Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім беру қызметін көрсету шарты


Университет БІлім алушыны келесі негіздер бойынша Университеттен шығаруға құқылы



бет4/7
Дата01.11.2023
өлшемі37,47 Kb.
#189025
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Договор(ПР-3509 от 25082023 Версия 1)

Университет БІлім алушыны келесі негіздер бойынша Университеттен шығаруға құқылы:




    1. жазбаша нысанда көрсетілген Білім алушының өз қалауы бойынша, оның ішінде дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтама-қорытындысы негізінде Білім алушының денсаулық жағдайы бойынша;




    1. Білім алушыны басқа білім беру ұйымына ауыстыруға байланысты




    1. Шарттың 3.5-тармағына сәйкес Шартты бұзу кезінде, еңсерілмейтін күш мән-жайлары ұзақ болған жағдайда




    1. Білім алушы Шартты орындаудан бас тартқан кезде;




    1. Білім алушы оқудың қайталап өтетін курсынан бас тартқан жағдайда академиялық үлгерімсіздігі үшін;




    1. Университетпен байланыс жоғалған жағдайда, атап айтқанда:

- Егер Білім алушы ағымдағы оқу жылында немесе академиялық кезеңде оқу жылы (академиялық кезең) басталған сәттен бастап күнтізбелік ай ішінде дәлелсіз себептермен оқу сабақтарына кіріспесе;

  • Егер Білім алушы академиялық демалыс аяқталған сәттен бастап күнтізбелік ай ішінде дәлелсіз себептермен оқу сабақтарына кіріспесе;

- Егер Білім алушы оқу сабақтарында дәлелсіз себептермен қатарынан 30 (отыз) күннен артық болмаса.




    1. Білім алушы академиялық әділдік қағидаларын бұзғанда;




    1. жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын, мүдделер қақтығысын шешу қағидаларын, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стандартын және Университеттің Сыбайлас жемқорлыққа және парақорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі басқа да ішкі нормативтік құжаттарының талаптарын бұзғаны үшін;




    1. Білім алушының Шарттағы 2.3-тармақтың 11) тармақшасында көзделген академиялық нормаларды, Университеттің академиялық саясатын, корпоративтік мәдениет және этика кодексін, Академиялық адалдық кодексін, ішкі тәртіп ережелерін немесе Университеттің басқа да нормативтік құқықтық актілерін бұзғаны үшін.




    1. Білім алушы оқу тәртібін бір рет өрескел неме жүйелі түрде бұзғаны үшін;




    1. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында, осы Шартта, Университеттің академиялық саясатында, корпоративтік мәдениет және Этика кодексінде, Академиялық адалдық кодексінде, ішкі тәртіп қағидаларында немесе Университеттің басқа да нормативтік құқықтық актілерінде көзделген басқа жағдайларда. Білім алушылардың қолданыстағы заңнама нормаларын, Университеттің Жарғысын, академиялық саясатын, корпоративтік мәдениет және этика кодексін, Академиялық адалдық кодексін, ішкі тәртіп ережелерін немесе Университеттің басқа да нормативтік құқықтық актілерін білмеуі білім алушыны олардың орындалмағаны үшін жауапкершіліктен босатпайды және білім алушыны оқудан шығаруға кедергі келтіретін негіз болып табылмайды.




12) Білім алушыны оқу, ғылыми және шығармашылық қызметте ынталандыру және сыйақы беруге;




13) Білім алушымен алдын ала келіспей оның ата-анасына (заңды өкілдеріне) Білім алушыға қатысты оның үлгерімі, тәртібі, оқу құны мен басқа да оқу жағдайлары туралы ақпарат беруге;




14)Шартты бір жақты соттан тыс тәртіппен Шартта және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен бұзуға.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет