Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы


-Параграф. Сертификаттаудан өту тәртібі



бет5/16
Дата11.09.2024
өлшемі73,06 Kb.
#204175
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
57 бұйрық жаңа

3-Параграф. Сертификаттаудан өту тәртібі
52. Кандидаттарды сертификаттау тиісті өңірлердің жергілікті атқарушы органдарымен келісім бойынша білім басқармалары (бұдан әрі – ұйым) айқындайтын ұйым/ұйымдар конкурс жариялаған мемлекеттік орган өкілдерінің және өзге де жұмылдырылған тұлғалардың қатысуынсыз ұйымдастырады.
53. Кандидат сертификаттаудан өту үшін осы Қағидалардың 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұйымға өтініш жібереді.
54. Мемлекеттік органның өкілдері, сондай-ақ сертификаттаудан өткізу процесіне қатысы жоқ үшінші тұлғалар тарапынан кандидаттардың сертификаттау рәсіміне араласуына жол берілмейді.
55. Сертификаттаудан өткізу кезінде қоғамдық ұйымдардың, білім беру саласындағы уәкілетті органның білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаментінің өкілдері қатарынан тәуелсіз байқаушы тартылады.
56. Сертификаттау электронды форматта жүргізіледі. Сертификаттауды өткізу орны осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес Тестілеуді өткізу кезінде техникалық жарақтандыру жөніндегі ең төмен техникалық талаптарға сәйкес жабдықталады.
57. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) осы Қағидаладың 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификаттауға қатысатын үміткердің тізімін қалыптастырады және сертификаттауды өткізу үшін ұйымға жібереді.
58. Кандидат сертификаттаудан өткізу пунктінің ғимаратына кірген кезде оның жеке басын куәландыратын құжаттың негізінде сәйкестендіру жүргізіледі.
59. Жауапты адам сертификаттау басталмас бұрын үміткерлерге сертификаттау кезінде мінез-құлық ережелерін түсіндіреді.
60. Кандидаттар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрықтарын, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген), 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 "Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары, балаларға арналған мамандандырылған, арнаулы, білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы, жетімдер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29329 болып тіркелген).
61. Сертификаттаудан өту үшін тест тапсырмаларының саны 48 (қырық сегіз) сұрақты құрайды.
62. Сертификаттаудан өту үшін шекті деңгей осы Қағидалардың 8-қосымшаға сәйкес әрбір заңнаманы және нормативтік құқықтық актілерді білуге арналған әрбір бағыт бойынша 50%-ды құрайды.
63. Сертификаттауға 180 минут беріледі. Сертификаттауға бөлінген уақыт аяқталғаннан кейін бағдарламалық қамтамасыз ету автоматты түрде жабылады.
64. Сертификаттау нәтижесі - осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сертификаттаудан өткені туралы сертификатты Ұйым кандидаттың жеке кабинетіне жібереді. Сертификаттарды тексеру үшін конкурс жариялаған мемлекеттік органға қолжетімділік беріледі.
65. Сертификаттаудан өткені туралы сертификат сертификаттау тапсырған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады.
66. Шекті деңгейге жинамаған кандидаттар конкурстық комиссияның шешімімен конкурстың келесі кезеңдеріне жіберілмейді.
67. Білім беру ұйымының басшысы лауазымына үміткер, бірақ шекті деңгей жинамаған кандидаттар қайта сертификаттаудан өтеді.
68. "Білім-инновация" лицейінің бірінші басшысының бос лауазымына орналасуға үміткер кандидаттар сертификаттаудан өтуден, сондай-ақ кандидаттарды қамқоршылық кеңеспен келісуден босатылады және қатысушылардың құжаттарын біліктілік бағалаудан кейін үш жұмыс күні ішінде "Білім-инновация" халықаралық қоғамдық қорымен әңгімелесу нысанында келісуден, сондай-ақ конкурс жариялаған мемлекеттік органның конкурстық комиссиясының отырысында әңгімелесуден өтеді.
69. Сертификаттау қорытындысы бойынша екі жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) кандидаттардың тізімдерін, олардың түйіндемелерінің көшірмелерін қамқоршылық кеңеске жібереді.
70. Қамқоршылық кеңес құжаттар келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кандидаттарды қамқоршылық кеңес отырысының өтетін күні, уақыты және орны туралы хабардар етеді.
71. Қамқоршылық кеңес кандидаттарды хабардар еткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде бос немесе уақытша бос лауазымға әрбір кандидаттың Мемлекеттік білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспарын тыңдайды және ұсынымдар шығарады. Қамқоршылық кеңестің барлық отырыстарында аудиобейнежазба жазылады. Аудиобейнежазбалар білім беру ұйымдарында бірінші тыңдау өткізілген күннен бастап бір жыл бойы сақталады.
72. Қамқоршылық кеңестің қабылданған ұсынымдары тыңдау өткізілгеннен кейінгі келесі жұмыс күні конкурстық комиссияға ұсынылады.



Достарыңызбен бөлісу:

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет