Мемлекеттің пайда бола бастағанына мың, жазуға мың жылдай уақыт өткен болса, содан бері мемлекеттің түрлі нысандары қалыптасып, олар біртіндеп даму жолынан өтті



бет58/91
Дата13.12.2021
өлшемі4,4 Mb.
#125610
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   91
Байланысты:
Мырзагелді Кемел. Мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесі. Алматы. Экономика. 2014. 348 бет.

А. Смит мемлекет рөлін «қалғымайтын қарауыл» қызметімен шектеді:

- тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

- сот әділдігін атқаруы;

- қоғамдық құрылымдар мен мекемелерді қамтамасыз ету.

«Кәсіпкерлік еркіндігі», «сауда-саттық еркіндігі» деп аталған қағидаттар теорияда да, саясатта да мемлекеттік қолдау идеясын алмастырды.

Мемлекеттің экономикаға араласуына дүниежүзілік біржолата шектеу қойған Д. Рикардо болды. Ол А. Смит тәрізді экономикада объективті және стихиялы, сонымен қатар, мүмкін заңдар әрекет етеді деп санады. Бұл әрекеттердің тетігі сыртқы әсердің араласуынсыз-ақ (мемлекеттік) экономикалық жүйенің тепе-теңдігін сақтай алады. Сонымен бірге, Д. Рикардо қоғамдағы өндіргіш күштің артуына себеп болатын мемлекеттік экономикалық саясатты дайындаудың қажеттілігі жөнінде де өз ойын білдірген болатын. Осыған байланысты, Д. Рикардо экономикалық заңдарды зерттеуге қабілетті және мемлекет үшін қажетті экономикалық саясатты дайындайтын саяси экономияның қызметінің маңызы зор екендігін де көре білді.

А. Смит пен Д. Рикардо фритредер (ағылш. free trade – сауда-саттықтың еркіндігі) саясаты мен теориясының негізін қалаушылар болып саналады.

Бұл идеяның басты негізі – барлық шаруашылық субъектілердің негізгі экономикалық еркіндігіне кепілдік берілуі тиіс дегенге саяды:

- қызмет саласын таңдау еркіндігі;

- бәсекелестік еркіндігі;

- сауда-саттық еркіндігі.

Бұл теория жалпыға танымалдығына қарамастан, іс жүзінде және толық көлемде ешқашанда толықтай жүзеге асырылған жоқ. Бұлай деуімізге көптеген авторларының пікірінше, нарықтық экономика мен саяси демократияда таза күйінде сыналған АҚШ-тағы негізгі идеялар дәлел бола алады. Сонымен, американдық тарихшы Т.Кохрен, американдық бірінші кәсіпкер ұсынған еркін бәсекелестік деген ұғымды білдіретін жаңадан пайда болған «laisser faire» түсінігі жөнінде «көңілге қонбайтын мәнсіз бірдеңе» -деп атап көрсетті. «Бәрінен бұрын, - деп жазды Кохрен, - олар кәсіпкердің қолында қажетті капитал болған жағдайда ғана түгелдей дерлік жеке мүдде үшін тұрды, ал мемлекеттік мүдде үшін талап етілген капитал мүмкіншіліктен асып кетсе, кәсіпкерлер кішігірім ғана топты құраса да олар минимальді шығындары бола тұра, экономикалық мүмкіндіктерді кеңінен қолдануға мүмкіншілік беретін мемлекеттік саясатты қолдады».

Америкадағы мемлекеттік басқарудың негізін қалаушы ретінде осы мемлекеттің жиырма сегізінші Президенті В.Вильсон (1856-1924жж.) танылады. В. Вильсон тұжырымдамасының негізгі қағидалары оның «Әкімшілікті зерттеу» (1887ж) атты мақаласында берілген. Мақаланың жазылуына «сіңірген қызмет жүйесі» (merit system) негізінде федералды мемлекеттік қызмет ұйымының құрылуына бастама болған Пендлтон (1883ж) заңының қабылдануы себепші болды. Ол мемлекеттік басқаруда менеджмент әдістерін кәсіпкерлікте пайдалануға ұсыныс жасады. В. Вильсон мен Ф. Дж. Гуднаудың (американдық саясат ғылымы бірлестігінің бірінші Президенті) пікірінше, әкімгерлер ешқашан саясатқа араласпауы тиіс, олар тек саяси көшбасшылар тарапынан берілген нұсқауларды ғана орындауы қажет.

Менеджментті ғылым ретінде қарастыруда ең алғашқы әрі ірі қадамды Ф. Тейлор (1856-1915жж) жасады, ол ғылыми басқару қозғалысын басқарды. Ф. Тейлордың еңбектері: «Фабриканы басқару» (1903ж) және «Түнгі менеджмент қағидаттары» (1911ж).

