі адамның кез келген іс-әрекет үстінде бірнеше объектіге бір мезгілде зейін аудара алатындығы.


5)Зейіннің көлемі деп – оның бір уақыт ішінде қамтитын объектілер санын айтамыз. Зейіннің көлемі танистоскоп деп аталады. Прибор арқылы анықтауға болады. Танис – тез, скопио – көру деген мағынаны білдіреді.


3 Кішкентайлар бір ойынды 30-50 минут ойнайтын болса, 5-6 жасқа жеткенде ойының ұзақтығы 1,5сағатқа дейін созылады. Мұны ойынды адамдардың курделірек іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарының бейнеленуіменжәне ойынға үнемі енгізілетін жаңа ахуалдардың қолдау табуымен түсіндіруге болады.Балалар суреттерді көргенде, әңгіме, ертегі тыңдағанда зейін тұрақтылығы арта түседі. Мысалы, мектепке дейінгі шақтың соңында суретті көру ұзақтығы екі есе артады, мектепке дейінгі кішкентайға қарағанда алты жасар бала суретті жақсырақ түсінеді, ол өзіне суреттің қызықты жақтары мен егжей-тегжейлерін бөліп алады. Бірақ мектепке дейінгікезеңде зейіннің негізгі өзгеруі баланың алғашрет өз зейіннің меңгере білуінде, оны саналы түрде белгілі заттарға құбылыстарға бағыттай білуінде және кейбір тәсілдерді пайдалана отырып, соларға зейін қоя білуінде. Мектепке дейінгі шақта бала зейіннің дамыту үшін сөзді қолданудың ықпалы ерекше. Баланың мінез-құлкын реттеуде сөзді қолданудың ықпалына байланысты мектепке дейінгі шақта ықтиярлық зейін қалыптасады.


В.С. Мухина мектепке дейінгі шақта балалар ықтиярлы зейінді меңгере бастаса да, бүкіл мектепке дейінгі балалық шақта ықтиярсыз зейін басым болып қала береді. Балаларға өздері үшін тартымы іс-әрекетке зейін кою қиынға түседі, сонымен бірге ойын процессінде немесе әсерлі сезімге бөлерліктей тапсырмаларды шешердеолар едәуір ұзақ уақыт бойы ықыласты болып жүреді. Мектепке жасына дейінгі бала зейінінің ерекшелігі мектепке дейінгі оқыту ықтиярлы зейінге үнемі күш салуды талап ететін тапсырмалар бойынша құрылуы мүмкін емес себептердің бірі болып саналады. Сабақтарда пайдаланатын ойын элементтері, іс-әрекеттің нәтижелі түрлері, іс-әрекет формаларын жиі өзгерту балалардың зейінің айтарлықтай жоғары денгейде ұстауға мүмкіндік береді. Зейін тікелей қызығушылықпен байланысты (ырықсыз зейін), өйткені қызықты іске бала көңілі тез ауады. Егер 6 жасар бала ойынмен айналысқан болса, ол аландамай екі, тіпті үш сағат ойнай береді. Алайда, бұлай зейінді шоғырландыру баланың айналысқан нәрсесіне қызығушылығынан туындайды. Балаға зейінін тәрбиелеуде көмектесу қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет