Мұғалімдердің ШТ жұмысын ұйымдастыру Белгілі проблемаға байланысты ШТ уақытша құрылады. Оның құрамына осы мәселеге байланысты қызығышылық танытқан ұжым мүшесі енеді. ШТ жұмысын ұйымдастыру үшін беделді, бірінші не жоғары санаты /категориясы/ бар мұғалімнен басшы тағайындалады. ШТ құрамы ғылыми-зерттеу жұмысына бейімділігі бар, тәжірибелі ұстаздардан құрылады. Сонымен қатар шығармашылықпен жұмыс істейтін жас ұстаздар да құрамда бола алады. Бір оқу жылында ШТ –тың 4 рет отырысы өтеді.
Қосымша №14
Әдістемелік кеңес бұл – білім ұйымдары басшыларының әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарларының және педагогтардың педагогикалық шеберліктерін арттырудағы жұмысты үйлестіруге арналған және педагогикалық қызметке деген шығармашылық тәсілдерді қалыптастыруға мүмкіндік беретін білім бөлімінің ұжымдық органы.