«Ғылыми басқару» мектебінің негізін қалаушы ретінде Ф. Тейлордың басты еңбегі еңбекті нормалаудың әдістемелік негізін қалыптастырды, жұмыс операцияларын стандарттады, практикаға ғылыми таңдау тәсілін енгізді, яғни жұмысшалар еңбегін ынталандыру мен орналастыру жолға қойылды.

Басқарудың классикалық мектептерінің бірі «әкімшілік мектеп» болып табылады. «Әкімшілік мектеп» пионерлерінің бірі А.Файоль (1841-1925жж).

Ол басқарудың барлық үдерісін біз күні бүгінге дейін қолданып келген бес негізгі қызметке бөлді, бұлар:

- жоспарлау;

- ұйымдастыру;

- мамандарды таңдау мен орналастыру;

- басқару (уәждеме);

- бақылау.

Менеджмент саласындағы айқын жетістіктердің бірі 1930-жылдарда «адами қарым-қатынас мектебінің» (мінез-құлық мектебі) пайда болуымен қалыптасты. «Адами қарым-қатынас мектебінің» негізін салушы Э. Мэйо деген түсінік бар. Оның пікірінше, жұмысшылар тобы дегеніміз – жеке бақылау жүйесі бар әлеуметтік жүйе. Осындай жүйеге белгілі бір дәстүрмен әсер ету арқылы еңбек нәтижесін жоғарылатуға болады.

XIX ғ. ортасындағы экономикалық дағдарыс ұзаққа созылып, тереңдей түсті, мұндай жағдай әлеуметтік мәселелердің шиеленісуіне алып келді. Әсіресе 1929-1933 жылдары бұл шиеленістің дәрежесі артып, қоғамда шаруашылық дамуды қалыпқа келтіретін, жүйенің әлеуметтік тепе-теңдігін қамтамасыз ететін мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясатты жүзеге асыру қажеттілігі туындады. Аталған қажеттілік экономикалық ғылымда көрініс тапты. Осыдан кейін, ағылшын экономисі Дж. М. Кейнс негізін қалаған кейнстік бағыт деп аталатын жаңа бағыт дүниеге келді. Бұл бағыттың негізін құраған басты идея ғалымның «жұмысбастылық, пайыз және ақшаның жалпы теориясы» деп аталатын 1936 жылы жарияланған еңбегінде берілген болатын.

Дж. М. Кейнс (1883-1946жж) – ХХ ғасырдың көрнекті экономикалық ойшылы. Экономика ғылымында ол мемлекеттік экономикалық реттеу теориясының негізін қалаған ғалым ретінде танылған. Дж. М. Кейнс А. Смиттің «көрінбейтін қол» қағидаты мен мемлекеттің экономикаға араласпауы идеясына едәуір түрде сенбестік көзқараспен қарап, өзіндік пікірін білдірген болатын. Яғни, жеке адамның немесе фирманың экономикалық гүлдену шарты елдегі барлық экономиканың гүлденуіне барабар деген пікір күдік туғызады. Керісінше, бұлардың арасында қарама-қайшылық пайда болады, ал осы қайшылықты шешудің жолы жалпы талаптардың ұдайы өсу жүйесінде және ол мемлекеттің әсер етуіне тәуелді деген ойда болды.

Дж. М. Кейнс теориясын дағдарысқа қарсы деп атау қабылданған, себебі ол экономиканы депрессиялық жағдайда қарастырды. Оның көзқарасы бойынша, еркін нарықта тетіктердің болмауына байланысты мемлекет кейбір экономикалық қатынастарды белсенді түрде басқарып отыруы қажет, бұл экономиканың дағдарыстан шығуын қамтамасыз етеді. Осылайша, Дж. М. Кейнс өздігінен реттеліп отыратын нарық тетігіне сенім білдірмеді және қалыпты даму мен тепе-теңдікті қамтамасыз ету үшін үдеріске міндетті түрде сыртқы (мемлекет тарапынан) экономикалық дамудың араласқаны абзал деген пікірді қалдырды.

Дж. М. Кейнс нарық шаруашылығы мен жұмыссыздықтың экономикалық дағдарысқа бейім екендігі ең күрделі мәселелердің бірі деп санады. Нарықтық экономикаға мемлекеттің араласуының өте қажет екендігін қуаттай түскен ол, мемлекеттік дағдарысқа қарсы саясат пен толық жұмысбастылық саясаты бағдарламасын дайындады және ұсынды. Бұл бағдарлама негізі тиімді талаптың кейнсиандық ережелерін қамтыды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет