ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
|
Университет міндеттенеді:
|
|
Білім алушыны Университеттің интернатурасына қабылдау;
|
|
осы Шартты жасасу кезінде Білім алушыны Университет Жарғысымен, білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензиямен, Университеттің ішкі тәртіп қағидаларымен, сондай-ақ көрсетілген құжаттарды ақпараттық стенділерде, кітапханада, Университеттің ресми интернет-сайтында орналастыру арқылы интернатурада оқытуды ұйымдастыру жөніндегі негізгі құжаттармен таныстыру;
|
|
Білім алушыны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес даярлауды қамтамасыз етуге
|
|
Білім алушы мен Университет арасында қолайлы моральдық-психологиялық ахуал жасау;
|
|
Білім алушыға оқуды барынша дараландыру үшін жағдай жасау;
|
|
Білім алушының оқу жүктемесінің, емдеу-профилактикалық жұмысының көлемін және сабақ режимін қолданыстағы нормативтерге сәйкес үзілістермен айқындауға, Білім алушыны оқытудың салауатты, қауіпсіз жағдайларын жасауға;
|
|
Білім алушыға Университет кітапханаларының ақпараттық ресурстарына, оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендерге және оқу-әдістемелік құралдарға еркін қол жеткізуді және оларды пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету;
|
|
Білім алушыға оқу бағдарламалары шеңберінде, Университет басшысы бекіткен жекелеген Ережелерде көзделген тәртіппен және шарттарда тапсырмаларды орындау үшін компьютерлік техниканы пайдалану мүмкіндігін беруге;
|
|
Білім алушының жазбаша өтініші негізінде оны Университет интернатурасының Білім алушылары қатарына қалпына келтіруге, білім беру саласындағы уәкілетті орган және Университеттің ішкі нормативтік құжаттарында белгіленген тәртіппен басқа білім беру ұйымына ауыстыруға;
|
|
Білім алушыны Білім алушының келісімі бойынша және оқу процесіне нұқсан келтірместен қоғамдық және өзге де тапсырмаларды орындауға тартуға;
|
|
Білім алушыға Университеттің ғылыми, мәдени және спорттық іс-шараларына, сондай-ақ Халықаралық ғылыми, мәдени және спорттық өмірге ерікті негізде қатысуға мүмкіндік беру;
|
|
Университет таратылған немесе білім беру қызметі тоқтатылған жағдайда Білім алушылардың басқа білім беру ұйымдарында интернатурада оқуын аяқтау жөнінде шаралар қабылдау.
|
|
жас мамандарды және философия докторларын (PhD) дербес бөлу жөніндегі комиссия шешім қабылдаған сәттен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Қағидаларда бекітілген нысан бойынша білім алушыға жұмысқа жолдама дайындауға және беруге;
|
|
білім алушының Университеттің ғылыми, мәдени және спорттық іс-шараларына, сондай-ақ Халықаралық, ғылыми, мәдени және спорттық өмірге қатысуы үшін жағдайлар жасау;
|
|
Университет базасында ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша жағдай жасау;
|
|
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі» Заңын орындауға;
|
|
Білім алушыға Университеттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын нақты немесе болжамды бұзушылықтардың болуы туралы немесе сыбайлас жемқорлық әрекеттерге қатысудан бас тартқаны үшін адал ниетпен немесе шынайы сенімділікпен жасалған хабарламалар үшін қуғын-сүргінге, кемсітушілікке немесе тәртіптік ықпал ету шараларына ұшырамайтынына кепілдік беруге.
|
|
|