Медико-сонитарлық даярлық.
Ұландықтарға қажет:
АҚ медициналық қызметтерін ұйымдастыру негіздерін және оның негізгі міндеттерін, сонитарлық дружина міндеттерін, көпшілік залалданған ошақтардағы алғашқы медициналық көмек мазмұны және науқастардың күтімі бойынша процедураларды орындау ережелері білімдерін тереңдету; зардап шегу, күйіп қалу, бақытсыз жағдайларда алғашқы көмек көрсету бойынша практикалық дағдыларды бекіту; өз бойында патриотизмге, науқастарға адамгершілікпен қарау, медициналық білімді меңгеруге ұмтылуға тәрбиелеу.
Ойынның әрбір қатысушы зардап шегушілерге көмек көрсету білімінің негізгі тәсілдерін, жарақаттанғандарды тез әрі дұрыс ауру ханаға жеткізе білуі тиіс.
Нормативтерді орындау кезінде қателерге жол беріледі.
Танғыш, жгут дұрыс емес салынады.
Асептика бұзылады.
Зардап шегушіге мұқиат қарамау.
«залалданғанға» потивогаз кигізу бойынша нормативтер орындалмайды.
Қанды тоқтату уақытында саусақпен басу жасалынбайды.
Ауру басқыш құралдар енгізілмейді.
Басқа танғыш салу бойынша жарыс ұсынылады: 110сек. – 5ұпай, 120-4, 130-3, 140-2,150 – 1ұпай.
Көп ұпай санын жинаған бөлімше жеңімпаз атанады.
ДЕНЕ ДАЯРЛЫҒЫ. Ұландықтарға қажет: елдегі дене тәрбиесі жүйесі бойынша білімдерін үнемі тереңдету, отанды қорғауға және жоғарғы өндірістік еңбекке өзін даяндау, араласқан әскери-спорттық жолақтардан өту тәсілдерін, президенттік тест нормативтерін сенімді орындау, әскердегі қызметке даяр болу, өз бойында ерлікке, ерік күштеріне, шыдамдылық, ептілік, моральды-психологиялық тұрақтылық, дене жүктемесін көтеру қабілетіне тәрбиелеу.
Ұландықтардың дене даярлықтары бір апта ішіндегі әрбір боз бала немесе бой жеткеннің қозғалыстық белсенділігінің жалпы көлемі 12сағаттан кем болмайтындай етіп жоспарланады. Ретті түрде жалпы мектептің іс-шаралар өткізу ұсынылады көп күрестік, араласқан әскери-спорттық эстафеталар және т.б. жарыстар өткізу әрбір взводта үш күрестік ұйымдастыруға және өткізуге болады. Пневматикалық қарудан ату, кросс – жасөспірім ұлдар 1000метр, қыздар – 500метр, алысқа граната лақтыру, ұлдар – 700г, қыздар – 500г.
Үздік взвод төмендегі көрсеткіштер бойынша анықталады:
Сенбілік және спорттық базасын нығайтуда қатысу тиімділігі ;
Жарыстарға қатысқан саны;
Нормативті талаптарды орындау саны;
Батальон біріншілігіне жарыстарды ашылу салтанаты сапқа тұру және батальон жалаулары алынып шығуы тиіс. Содан кейін ботальон командирінің бұйрығы беріледі.
Қараша-желтоқсанында «ұйымшыл және күштілер» конкурсы өткізіледі, конкурс екі кезеңде жүргізіледі.
1-кезең – қарашада ұлдарға арналған бұрыла көтерілудегі тартылу бойынша күш даярлықтары, қыздары үшін бастарына қолдарын қойып, арқаға жата тұрып, кеудені көтеру өткізіледі.
2-кезең – желтоқсанда осы бағдарлама бойынша финалдық жарыстар өткізіледі. Дене даярлықтарының жеке түрлері бойынша жарыстарды өткізу нұсқасы ұсынылады.
ЖАРЫСТАР ҮШІН ҚАЖЕТ:
Әрбір қатысушы үшін үш оқтан берілетін пневматикалық винтовка,
Щиттердегі нысаналар,
Щиттерден 10-20 метрлік арақашықтықта орнатылған атуға арналған тіреулер,
Секундамерлер.
Орындау тәртібі «Алға» бұйрығы бойынша ауысым 60метр жүгіреді және тіреуге жатқан қалпында нысанаға үш оқ атады. «Алға» бұйрығы және тіреу сызығына жеткенге дейінгі қосымша атуға жіберілген уақыт сынақ уақыты болып табылады.
Жүгіру бойынша жаттығуға қойылатын бағалар: Ұлдар Қыздар
9,2 сек - 5 ұпай 10 сек - 5 ұпай
9,4 сек - 4 ұпай 10,4 сек - 4 ұпай
10 сек - 3 ұпай 10,8 сек - 3 ұпай
10 сек - 2 ұпай 10,8 сек - 2 ұпай
Нысананың қара шеңберіне тигізілмеген әрбір үшін баға 0,5 ұпайға азайтылады, нысанаға тең тигізген жағдайда кімде көп ұпай саны болса сол жеңіске жетеді.
Судьялар: батальон штаб мүшелері.
Консультант – әскери жетекші
Ұлдар – көпір ағашқа тартылу
Қыздар – бастарына қолдарын қойып, арқаға жатқан күйлерінде кеудені көтеру.
Жаттығудың орындалуына қойылатын бағалар: