Мектептегі музыкалық ТӘрбие



бет3/67
Дата30.12.2021
өлшемі1,13 Mb.
#106940
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67
Байланысты:
исходный(11)
null
Алғы сөз
Өнер - тәрбиенің аса маңызды құрамы болып табылады. Оның ішінде музыкалық өнер ерекше орын алады.

Музыка - адамзаттың рухани азығы, жан серігі, тілмен айтып жеткізе алмайтын нәзік сезімі. Музыка көркемділігімен, нәзіктілігімен адам жанын баурайды, ақыл-ойын кеңейтеді, жақсы мінез-құлықтың қалыптасуына әсер етеді.

Жас жеткіншек балаларды музыка әлемін түсінуге, қабылдауға тәрбиелеуде, эмоциялық сезімталдығын қалыптастыруда, білімді, мәдениетті болып өсуіне әсер етуде музыка тәрбиесінің алатын орны ерекше.

Мектептегі музыкалық тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі – музыка сабағы.

«Музыкалық білім беру» мамандығында болашақ музыка пәні мұғалімін кәсіптік даярлау мақсатында «Мектептегі музыкалық тәрбие беру әдістемесі» пәні оқытылады. «Мектептегі музыкалық тәрбие беру әдістемесі» педагогика ғылымының бір саласы ретінде оның заңдылықтары мен дидактикалық принциптеріне сүйенеді және мектептегі музыка сабағы бағдарламасымен байланыстырыла оқытылады.

Музыкалық тәрбие беру әдістемесі әдебиет, бейнелеу өнері, тарих пәндерімен тығыз байланысады.

Пәнді оқуда болашақ музыкалық тәрбие беру маманы бағдарламаға, оқулыққа талдау жасауды, жаңа педагогикалық технология әдістерін тиімді қолдануды, пәнге байланысты тапсырмаларды іріктеуді және қолдану әдістерін меңгереді.

Сонымен бірге болашақ музыкалық тәрбие беру мұғалімінің жеке сапаларын қалыптастыру, мамандыққа деген қызығушылығын арттыру, мектеп оқушыларымен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, жалпы алғанда мамандыққа тәрбиелеу талаптарын қалыптастырылады.

Ұсынылып отырған әдістемелік құралда «Музыкалық білім беру» мамандығында оқытылатын «Мектептегі музыкалық тәрбие беру әдістемесі» пәнінің типтік бағдарламасына сәйкес оқу материалдары, студенттердің өзбетінше дайындығын жетілдіру мақсатында тест тапсырмалары, бақылау мен емтихан сұрақтары, курстық жоба тақырыптары, сабақ және сыныптан тыс жұмыстардың жоспарлары берілген. Әдістемелік құрал колледждегі «Музыкалық білім беру» мамандығының студенттері мен оқытушыларына көмекші құрал ретінде ұсынылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет