113 Заңдылықтың кепілденуі
Заңдылықтың кепілденуі – бұл заңдар мен заңға сәйкес актілердің орындалуын, азаматтардың құқықтарының, қоғам мен мемлекеттің мүдделерінің ешбір кедергісіз жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін құралдар мен жағдайлар. Заңдылықтың кепілденуінің келесі түрлерін бөліп қарастырады:
1) әлеуметтік-экономикалық – бұл қоғамның экономикалық дамуының дәрежесі, оның жағдайының деңгейі, меншік нысандарының алуан түрлілігі, экономикалық бостандық және т.б.;
2) саяси – бұл конституциялық құрылымның қоғамның саяси жүйесінің демократиялылығының дәрежесі, саяси плюрализм, көппартиялық, биліктің тармақтарға бөлінуі және т.б.;
3) ұйымдастырушылық – бұл заңдар мен заңға сәйкес актілердің орындалуын бақылайтын арнайы органдардың (прокуратура, сот, полиция және т.б.) қызметі;
4) қоғамдық – бұл заңнаманы бұзумен күресу мақсатында қолданылатын алдын алу және басқа да шараларының мемлекетте қалыптасқан кешені;
5) идеологиялық – бұл құқықтық сананың дамуының, азаматтар арасында заң білімдерінің таралуының, заң талаптарын орындаудың дәрежесі, қоғамдағы адамгершілік тәрбиелеудің деңгейі;
6) арнайы-заңды – бұл құқықтық талаптарды бұзудың алдын алу, болдырмау және қудалау мақсатында қолданыстағы заңнамада бекітілген тәсілдер мен құралдар.
114 Құқықтық тәртіптің түсінігі. Заңдылық пен құқықтық тәртіптің арақатынасы
Құқықтық тәртіп – бұл субъектілердің құқықтық мінез-құлығымен сипатталатын қоғамдық қатынастар жүйесі; бұл әлеуметтік байланыстардың реттелу жағдайы, заңдылықтың шынайы қоғамдық қатынастарға айналуының нәтижесі.
Достарыңызбен бөлісу: |