102 Құқықтық реттеу механизмінің тиімділігі
Құқықтық реттеу механизмінің тиімділігі – бұл құқықтық реттеудің нәтижесі мен оның алдында тұрған мақсаттың арасындағы арақатынас.
Құқықтық реттеудің тиімділігін көтерудің төмендегідей жолдарын атап өтуге болады:
1) құқықшығармашылықты жетілдіру. Мұның нәтижесінде заңшығармашылық техниканың жоғары деңгейіне сәйкес құқық нормаларында қоғамдық мүдделер мен заңдылықтар мейлінше анық көрініс табады. Бұл кезде заңды және ақпараттық құралдардың көмегімен заңды сақтау оны бұзудан пайдалы болатындай жағдай жасау керек.
2) құқықты қолдануды жетілдіру нормативтік реттеудің нәтижелерін толықтырады. Құқықты қолдану әр бір заңды жағдайдың нақты жағдайларын, өзіндік ерекшеліктерін ескереді. Құқықшығармашылық пен құқыққолдануды дұрыс үйлестіру құқықтық реттеуге икемділік пен кешенділік береді.
3) құқық субъектілерінің құқықтық мәдениетінің деңгейін көтеру де құқықтық реттеудің сапасына, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту процесіне әсерін тигізеді.
103 Құқыққа сәйкес іс-әрекеттің түсінігі және белгілері
Достарыңызбен бөлісу: |