Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
АБАЙ МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ
Инженерлі-экологиялық факультет
Ақпараттық жүйелер және информатика кафедрасы
Мемлекеттік (комплекстік) экзаменнің Оқу бағдарламасы
ПӘН : МАТЕМАТИКАЛЫҚ АНАЛИЗ
Мамандық : Информатика Инф-21
Оқу формасы күндізгі
Кокшетау, 2017
Математикалық анализ
3 кредит
Курстың қысқаша мағынасы: Берілген курс университтеттегі «ақпараттық жүйелер» мамандығын дайындауға, жоғары математика фундаментальды білімдерін нығайту үшін, математикалық есептерді шешуге математикалық логиканы қолдану қабілеттерін арттыруға арналған. Курс келесі бөлімдерді қамтиды:туынды,интеграл,катарлар,дифференциалдық теңдеулер.
Курс мақсаты: «математикалық анализ» пәнін оқыту «ақпараттық жүйелер» мамандығының бакалавр дайындау бойынша қойылған талаптарға сәйкес жүргізіледі. Негізгі мақсаттары:
- көрсетілген бөлімдер бойынша математикалық логиканы игеру;
- қолданбалы және практикалық есептерді шеше білу;
- алған білімдерін математикалық есептерге қолдана білу;
- математикалық мәдениетті игеру.
Пәннің негізі « ақпараттық жүйелер » мамандыгы бойынша ГОС бойынша негізгі міндеттерді орындау. Оқыту барысында келесі міндеттер қойылады:
- математикалық анализ курсының негізгі ұгымдарын және оның әртүрлі салаларда қолдануын оқып білу ;
- классикалық және қазіргі математикалық анализдің негізгі ұгымдарын, заңдарын, теорияларын, сонымен қатар нақты есептердің шешу әдістерін меңгеру ;
- игерілген математикалық әдістерді іскерлікпен қолдану;
- студенттердің математикалық интуициясын дамыту;
- студентердің математикалық мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Осы пәнді оқыту барысында студент білу керек:
- математикалық анализдің аппараттарын қолдана отырып математикалық модельдерді құра білу;
- математикалық модельдерге арнап математикалық есептерді қоя білу;
- қолайлы математикалық әдістер мен есептер шешімінің алгоритмін таңдап білу;
- сапалы математикалық зерттеулерді іске асыру.
Достарыңызбен бөлісу: |