Жалпы ереже Шығармашылық топ ғылыми-әдістемелік және эксперименттік-тәжірибе, ғылыми-зерттеу жұмысын әдістемелік жағынан қамтамасыз етуге бағытталған білім беру мекемесіндегі әдістемелік жұмыстың құрылымдық бөлімі болып табылады.
Шығармашылық топ негізгі міндеттерді іс жүзіне асыратын ғылыми-әдістемелік жұмыстың біртұтас жүйесін құруды қамтамасыз ететін, білім беру мекемесінің шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің эксперименттік-тәжірибе, ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру формасы ретінде жұмыс істейді.
Шығармашылық топ өз қызметін білім беру мекемесінің басқа құрылымдарымен, облыстық (ПКБАИ), қалалық /аудандық/ білім бөлімдерімен, облыстағы ЖОО тығыз байланыста жүргізеді.
Шығармашылық топ туралы Ереже білім беру мекемесінің педагогикалық кеңесінде бекітіледі.