Мемлекеттік экологиялық саясат және оны Қазақстан өңірлерінде іске асыру тәсілдері. ҚР аймақтық экологиялық саясатының негізгі бағыттары



бет3/7
Дата14.12.2021
өлшемі3,38 Mb.
#100462
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Экология негіздері

Ғаламдық экологиялық мәселелер — ғаламдық, аймақтық және ұлттық деңгейлерде айқындалған экологиялық мәселелер кешені. Зор геосаяси мәселелердің экологиялық қауіптілігінің мынадай көріністері бар: табиғи экожүйенің бүлінуі, озон қабатының жұқаруы, атмосфераның, әлемдік мұхиттың ластануы, биологиялық әралуандылықтың азаюы және т.б. Олар тек қана барлық елдердің қатысуымен, БҰҰ-ның басқаруымен шешілуі мүмкін.

Экологиялық мәселелердің ғаламдығы орнын шешу үшін барлық елдердің жігерін жұмылдыру қажеттігін тудырып отыр; қарудың барлық түрлерін азайтпай экологиялық дағдарыстан айырылу мүмкін еместігі;



Қазақстан Республикасы үшін экологиялық қауiпсiздiк мәселелерi мен жағдайлары бүгiнгi таңда маңызды орын алып тұр. Мемлекетiмiздiң тәуелсiздiгiмен бiрге жаңа экологиялық қауiпсiздiк жүйелерiн басқару да бой көтерiп келедi. Дұрыс басқару қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттiк саясатын уағыздап, табиғи ресурстарды рационалды пайдалану үшін өте қажет. Өкiнiшке орай Қазақстанда көптеген жылдар бойы өндiрiсте табиғи шикiзаттарды өндiргенде, қоршаған ортаға зиянды қалдықтарды шығару көп мөлшерде болды.

Экологиялық қауіпсіздіктің негізгі міндеттері:

-климаттың өзгеруі мен Жердің озон қабатының бұзылуына душар ететін антропогендік әсерді азайту;

-биоәртүрлілікті сақтау және жердің шөлейттенуі мен тозуының алдын алу;

-экологиялық апат аймақтарын, әскери-ғарыш полигондары мен сынақ кешендерін оңалту;

-Каспий теңізі қайраңының ластануының алдын алу;

-су ресурстарының тозуының және ластануының алдын алу;

-табиғи ластануларды, әуе бассейнінің ластануын, радиоактивті, бактериологиялық және химиялық, оның ішінде трансшекаралық ластануларды жою және олардың алдын алу;

-өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың жинақталу көлемдерін қысқарту;

-табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет