Грамматикалық талқылау – бұл лексико – стилистика және морфология тұрғысынан құқық н. анализ жасау, жеке сөз, сөйлемнің мағынасын, қос сөздерді, тұрлаулы мүшелерді анықтау.
Логикалық талқылау – бұл логика заңдары негізінде құқық нормасына анализ жасау. Норманың ішкі құрылымын, үш элементтердің байланысын анықтау, логикалық қарама – қайшылықтарды жою.
Жүйелілік әдіс – бұл ұқсас, біртекті қатынастарды реттейтін нормалармен бірге құқық нормаларын талқылау. Бұл құқық жүйесіне негізделген, әсіресе, сілтемелі бланкеті нормаларға негізделеді.
Тарихи – саяси талқылау – бұл нормалар қабылданған әлеуметтік шарттар бар ма, жоқ па, саяси, экономикалық жағдай өзгеруі мен сол тұрғыда құқық нормаларын талдау.
Арнайы – заңи талқылау – бұл құқық ғылымында және заңнамада ерекше терминдер мен ұғымдарды талқылау.
Теологиялық (мақсатты) талқылау – бұл нақты норманы шығарған кезде, заң шығарушы қандай мақсаты көздегенін анықтау. Бұл мақсаттар кіріспеде көзделеді. Бұл мақсат норманың мазмұнында да анықталады.
Көлемі бойынша талқылау үшке бөлінеді: сөзбе сөз, шектелген және кеңейтілген.
Достарыңызбен бөлісу: |