Әдетті іс-әрекет – бұл құқық нормаларының орындалуы әдетке айналып кеткен жағдайда көрініс табатын іс-әрекет. Әдет әрекеттердің бірнеше рет таныс жағдайда қайталануының нәтижесінде қалыптасады.
Маргиналды іс-әрекет – бұл мемлекеттің мәжбүрлеуінің, жазадан қорқудың нәтижесінде жүзеге асырылатын құқықтық іс-әрекет.
105 Құқықбұзушылықтардың түсінігі және белгілері
Құқықбұзушылық – бұл қоғамның, мемлекеттің, тұлғаның мүдделеріне нұқсан келтіруші, тұлғаның кінәлі, құқыққа қайшы, қоғамға қауіпті әрекеті.
Құқықбұзушылықтың белгілері:
- қоғамға қауіптілік (қоғамға қауiптiлiк құқықбұзушылықтың негiзгi материалдық белгiсi және қандай да бiр әрекеттi құқықбұзушылық деп танудың негiзi болып табылады)
- әрекет немесе әрекетсіздік (әрекет адамның белсендi iс-қимылы және қоғамға қауiптi iс-әрекеттiң кең тараған түрi, әрекетсiздiк - адамның белгiлi бiр әрекеттi жасауға мiндеттi немесе оны жасауға мүмкiндiгi бола тұра сол әрекеттi жасамау түрiндегi бәсең, енжар әрекетi);
- кінә (адамның өзi жасаған әрекетiне немесе әрекетсiздiгiне қатысты психикалық қатынасы болса, оның әрекетi кiнәлi түрде жасалған деп танылады);
- құқыққа қайшылық, яғни белгiлi бiр әрекетпен құқықтық норманы бұзу;
- зиянды нәтиже (адамның әрекетi немесе әрекетсiздiгi нәтижесiнде қоршаған ортада болған өзгерiстер);
- әрекет пен зиянды нәтиженің арасындағы себепті байланыс (туындаған қоғамға қауiптi зардап қандай да бiр үшiншi тұлғаның немесе сыртқы күштiң әсерiнен емес адамның нақ осы әрекетiнiң не әрекетсiздiгiнiң нәтижесiнде келтiрiлгендiгi);
- заңды жауапкершілік (заң жазалау қатерiмен қорқытып тиым салған әрекеттi немесе әрекетсiздiктi жасау құқықбұзушылық болып саналады).
Достарыңызбен бөлісу: |