Интеграция – білім беру үрдісіне қатысушыларға арналған «мүмкіндіктер аясын» құру.
Дифференциация – әр педагогқа өзінің жеке даму бағытын құруға мүмкіндік беретін шағын орта (топ) құру.
Маркетингтік қызмет:
әдістемелік құрылымдарды әдістемелік жаңалық жүйесін жасауға бағыттау;
білім беру үрдісі барысында әдістемелік қамтамасыз етуге деген қажеттілікті зерттеу және оны қанағаттандыру;
қазір және болашақта педагогтардың сұранысын қанағаттандыратын, қызмет ерекшелігін ескеретін, еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін, ұйымның сақталуы мен дамуына кепілдік беретін әдістемелік ұсыныс беру және әдістемелік нұсқау, құралдарын шығару.