Заңдылықтың қағидаттары – бұл заңдылықтың мазмұнын ашатын негізгі идеялар, бастамалар. Оларға мыналар жатады:
1) заң үстемдігі – барлық нормативтік және жеке құқықтық актілердің заңға бағыныстылығын білдіреді;
2) заңдылықтың тұтастығы – нормативтік актілерді түсіну мен қолдану елдің бүкіл аумағында бірдей болуы тиіс дегенді білдіреді;
3) заңдылықтың мақсатқа сәйкестігі – құқықшығармашылық және құқықты жүзеге асыру қызметінің қоғамның мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін ең дұрыс түрлерін қатаң түрде заңдардың шегінде таңдау қажеттігін, заңдылық пен мақсатқа сәйкестілікті қарама-қарсы қоюды болдырмауды білдіреді, яғни, мақсатқа сәйкестілікті себеп қылып заңды бұзуға жол берілмейді;
4) заңдылықтың шынайылығы – құқықтық ережелердің барлық қызмет түрлерінде іс жүзінде орындалуына жетуді және оларды кез-келген түрде бұзу міндетті түрде жауапкершілікті көздейтінін білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |