Мәліметтер концепциясы. Ретттелген тип



Дата08.02.2022
өлшемі22,18 Kb.
#98143
түріПрограмма
Байланысты:
2 lek Мәліметтер концепциясы. Ретттелген тип
3 pr Мәліметтердің бүтін типіне есептер шығару - копия

Мәліметтер концепциясы. Ретттелген тип.
Программада пайдаланылатын мәліметтердің немесе шамалардың мәндері Паскаль тіліндегі алдын ала келісілген типтердің біріне тән болуы тиіс.Мәлімет типтерін басқа элементтерді құруда қолданылатын үлгі деп санауға болады. Типтер – көрсетілген тип түрінде анықталған элементтің жадыдағы ұзындығын, олардың қабылдай алатын мәндерінің аралығын және оларға қолдануға болатын амалдар жиынын көрсетеді. Типтерді анықтау бөлігі арнаулы type сөзінен және одан соң типтің атауы мен мәндерінен тұрады. Типтердің анықтау бөлігінің жазылуы:
Тype <типтің атауы> := <типтің анықталуы>;
Мысалы:
Тype ореr = (plus,minus); color = (red, black, yellow);
Тұрақтылар деп мәндері бағдарламаның орындалуы кезінде өзгермейтін шамаларды айтады. Тұрақтылар есебінде Object Pascal тілінде бүтін, нақты, он алтылық сандар, логикалық, символдық, шамалар мен жазбалар, жиындар, таңбалар жолдары, NIL – анықталмаған сілтемесі қолданылады. Бағдарлама құрамында тұрақтылар екі түрде анықталады: қарапайым және типтік.
Қарапайым тұрақтылардың жазылуы:
Const <1 – ші тұрақтының атауы> = <мәні>;
Мысалы: Const х = 0.5;
у= -1.5; z= -1.7Е – 2;
Типтік тұрақтылардың жазылуы:
Const <1 – ші тұрақтының атауы> : <тұрақтының түрі>= <мәні>;
Мысалы:
Const х : integer = 5; z: real = -1.7E-2;
Айнымалы деп бағдарламаның орындалу барысында әр түрлі мәндерді қабылдай алатын шамаларды айтады. Олар идентификатормен белгіленеді және әрбір уақытта белгілі бір мәнге ие болады. Айнымалылар жәй немесе индексті болып екіге бөлінеді. Айнымалы шамаларды анықтау бөлігі арнаулы Var сөзінен басталып, одын кейін олардың атауы мен түрлері көрсетіледі. Айнымалы шамаларды анықтау бөлігінің жазылуы:
Var
<айнымалы шаманың атауы> : <айнымалы шаманың түрі>;
Мысалы:
Var x : integer; y: byte; Z,W: real
Object Pascal тілінде кез келген берілгендер, яғни тұрақтылар, айнымалылар, қасиеттер, функциялардың мәні немесе өрнектер өздерінің типтерімен сипатталады. Мәліметтер типтері келесідей топтарға бөлінеді: жәй, құрылымдық, көрсеткіштік, процедуралық, варианттыЖай типке ретті (порядковые), уақыт және мерзім, нақты (вещественные) типтері жатады. Ретті типтің өзі бүтін, логикалық, символдық типтер болып бөлінеді.
Бүтін типтер. Бүтін типті мәндердің мүмкін болатын диапазоны олардың ішкі алатын орнына тәуелді.
Кесте 1.

Аталуы

ұзындығы,

байт мәндердің диапазоны

Cardinal

4

0. ..4 294 967 295

Byte

1

0...255

Shortint

1

-128...+127

Smallint

2

-32 768...+32 767

Word

2

0...65 535

Integer

4

-2 147 483 648...+2 147 483 647

Longint

4

-2 147 483 648...+2 147 483 647

Int64

8

-263…263

LongWord

4

0. . .4 294 967 295

Логикалық типтер. Логикалық типтерге Boolean, ByteBool, Bool, wordBool және LongBool типтері жатады. Стандартты Паскальда тек Boolean типі анықталған, Object Pascal -дың қалған типтері Windows-пен бірге енгізілген. Логикалық типтің екі мәні болады True (ақиқат) және False (жалған):


Символдық тип. Символдық типтің мәндеріне дербес компьютердегі барлық символдар жатады. Әр символға О...255 аралығындағы бүтін сандар меншіктеледі. Бұл сандар символдардың ішкі кодтарына қызмет етеді, бүтін сандарға меншіктелген символдарды ord функциясы қалпына келтіреді.
0...31 кодты символдар қызмет кодтарына жатады. Егер бұл кодтар программаның символдық мәтінінде қолданылса, олар бос орындар (пробел) болып есептеледі.
Сhr (в) - char типті функция, Byte типті өрнекті символға айналдырады және оны өз мәніне түрлендіреді; UpCase(CH) - char типті функция, үлкен әріптерге түрлендіреді.
Нақты сандар дербес компьютерде нақты түрде ұсынылады.
Нақты сандар кестесі:
ұзындығы, байт Аталуы Мәндердің аралықтары
8 Real 2,9*10-39…1.7*1038
4 Single 1.7*10-45…3.4*1038
8 Double 5.0*10-324…1.7*10308
10 Extended 3.6*10-4951…1.1*104932
8 Comp -2*1063…+2*1063-1
8 Currency -/+ 922 337 203 685477,5807
Диапазондық немесе ауқымдық тип. Мұнда көрсетілген шама қабылдай алатын мәннің алғашқысы (ең кіші) мен соңғысы (ең үлкен) екі нүкте арқылы бөлініп көрсетіледі:
<мин.знач.>..<макс.знач.>
Мысалы:
type
digit = '0'..'9';
dig2 = 48 .. 57;
Саналатын тип стандартты ипке жатпайды, ол парамерлердің мәніне сәйкес келетін атаулар (идентификаторлар) тізімнен тұрады. Атаулар тізімі үтір арқылы ажыратылып жәй жақша ішіне жазылады, мысалы:
type
colors = (red, white, blue);

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет