7. Әдістемелік көрме
Әдістемелік көрме - эксперименттік-тәжірибе жұмысының барысында алынған педагогикалық ұжым (жаңашыл-ұстаздар) жетістігін көрнекті түрде ұсыну формасы. Ұсынылған оқу-әдістемелік кешен материалдарын мектептегі әдістемелік бірлестік сұрыптайды және ғылыми - әдістемелік кеңес оның сапалы дайындалғанын «Әдістемелік көрме және оның критериясы туралы» Ережеге сәйкес бекітеді.
Көрме аптаның барлық күнінде жұмыс істейді, осы күндерде ғылыми – тәжірибелік конференция өткізіледі.
Әдістемелік көрменің үлгі ретіндегі тақырыптары (бөлімдері)
1. Бірегей /ерекше/ оқу-әдістемелік кешен.
2. Білім беру бағдарламасының қиын тақырыптарын оқытуға ұсыныс (пәнаралық байланысты іс жүзіне асыруда сабақтастық пен тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану).
3. Оқытудың дәстүрлі емес көрнекті-иллюстрациялық құралы.
4. Оқу сағаттары конспектісінің дәстүрлі емес формасы.
5. Оқу-тақырыптық жоспардың түрлері, рефераттар, педагогикалық тәжірибені өзі жинақтаудың үздік жобасы, мамандыққа байланысты жұмыстар.
6. Мектептің әдістемелік бірлестік мүшелерінің, шығармашылық және проблемалық топтарының білім беру үдерісіне өзгеріс /модернизация/ енгізудің жолдарын іздеуге бағытталған ұжымның әдістемелік жұмыс нәтижесі /өнімі/.
7. Оқушылардың үздік шығармашылық жұмысы, балалардың үздік суреттері, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |