Мектептегі әдістемелік бірлестіктің жұмысы туралы өзіне-өзі
есеп беру формасы (ӘБ жетекшісі дайындайды)
Өзіне- өзі есеп берудің мақсаты:
ӘБ қызметіне талдау жасау;
Оның жұмыс нәтижесін бағалау;
ӘБ қызметін жетілдірудің жолдарын белгілеу.
Өзіне- өзі есеп беру төмендегі бағыттарды қарастырады:
ӘБ алдына қойылған мақсат пен міндетті;
ӘБ жұмыс істеген әдістемелік тақырып, мектептің әдістемелік тақырыбымен ол қаншалықты үйлескен;
ӘБ неше отырысы өткізілді? Отырыс тақырыптары.
Кім қандай формада, қандай мақсатта ашық сабақ өткізді?Ашық сабақтың нәтижелілігі.
Оқыту жағдайы мен оқушылардың білім сапасының динамикасы. Сыныптар бойынша жоғары не төмен көрсеткіштердің себептері (Мұғалімнің аты –жөні, сыныптың интеллектуальдық мүмкіндігі,мұғалімнің жұмыс жүйесі мен кәсіби шеберлігі). Егер бұл сұрақ ӘБ туралы ережеде қарастырылса онда, бұл сұраққа жауап беріледі.
Пән бойынша сыныптан тыс жұмыстың тиімділігі.
Оқушылардың пән олимпиадасына, сайысқа, конференцияға, ғылыми жұмысқа қатысуы. Нәтижесі.
ӘБ кадрлпрмен қандай жұмыс фортасы табысты қолданылды?
ӘБ жұмысында қандай инновация енгізілді?
Оқу-тәрбие процесін әдістемелікпен қамтамасыз ету жұмысы.
ӘБ мүшелері қандай жаңа оқу бағдарламаларын меңгерді, авторлық бағдарламамен оқытыла ма?
ӘБ –тегі ахуал.
Келесі оқу жылында ӘБ мүшелері жұмыс істейтін проблемалар.
ӘБ жұмысын бағалаудың басқа формасы өзара бірін-бірі тексеру. Бұл жағдайда тексерушіге қалай тексеру туралы нүсқау дүрыс берілуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |