Мемлекеттік қызметке алғанда кедергі болмайды ? ұлты
лауазымды адам – билiк өкiлiнiң функцияларын тұрақты, уақытша немесе арнайы өкiлеттiк бойынша жүзеге асыратын не мемлекеттiк органдарда немесе жергілікті атқарушы органдарда ұйымдастырушылық-өкiмдік немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды орындайтын адам;
тәлімгер – мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған адамға бекітілген, оның кәсіби бейімделуіне практикалық көмек көрсететін мемлекеттік қызметші;
құзыреттер – нақты мемлекеттік лауазымда тиімді қызмет атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың жиынтығы;
уәкілетті комиссия – осы заңның талаптарына сәйкес, мемлекеттік әкімшілік қызметіне азаматтардың кіруі, оны өткеру және тоқтату мәселелерін қарастыру жөніндегі және мемлекеттік органдарға шетелдік қызметкерлерді тарту мәселелерін қарастыру жөніндегі комиссия;
бонус – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметшілерге олардың қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша белгіленетін ақшалай төлем;
үстемеақы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісіне белгіленген лауазымдық айлықақысына ақшалай қосымша ақы;
ротация – осы Заңға сәйкес мансаптық жоспарлау шеңберінде «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін олардың келісімімен лауазымдық ауыстырулар
тағылымдама – мемлекеттік қызметшілердің, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадр резервіне алынған адамдардың мемлекеттік органдардың жолдамасы бойынша тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде кәсіби білім алуы мен тәжірибе жинақтауы;
Мемлекеттік қызметшінің заңсыз өкімді орындауының салдары үшін кім жауап береді? осы өкімді растаған басшы жауап береді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін және санаттар тізбесін кім бекітеді? Президент
Мемлекеттік қызметшіге қай қордан жалақы төленеді? жалақы